Оқушы
жұмысы
Тәуелсіз Еліме
хат
«Бірлігі жоқ ел
тозар,
Бірлігі күшті ел
озар» (Ел
аузынан)
Елім менің, мен Сенің
Тәуелсіздік құшағыңда дүниеге келген бір бақытты перзентіңмін. Мен
дүние есігін ашқалы Тәуелсіз елімнің, яғни Сіздің бауырыңызда өсіп,
жетіліп, қанаттанып, Сіздің Тәуелсіздігіңіздің жемісін көріп
келемін. «Сіздің тағдырыңыз, тарихыңыз қандай болған екен?» - деп
ойлаушы
едім. Сіздің тарихыңызды
бесікте жатқан кезде, анам мен әжемнің өлең – жырларынан таныдым.
Ер жетіп, мектеп табалдырығын атағаннан соң ұстаз алдынан танып,
Сіздің басыңызға түскен тағдыр тауқыметінен, барлық қиындықтан
мойымай өтіп, ұрпағыңызға қойны толмас байлық, ел қызығар табиғат
сұлулығын, аспанмен ұштасқан ұшы–қиыры жоқ кең байтақ жер, мәңгілік
ұмытылмастай Тәуелсіздікті сыйға тартқандығыңызды таныдым. Ал, осы
Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздіңіз? Мен оны Сіздің тарих
парақтарыңыздан оқи отырып, Сіздей елімді мақтан етіп, сәби жүрегім
қуанышқа бөленді.Ер жетіп, Тәуелсіздіктің жемісін көріп келемін.
Тәуелсіз елім, Сіз маған не
бердіңіз?
-
Сіздің бауырыңызда, туған
жерімнің топырағында достарыммен құлын – тайдай тебісіп өсіп, еркін
күлдім;
-
Сіздің бауырыңызда, анамның
жылы алақанын, әкемнің мейірімді қамқорлығын көріп, бауырларыма
апалық жылы шуағымды шаша білдім;
-
Сіздің бауырыңызда, әрбір
арайлап атқан шұғылалы таң, маған қуаныш, бақыт, жақсылық
сыйлады;
-
Сіздің бауырыңызда, мектеп
табалдырығын аттап, ұстаз алдында шәкірт
атандым;
Әр елдің мақтан етер қазынасы
болады екен... Тәуелсіз Елім, Сіздің басты байлығыңыз – ұрпаққа
аманат етіп қалдырған, қойнауы байлыққа толы, бауырында төрт түлік
малы жайылған, жарқыраған айдын көлі бар,
табиғаты
сұлу – кең байтақ Жер. Әр
елдің іргетасы- жері болса, жер туралы аңыз
естідім:
«Баяғыда бір хан болыпты, сол
ханның сұлу қызын сұрап, көрші елден шапқыншы келген екен.
Уәзірлері «Қызыңызды бермеңіз»- деп ақыл айтады. Хан
жауабы:
- Жоқ, көрші елмен тату
болайық, - деп қызын береді. Біраз уақыттан соң шапқыншылар ханның
«жүйрік тұлпарын»- сұрап келіпті.Бұл жолы да хан келіседі.
Шапқыншылар үшінші рет «жер» сұрап келеді. Сол кезде уәзірлері,
«Жер көп, берейік»- дейді.
Хан ызаланып: «Жоқ! Қыз,
тұлпар менің меншігім, сондықтан мен оларды сыйға тарттым. Ал, Жер
– халық байлығы, Жер – мемлекеттің іргетасы. Оны беруге ешқандай
құқым жоқ, соғысқа дайындалыңдар!», - деп бұйырған
екен.
Міне, Елім осы аңыздан
Тәуелсіз елдің тұғыры, құдіреті жер екенін танып – білуге болады.
Ел байлығы-Жер үшін Қазақ елінің әрбір азаматы жауапты.
Тәуелсіздікте жаңғырған Елім, қазір қандайсыз? Сіз азатсыз,
биіксіз, Сіздің Тәуелсіздігіңіздің арқасында ұрпақ өсіріп, еңбек
етіп, жетістікке жетіп, Сіздің өсіп – өркендеуіңізге өз үлестерін
қосуда. Сіз туғызған мүмкіндіктердіпайдаланып, терең білім алып,
жетістіктерге жетіп, Сізді әлемге танытуды армандаймын, Сіздің
мақтан етер бір ұрпағыңыз болғым келеді.
Адамзат алдында әр уақытта
таңдау тұрады: жақсылық пен жамандық, жарық пен қараңғылық,
махаббат пен зұлымдық, білім мен надандық, осы таңдау жолында мен
Сізді ұялтпай, өмірімді өзіңізбен егіз санап, тек Жеңіс тұғырында
Тәуелсіз еліммен қатар тұрамын- деген ой-арманым мені жетелеп
келеді.
Тәуелсіз Елім, қыран қанатың
талмасын! Жарқын, бейбіт заманда ғұмыр
кешейік!Хат
жазушы: Тәуелсіз ел ұрпағы –
Жанаргүл.
Жас ұрпақтың тіл байлығын
молайтып, сөйлеу шеберлігін арттыру үшін, халықтық тілдің
телегей-теңіз бай қазынасын халық ауыз әдебиетінен мүмкіндігінше
терең игертіп, оның қилы-қиын кезеңдері мен қызық құбылыстарын жете
түсіндіріп, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұлан-ғайыр өзгерулер
мен өңдеулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен
құлпыртуларды дәл аңғара білген жөн. Шығармашылық жұмыста жазба
жұмыстарының тың үлгілерін тауып, талапқа сай жазып шығумен қатар
әр жазған сөзіңнің нысанаға дәл жетуін, оқырманның сезіміне әсер
етіп, жақсы сөз бейне шамшырақ, орнаған мықтап көңілге- деп Жамбыл
атамыз жырлағандай болғаны абзал.