Қызылорда қаласы №14 «Самал» бөбекжай
бақшасы
Тәрбиеші Қожанова Салтанат
Қасымқызы
Тақырыбы:Тәуелсіздік -
елімнің ерлік жолы!
Мақсаты :Балаларға желтоқсан оқиғасы
арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне
қол жеткізгендігімізді ,осы тәуелсіздікке жету жолында талай
боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге
жете ұғындыру ,оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге
,құрметтеуге,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,ел мен
жердің қадір-қасиетін ұғынуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері
:Еліміздің рәміздері,нақыл
сөздер,Желтоқсан құрбандарының
суреттері
1-Жүргізуші:Қазақстан
–егеменді ел,тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған
бел
Көкке өрлеген байрақты
желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты
ел
2-Жүргізуші:Тәуелсіздік-бастауы бар
бақыттың
Тәуелсіздік-ұлтың менен
ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай
азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап
күн!
Көк
байрағы ,Елтаңбасы,бірлігі!
Шалқи берсін Әнұраны
Қазақтың!
Хор:Әнұран .
Самал балабақшасының Меңгерушісі Сағыныш Өмірсерікқызына сөз кезегі
беріледі.
1-Жүргізуші:Ата –бабамыз
армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкке
желбіреді.
Бахнұр
1. Он алтыншы Желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мереке ел тосқан
Атамменен барғанмын
Мерекеге шығады
бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлы той
Ернұр
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем
Әлібек
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанға шықты алаңға жастарым
Ән ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн
Нұрилла
Тәуелсіздік ел мұраты
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатын берік сенім
1-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін
ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар
рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны
ерекше.
2-Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін
жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан
ұмытылмас.
1-Жүргізуші: Ендеше ,сол Ұлы
мерекеге арналған «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты мерекелік
шарымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ән : мәнерлеп оқу Бахнұр
Би: Қара жорға
Тақпақтар
айтылады
Адия
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық
Азаттық өзімізді құрсаудан босаттық
Ақтардық біз ата-баба үмітін
Қолдап қазір көк ту менен бостандық
Нұрымжан
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ажырамас бір
елі
Алтын заңым арай
таным
2-Жүргізуші:Бақтың құсы әр
адамға қонып бір
О ,Тәңірім бізді баққа
жолықтыр!
Бүгін міне
Тәуелсіздік,ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып
тұр!
Ән: Нұр Отан
хор
1-Жүргізуші: Аяз қысып ,төкті
қыс та қаһарын
Сиретпеді жастар бірақ
қатарын
Қайдан білсін милиция
қорғаны
Ұрып-соғып суық сумен
атарын!
2-жүргізуші: Желтоқсан
оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық
инженері «Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды.Желтоқсан
оқиғасының Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс
назарларыңызға ұсынамыз.
Абақты іші Қайрат хат жазып
отыр.
Автор сөзі:Гүлмирапай
сөйлейді
Әкетай-ау пайғамбардай жасың
бар
Туа бермес сіз секілді
асылдар
Қартайғанда жүрегінді
жаралап
Кесір болды-ау біз секілді
масылдар
Айналайын қарындасым
қарағым
Қолда кісен мен айдауға
барамын
Қайғы шегіп азап тартқан
ағаңды
Айтшы жаным қандай жанға
баладың
Айналайын інішегім
,құлыным
Сені ойласам үзіледі
жұлыным
Сенің ерке ақ жүзіңді көре
алмай
Кетіп барам мен айдауға
құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас
ұлынды
Құпия шерттім осы жан
сырымды
Қош
енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығын
жасырыңды
Қайран анам күзеткенің
түгелме
Көктеректе жазықсыз екенімді
білеме
Бейшараңды мазақ етіп жоқ
әлде
Саған дағы елің,жұртың күле
ме?
Осы
сәтте тергеушілер кіріп келеді.
Мақсат :Иә ,Рысқұлбеков тағы да хат жазып
отырмысын?
Сен
18 желтоқсан күні сағат 10де қайда
болдың?
Нұрмұхаммед :Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде
болдым.
Нұрымжан :Жоқ сен өтірік айтпа .Сен Савиицкиді өлтірдің
.Сен оның өліміне кінәлісін.
Нұрмұхаммед :Мен ешкімді өлтірген
жоқпын.
Мақсат : мойында !Мойындасаң жазаң
жеңілденеді.
Нұрмұхаммед :Жасамаған нәрсені қалай мойындаймын.Бұл жала
ғой
Нұрымжан :Бұдан ешқандай пайда жоқ,оданда ісін сотқа
түсірейік.
Мақсат:жарайды онда өзінен
көрсін.
Автор:Елім деп ,қазағым деп айдай әлемге жар
салып,ұлтының намысын қорғаған даланды ,жігерлі азамат Қайрат
Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.
Автор:Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге
әкеліңдер!
Айыпкер Қайрат қылмыскер деп танылып 3 жылға бас
бостандығынан айырылсын,жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына
танылсын.
Рамазан :Айыпкер ақтық сөзіңді
айт
Тұрсын:
21
де жасым бар
Күнәдан таза басым бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мақсат:Алып кетіңдер мынаны .
Милиционерлер алып
кетеді.
1-Жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым
бұл
Ей
келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он
бір әріп не мағына береді
Ал
талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т
–білдіреді теңдікті
Ә
–әдептілік ,өрлікті
У
–уайымсыз уақытты
Е
–егемендік елдікті
Л
–дейді лағып лепірме
С
–сенімділік секілді ең
І
–ілтипат пен ізет ғой
З
–зиялылық тілек қой
Д
–шақырады достыққа
І
–ілкімді боп сақтыққа
К
–дейді күн бол көктегі
2-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып
зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді
көктен
Шылбыр үзді даланың
арғымағы
Тәуелсіздік жалауын
желбіреткен
1-Жүргізуші:Жеттік міне осы күнге көптен бері
аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын
жұмсаған
Осы
күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл
күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Азаматтарымыздың арқасында ата –бабаларымыз үш
ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол
жеткіздік.Халқымның ар –намысы үшін қаза болған ұл-қызының
еңбектері ақталды.
2-жүргізуші:Міне бүгінгі кеште өз мәресіне
жетті.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,халқымыздың еңсесі
жоғары,егемендігіміз баянды болсын.
Хор Егеменді
қазақстан
Мың
жаса ,Тәуелсіз қазақ елі!