Тәуелсіздік- ел
тірегі
Ертеңгіліктің
мақсаты: Егеменді еліміздің
болашағы-жас ұрпақтар.Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың
бойына Отан деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге,
оларды қорғай білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайтып, тілдерінің
дамуына ықпал еті.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты
балалар! Сіздерді салтанатты мереке 16-желтоқсан тәуелсіздік
күнімен құттықтаймыз. 16-желтоқсан тәуелсізідігіміздің 26 жылдығына
орай өткізейін деп отырған «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жаңарған берекелі еліміз
бар,
Даласы гүлге толған жеріміз
бар.
Кең өлкем, байлығы мол
ынтымақты,
Шалқыған айдын шалқар көліміз
бар.
-Бұл қай ел
балалар?
-Қазақстан-біздің
ел.
-Сендердің туған жерлерің қай
жер екен балалар?
-Туған жеріміз.
Отанымыз-Қазақстан.
-Елбасымыз
кім?
-Нұрсұлтан
Назарбаев.
Қазақ халқы еркіндікке жету
үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді. Мыңдаған жылдық
тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Әрбір мемелекеттің
ғасырлық тарихына байланысты рәміздері
бар.
Мемлекеттік рәміздер: Ту,
Елтаңба, Әнұран –халқы бірлігінің белгісі.
Мемлекетік рәміздерді құрметеу
әрбір адамзаттың міндеті.
Сарбиназ:
Рәміздерім елдігімнің
белгісі,
Білу керек бала- дағы ең
кіші.
Рәміздерім Әнұран,
Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн,
кісі.
Ал, балалар енді туды қарсы
алайық
Айнұр:
Сүйесің ғой
даланың,
Гүл жайнаған
алабын.
Білесің ғой сен
бірақ,
Қазақстан
жалауын.
Жүргізуші:
1)ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір
түсті.
2)Бұл көгілдір түс ашық
аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.
3)Тудың ортасында алтын күн
баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр.
4)Ортасында қалықтап ұшқан құс
бейнеленген.
5)Қыран құс-ерліктің
белгісі
Туға байланысты
тақпақ.
Зере:
Айнымайды
аспаннан,
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда,
Биікке іліп
қояды.
Ал, Елтаңбаға байланысты
жаттаған тақпағын Мағжан айтады.
Мағжан:
Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй.
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй,
Бұл таңбасы
елімнің,
Елдігімнің
белгісі.
Әнұранға байланысты
тақпақ.
Бағлан:
Әнұраным-жанұраным,
Жүрсем егер дүние
кезіп,
Айтар әнім, сөйлер
сөзім,
Туған жерім
сағынарым.
Жүргізуші:
Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол
Әұран
Сезім биігі, төзім шыңы,
ол-Әнұран
Әннің асылы, ұранның басымы,
ол-Әнұран
Қазақстан Республикасының
Әнұраны орындалады.
Жан:
Ер жетіп үмітіңді біз
ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз
сақтармыз.
Қасиетті жер-ана, ауыл
елді,
Көркейтетін болашақ
біз-жастармыз.
Нұртас:
Қазақстан-елім
менің,
Қазақстан-жерім
менің
Саған арнап айтылады әнім
менің
«Алға Қазақстан»
әні.
Тамирлан:
Мен оның түнін сүйем, күнін
сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін
сүйем.
Мен оның қасиетті тілін
сүйем,
Мен оның құдіретті үнін
сүйем.
Зарина:
Отан-жерім,
Отан-суым,
Отан қуат, нәр
береді.
Отан ұран,
Отан-туым.
Отан мәңгі
гүлденеді.
Би:
«Батырлар»
Жүргізуші:
Биік ұш бибітшілік
көгершіні,
Асып от келер мұхит келер
шыңды
Қанатыңды қаққанда бірге
естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл
үні.
«Ақ көгершін»
әні.
Бөлмеге бибітшілік сиволы-ақ
көгершін ұшырылсын.
Құрметті ата-аналар, қонақтар!
Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған
«Тәуелсіздік-ел тірегі» атты ертеңгілігімізге келіп, көріп
тамашалағандарыңызға, көп, көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін,
аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес,
бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының
ұйқысы тыныш болсын. Сау болыңыздар!