Кириченко
Екатерина,
Подленый негізгі
мектебінің
6-сынып
оқушысы,
мұғалімі Төлеева
А.Қ.
Эссе
Әр Қазақстанның азаматы
айрықша күнін есте сақтайды және онымен
мақтанады.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған. Қазақ
халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Қазақтың көптеген қайсар
батырлары қазақ елінің еркіндігі яғни тәуелсіздігі жолында күресіп
жеңіске жеткен. Осындай қазақ батырларының ерен ерлігінің
арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналып отыр. Қазақ
елінің тәуелсіздігінің басты белгісі - оның рәміздері. Қазақстанның
үш рәмізі бар. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран. Сонымен қатар
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан халқымыздың өзіндік
валютасы да бар. Қазақстанның валютасы 1993 жылы 15 қарашада
«теңге» болып қабылданды.
Қазақстан-дүниежүзі
халықтарына танылған мемлекет. Ол жер көлемі жағынан барлық
мемлекеттердің арасынан тоғызыншы орында. Ал халқының саны он жеті
миллионнан астам. Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Мысалы: қырғыздар, орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кавказдар
т.б. көптеген ұлт өкілдері бар. Бұл нәтижеден Қазақ елінің
қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет екенін түсінуге
болады. Қазақстан күн сайын дамып, өркендеп, көркейіп келе жатыр.
Қазақстанның көптеген қалалары күннен күнге көркейіп, түрлі
ғимараттар, өнеркәсіп орындары, көз тартарлық құрылыстар салынып
жатыр. Қазақ елі мақтауға лайықты, әртүрлі пайдалы қазбаларға,
мұнай мен газға басқа да көптеген нәрселерімен бай. Әрине, осы
жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Сонымен қатар Қазақ
елінің дамуына Қазақ халқында тұрып жатқан әрбір азамат үлес қосуы
міндет деп ойлаймын.
Мен бақыттымын! Себебі, мен
тәуелсіз елдің азаматымын, мен оның кішкентай да болса бөлшегімін,
мен оның ертеңімін. Бүгін партада отырған шәкіртпін, ертең
Қазақстанның келешегімін. Қанаты қырқылмаған, көкке қарай еркін
өрлеген қыранмын. «Қазақстандық» десе, соққан жүрегім лүпілдеп, бет
ажарым жадырап, «Мен қазақстандықпын» деген мақтаныш толы сезімге
бөленемін. Мен Қазақстанды сүйемін, мен онымен бірге күйемін, бірге
қуанамын.
Ынтымағымыз жарасқан,
біріліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының
тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш
болғай.