Материалдар / "Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!"- атты танымдық кеш 7-8 сыныптар

"Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!"- атты танымдық кеш 7-8 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!"- атты танымдық кеш, 7-8 сыныптарға өткізілген. Мақсаты: желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсінуге тәрбиелеу. - Отан - Ананы құрметтеп, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. 16 желтоқсанға қарсы кластан тыс іс-шара ретінде өткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
1968
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан!»Көрнекіліктер: «Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды, «Желтоқсан желі» атты видео таспалар көрсетіледі.Мақсаты:  - Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір - қасиетін түсінуге тәрбиелеу. - Отан - Ананы құрметтеп, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. - Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. - Патриоттық сезім қалыптастыру.Кештің барысы:1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы -Желтоқсан» атты кешімізге қош келдіңіздер!2 - жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Тәуелсіздік - Тәуелсіздік дегенде ойыма еркін жүріс, күлкі, бостандық, мұрныма азаттықтың жұпар иісі, аузыма «алақай!»-деген сөз түседі. Кімде-кім болса да мал- мүлікпен, алтынмен, гауһар-күміспен тәуелсіздікті бағаламас еді. Тәуелсіздік деген сөз жанды жадырататындай, тасты ерітетіндей күшке ие. Тәуелсіздікті алу да сондай қиын болғаны даусыз. 1986 жылы Алматы жастары тәуелсіздігіміз үшін көтеріліске шығып, жанын қиды. Жастарымыз тәуілсіздік үшін қаннан су ішіп қиналды, қыршынан кетті, жарқыраған шоқ қыздарымыз гүлдей солды. Қайрат, Ляззат сияқты аға-әпкелеріміз аянбады, талмады, кері шегінбеді. Ақыры,1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігін алды. Қазақ жұртының орыстардан көрген қорлығы артта қалды. Барлығы «уһ» дегендей шаттана жөнелді. Бірақ, желтоқсан ызғырығы белді қысқан белдіктей ашытып тұрып ізін қалдырып, жас жүрекке дақ қалдырды.Экраннан «Желтоқсан желі» видеосы көрсетіледі.1 - жүргізуші: - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтыңар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.Осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев сынды аға-апаларымыз мерт болды. (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді, оқушылар желтоқсан қайраткерлері туралы айтып кетеді)1-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырғанНамысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойымаТүрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!2 оқушы:Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 3 оқушы:Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?2-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.2-жүргізуші:2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.4-оқушы: ”Желтоқсан желі” – ән.1-жүргізуші:3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?5-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.   1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,Қайрат аға рухыңа мен иілем.Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,Әділ жанның қазасына күйінем.  1-жүргізуші:5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.Cонымен бірге осы оқиғада Өскемендік Сабира Мұхаметжановада қаза тапқан еді.1 ЖүргізушіҚазақстан дейтін менің бар елім. Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман!2 ЖүргізушіТәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге оны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың Тас көшеде жендеттерден өлгені Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға, Біз көрдік қас дұшпанның қалтасын да. Еліме Тәуелсіздік келіп жетті, Мыңжылдық күрестердің арқасында Қына көктеп қоңыр қырдың тасына, Басталғандай көгім бүгін ашыла. Еңсесі тік, тәуелсіз ел болдық біз, Бақыт қонды қазағымның басына. Азаматтарымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Халқымның ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбегі ақталды. 1991 жыл 1- желтоқсанда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.  «Атамекен» әні орындалады«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!











«№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ

















«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан!»7-8 кластар













Өткізген тарих пәні мұғалімі: Сагатбекова Ж.









2018-2019 оқу жылы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ