Материалдар / Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шығармашылық қабілетті дамытуға әсер етеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2018
385
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз Қазақстан Тәуелсіздік - шоқтығы биік,қасиетті ұғым. Еркіндік таңы атқан ерекше қастерлі сөз. Сан ғасырлық тарихта осы бір ұғымның алар орны ерекше. Біз үшін Тәуелсіздік - бүгініміз бен ертеңіміз үшін жан аямай күрескен ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегі, бізге қалдырған аманаты. Жаратқанның бізге берген сыйы. Еліміз қанша қиындықты өткерді. Қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Сол қиын-қыстау кезеңдегі халықтың алға қарай ұмтылысы, жарқ етіп үміт отын ұялатқан әрбір оқиға, Отанға деген ыстық махаббат- осы күннің жемісі. Сол бір қасиетті ұғымды біз жүрегімізбен сезінеміз. Жер бетінде Отанының болашағын, еркіндігін, тарихын, діні мен тәуелсіздігін ойламайтын жан жоқ шығар. Әр азаматтың жұдырықтай жүрегінің жұмылып, бір соғуы - Тәуелсіздігіміздің беріктігі. Ал, Тәуелсіздік – кез келген халықтың үлкен әрі қымбат байлығы. Еліміз қаз-қаз басқан сәбидей қадам басып, Тәуелсіздік тұсауын кестіргеннен бастап, дәуір жалынан ұстап, қазығын бекем қаға білді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан көпұлттылығымен, қуатты экономикасымен, саяси жүйесімен әлемге танылды. Айбынды еліміздің астанасы «Әлемнің қаласы»атанып, бейбіт мекенге айналды. Бізге осы Тәуелсіздікті алып келген Ұлылардың ұрпағы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ерекше атап өткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тәуелсіздік жолында алтын көпір орнатты. Ол кісінің әрбір жолдауы осы алтын көпірді нық ұстап тұратын, жарқын болашаққа жеткізетін тіреуі іспеттес.Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы халқымыздың бірлігін сақтай отырып, шетелдегі қандастарымызды елге қайтаруға және салиқалы саясатты ұстанып, ел болуды өз алдына мақсат етті және мақсатына жетті. Қазіргі таңда Қазақстан достық пен татулықтың мекені. Елбасы бір сөзінде «Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, ай сайын қорғау керек, жыл сайын қорғау керек» деген еді. Яғни, беттен қағар желдің есуінен тайсалмауымыз қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы халық үшін еңбек етуді бақытқа балап, осы тұжырымды артынан ерген жас ұрпаққа насихаттады. Азаттық пен жауаптылықтың қосындысынан Тәуелсіздіктің формуласын құрды. Жауаптылықтың арқасында дамудың дұрыс жолын таңдап, күш-қайратымызды нығайта түсті. Ол кісінің бастауымен еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді. Сондай-ақ, кемел болашақ үшін «Рухани жаңғыруға» жол бастады. «Рухани жаңғыру» жолында ежелден қалыптасып келген асыл мұрамыз бен құндылықтарымыздың дамуына септігін тигізді. Тұғырлы Тәуелсіздігімізді және ғұмырлы мемлекетімізді сақтап қалу үшін еш аянбай еңбек етіп, мәнді де мағыналы ғұмырымыздың мәңгі болуына қадам басты. Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма? Әрине, жоқ. Оңайлықпен еш нәрсе келмейді. Тәуекелсіз тәуелсіз, арпалыссыз азат болмақ емес. Әр нәрсенің өзіндік қиындығы бар емес пе. Сол себепті, ата-бабаның қасиетті қанымен келген тәуелсіздікті қадірлей, қастерлей білуіміз керек. Бізді алда әлі талай сын белестер күтіп тұр. Сан түрлі соқпақтар мен биік шыңдар алдымызда. Егер, Елбасымыз айтқандай білекке-білек, жүрекке-жүрек, тілекке-тілек қоса білсек бағындырар белесіміз көп. Ең бастысы Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау. Бұл Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр азамат үшін үлкен мақсат. Тәуелсіз Қазақстан болу үшін қаншалықты қажыр-қайрат кетсе, оны сақтап қалуға да соншалықты қажыр-қайрат жұмсауымыз керек. Ел болудың ең ауыр белесінен өттік. Елдің Тәуелсіздік жолындағы көрген қиындығы артта қалды дегенмен, алдымызда қызығы мен шыжығы қатар даңғыл жол жатыр. Қазақстан осы даңғыл жолдан сүрінбей келеді. Еліміздің сүрінбей келуі азаттығымыздың белгісі деп білемін. Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті екені белгілі. Оны баянды ете білу өз қолымызда. Бақыттың баянды жолында қаншама батыр бабамыз өз парызын адал орындап, осы күнге жеткізді. Ендігі кезек бізде. Тәуелсіздік туын берік ұстап, өткеннің мұрасын келер ұрпаққа аманатпен жеткізу – біздің борышымыз. «Болашағы бар ел өткенімен де бүгінімен де мақтана алады» деген сөз бар. Біздің өткеніміз бен бүгініміз мақтануға тұрарлық. Болашағымыздыңда мақтануға лайық болуын Жаратқан ием нәсіп еткей!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ