Материалдар / "Тәуелсіздік-ел тірегі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тәуелсіздік-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің керегіне жарайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
552
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:    «Тәуелсіздік-ел тірегі» Уақыты: 11.12.2020ж Мақсаты: Сабақтың мақсатында жас ұрпакты Отанды сүюге, казақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру, балаларды ұлтжандылыққа, имандылык пен инабаттылыққа, достыққа, адамгершілік пен қайырымдылыққа баулу, ұқыптылыққа, саналылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу қамтылады.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның көкбайрағы, елтаңбасы Қасым- Жомарт Тоқаевтың суреті, шарлар, ұран сөздер жазылған плакаттар: Қазақстан – Туымен тұғырлы.. тудың суреті.

Мұғалім : – Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!  Бүгін біз, алда келе жатқан 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Еліміздің   тәуелсіздік  күні  баршанызға  кұтты  болсын! Бабалардың арманы, аналардың  тілегі  болған  бақыт-тәуелсіздігіміз жиырмасыншы ғасырдың  аяқталар  тұсында  біздің   мандайымызға  дарып, алақанымызға  конды. Азаттық  деген осынау касиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны киылды! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманның орындалған күні болатын. Қазақстан тәуелсіздігін алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін,салт – дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді.

Меммлекеттік әнұран орындалады.

Олай болса, сіздерді 1 «В» сыныбының мерекелік шараға арналған қойылымын тамашалауға шақырамыз! Оқушыларды ортаға шақырайық
Тақпақтар: 1. Ұлжан Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
2. Уәлихан Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа.
3. Інжу
Өзіңдікі туың да, От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.

4. Аққанат Егемен болмай, ел болмас, Етек жеңі кең болмас
Терезесі тең болмас, Енді қазақ кем болмас.
Кезекті әнге кезек берейік: «Отан-ана» /хор/ 5. Ернар 16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн. Жасай берсін ұлы күн, Үміті боп елінің. 6. Алихан Жарқырап атар таңы бар, Жарқылдап айтар әні бар. Әні бар, теңіз дәні бар, Айналдым сенен Отаным! 7. Асылай Жүрегі толы отпенен Арманмен өсіп көктеген Ертеңге нұрлы беттеген Айналдым сенен Отаным!

Балалар, сөзжұмбақ шешіп бір сергіп алайық

Қатар өскен дос құсап, екі жақта қос бұтақ. Әрқайсысында бірі қысқа, бірі ұзын, Бес бұтақ. (қол мен саусақ)

Үлкен-үлкен түйені, Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп. (тау)

Даладай кімнің кең пейілі? Данадай, кімнің мол мейірі? (ана)

Күрең қызыл түсі бар, Тағамдардың асылы, қуат берер күші бар. (нан)

Жарайсыңдар, балалар «Отан» сөзін шештіңдер. Ал олай болса, Отан дегеніміз не балалар? (өз ойларын айтады) Келесі кезекті тағы да оқушыларға береміз: 8. Дариға О, Отаным сен маған, Өмір бердің шуақты, Білек бердің талмаған Жүрек бердің қуатты. Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,
Керек етіп оқтасаң Атылам бір оғың боп. 9. Мерей Елім барда еңсем биік менің де, Өйткені мен жүрмін туған жерімде. Тілім, дінім досым, барлық бауырым Бәрі менің жүрегімнің төрінде. 10. Ержан Елім барда, мен де бармын өмірде, Жұлдызың боп жарқырармын көгінде Отан үшін, елім үшін от кешем, Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде. 11. Жанарыс Елім бар да мен бақытты ұланмын. Елім сүйсе, сенімінен шығармын. Елім менің көтермесе елдігін Намысымның биігінен құлармын. Тағы да әнге кезекті береміз: «Ақ көгершін» хор Мұғалім: -Міне құрметті ұстаздар, оқушылар «Тәуелсіздік-ел тірегі!“ атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Барлықтарыңызды келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын! Көңіл бөлгендеріңізге көп – көп рахмет. Қош сау болыңдар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!