Күні: 05.12.2018
Тақырыбы: «Тәуелсіздік
– мәңгілік ел тұғыры»
Мақсаты:
1. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған
жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс
бағыт-бағдар беру
2. Өз
елінің тарихын сыйлай білуге,оны мақтаныш сезіммен айтуға
жаттығу
3. Оларды патриоттық рухта
тәрбиелеу
Көрнекілігі:
ҚР 1991-2017 жылға дейінгі тарихынан
үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар, буклеттер, карта,
фотосуреттер, үнтаспа.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
(Мемлекеттік әнұран
орындалады)
1-
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,
қонақтар!
Сіздерді
еліміздің ең атаулы мерекесі 16- шы желтоқсан Тәуелсіздік
күнімен құттықтаймыз.
Тәуелсіздік биік болсын
тұғырың,
Тарылмасын терең алған
тынысың.
Ұзақ
болсын, ұзақ болсын ғұмырың,
Бодан
болған күндеріміз құрысын.
2-
жүргізуші:
Басынан бұл қазақтың нелер
өтті.
Жамандық
пен жақсылық бәрі кетті.
Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған
соң,
Аңсаған
еркіндікке қолы жетті,-
дей
отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 1991 жылы 16
желтоқсанда жарияланды. Егемен ел атандық. Міне, енді өз
әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,
халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік
ағайын!
1-
жүргізуші: 1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі
сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін
қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына
арналады.
Желтоқсанның ызғары- ай,
Кірпікке
қатқан мұздары- ай
«Елім-
ай» деп егілген
Ұлдары
мен қыздары- ай.
2-
жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары
тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне, осындай
ұмытылмас оқиғадан бері көптеген уақыт өтті. Өмір- өзен толқындары
сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі
ұмытылмас бір нәрсе қалды. Осы
желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз Қайрат
Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев
сынды жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут
үнсіздікпен еске алайық!
(Бір минут
үнсіздік).
1-оқушы: МАРАЛЫМ:
Тәуелсіздік бақытына
оранып,
Елім
жатыр шаттығына қуанып.
Желбірейді көкте туы әдемі,
Егемен
ел бал дәуренін өткеріп.
Қазақ
елін - туған жерді сүйемін,
Туған
елім бірге жаным сүйегім.
Үлкен
өмір сырларынан ой түйіп,
Намыс үшін өртенемін,
күйемін.
Болмақ емес көңілімде ой
бөтен,
Адал ойды қиялымда
тербетем.
Қазақпын деп әлемге жар
салып,
Асқақтаған армандарға жетем
мен!
2-оқушы: ЖАНБОЛАТ: 16 желтоқсан
күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет
жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды,
қанша ана аңырап баласын жоқтады?! Тірі қалғандары қуғынғы
ұшырады, оқудан, жұмыстан шығарылды. Оларды кейіннен ақтағанмен,
бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған
аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас
тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы
қолдасын.
3-оқушы: АЖАР: Тәуелсіздік -
ұлы рух. Ұлттық бақыт. Желтоқсан оқиғасы мен қоғамның, тарихтың,
ұлттық жаратылысында бір құдіретті заңдылық,
өзекті тұтастық бар.
4-оқушы: ЕРКЕБҰЛАН: Желтоқсан оқиғасы - халқымыздың ұлттық намысының
оянуы, саяси сананың өсуі. Сан ғасыр, сан жылдар көрсетіп келген
әділетсіздікке, шындықтың шексіз бұрмалауына қазақтардың көрсеткен
қарсылығы - тарихи құбылыс.
5-оқушы: НҰРБЕК: Желтоқсан көшесі -
қанқожа болған жастарымыздың ояну кезеңі, жан дауысы. Желтоқсан
көшесі - әділет жолындағы жаңғырықтың бастамасы, қазақ ұлтының үлкен
шеруінің тұсаукесер көшесі.
6-оқушы: САРА:
Жалғасып
соғыс өтті сан ғасырға,
Біз
көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме
тәуелсіздік келіп жетті,
Мыңжылдық күрестердің
арқасында.
Жаңғырды
халқымыздың мың өшкені,
Бар
мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін
мәңгілікке жалғасады,
Ақыл-ой,
ар-намыстың күрестері.
7-оқушы: САЯНА:
Қуаныштан қалай кеуде
көрмесін
Бұл
күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ
түйенің қарны міне, жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін,
дербеспін.
ӘН:
«Желтоқсан желі»
орындайтын:
1-
жүргізуші: Өз елінің тәуелсіздін талап етіп, шеруге шыққан
жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Көптеген
студент- жастар оқу орнынан шығарылды.Тәуелсіздік жолында Қайрат
Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты қазақ
жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік
көрсетіп, құрбан болды. Олардың істері бізге өнеге, өкініштісі
боздақтардың осы күнге жетпеуі. Біз әрдайым Қайраттың жалын жүректі
үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен
келбетіне бас иеміз.
2-
жүргізуші:
Желтоқсанда,
Ақ
қырауда,Ақ қарда
Алма
бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене
күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың
оты жалаң қақты шатқалда.
Аппақ
қала! О, тоба!
Найзағайдай қар жалап тұр
жотада.
Бұлтты
иітіп боздайды боз шынарлар
Бұйдаланған ұқсап жетіп
ботаға.
Кім көріпті о заманда, бұ
заман,
Найзағайдай көк аязға
құлаған.
Кеуделерге үрей- бөрі ұлиды
Болсайшы аман, мына ғалам,
дін аман!
1-жүргізуші: Маңдайына жазылған аз ғана
ғұмырдың соңғы сағатына дейін рақым күтіп, кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екендігін сезе
бастаған.
Ол- оқ
қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын теріс
түсінген көзқарастарға арналған оқ
еді.
2-жүргізуші: Бостандық пен жарық сәуле үшін
арпалысып жатқан да, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрді. 500
күннен аастам өлім жазасының камерасында өзегі талып, үгіт пен үрей
құшағында отырған Қайрат енді 20- жылға Свердловскіге айдалып бара
жатып, кенеттен Семейден бір- ақ
шықты.
Көрініс:
«Сол бір күнде» атты
Қайраттың өмірінен көрініс
Хатшы: -Кезекші! Қылмыскер Қ.
Рысқұлбековті алып келіңдер!
Тергеуші: -Халық жасақшысы Савицкийді
өлтірдің бе?
Қайрат:
- Жоқ, мен
емес.
Тергеуші:
-Сен өлтірген. Мойныңа
ал.
Қайрат:
- Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала
жаппаңдар.
Хатшы: -
Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Сот:
- Қылмыскер Қ.Рысқұлбеков, сіз
желтоқсанның 17, 18- күні алаңға бардыңыз
ба?
Қайрат:
-Иә, бардым. 17 желтоқсан
күні.
Сот: - Не
мақсатпен.
Қайрат:
Ол жерге барған себебім: біріншіден айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін
бардым. Екіншіден
алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып- соғып жатыр деген соң
бардым.Оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қаракөз
қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол
үшін өкінбеймін, керісінше, мақтаныш
тұтамын.
Сот: - Сен, 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың
ба?
Қайрат: - Жоқ! Ондай жалғандықты
мойындамаймын.
Хатшы: -Сот кеңесуге
кетеді.
Хатшы: - Сот келе жатыр.
Тұрыңыздар!
Сот: - Қазақсатн
Республикасының жоғарға соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат
Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты және 9
автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен
196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату
жасазына үкім шығарды.
Қайрат:
- Жоқ. Бұл әділдік емес. 21
жасар мені осынша қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғанмен,
ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар!
Елім деп еңіреген ерлер аз
емес халықта.
Хош, аман бол
артымда,
Ағайын- туыс,
азамат,
Артымда қалған ата-
анам,
Ел жұртым саған
аманат!
Анасының зарлы
даусы:
-Балам, балапаным! Оның не
жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым!
Қайратым!
1-жүргізуші: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі
Жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан
айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған
жоқ.
(Сырттан Қайраттың
хаты оқылады)
Қайраттың
хаты: «Міне өздеріңіз
естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге
қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғаным жоқ, өйткені,
асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан
жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды.
Әбден шаршадым, сол себептен 20 жыл бойы өз- өзімді қинағым
келмейді. МЕНІ КЕШІРІҢІЗ. ҚОШ АМАН БОЛ АНАШЫМ!»
(Залдан екі қыз анасын
алып кетеді)
2-жүргізуші: Қ.Рысқұлбеков
21 мамырда семей түрмесінде 21 камерада қаскөйлікпен қаза
болды.
(ВИДИОРОЛИК ҚЫСҚАША
желтоқсан (02:12 минут))
ӘН:
«16 желтоқсан»
орындайтын: Абай
Сара
1-жүргізуші: Араға жылдар салып тарих қойнауына
кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы, ондағы халқымызға
жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың
біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып,
1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке
тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 жылда «Қазақстан
Республикасының демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы»
Республика Президентінің жарлығы
шықты.
2-жүргізуші:
Бір-
біріме тату- тәтті тұрады,
Бәрінің
де Қазақстан тұрағы.
Туған
жерге тебіренген сәттерде
Ағылады өлең – жырдың
бұлағы.
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес,
аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген
империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел
құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге
төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы
Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның,
Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл
күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті
2-жүргізуші:
Кім
мақтасын, армансыз құр жатқанды.
Көп
аңсадық, армандадық ақ таңды.
Киелі
ғой, тәуелсіздік, дербестік,
Егеменді
елімізге мақтандық.
ХОР:
«Бақытты Қазақстан»
1-жүргізуші: Құрметті жиналған
қауым!
Сіздерді
тағы да тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын
болашақ, ұрпағымызға саулық
тілейміз.
1-2
жүргізуші: Келесі кездескенше, аман сау
болыңыздар!