400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері. (Эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері. (Эссе)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру жүйесінің жетістіктері.

(Эссе)

Тәуелсіздіктің 31 жылында  елімізді дүниежүзі танып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлем таныған тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты.

Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.

1993 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастар оқуға жіберілді. Осылайша, талапты әрі талантты қазақтың жастары әлемнің түкпір-түкпірінде білім алуға мүмкіндік алды. Бүгінге дейін 14 мыңға жуық стипендия тағайындалған. Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр» деген еді.

Тәуелсіздіктің 31 жылында білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ­қықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ­стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 31 жылдық тарихына көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң­намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.

Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.

Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық­аралық стандарттық білім беру бағ­дарламасының классификация өлшем­деріне сәйкес келтірілген. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында елімізде 8 млн астам адам дүниеге келіпті. Бұл халықтың 50%-ға жуығы екенін ескерсек, жаңа буын өсіп келеді. Ал, қалыптасып келе жатқан жаңа буынның білім жолындағы болашағы қандай болмақ? Осы уақытқа дейін білім беру жүйесіне жауапты тұлғалар қандай іс атқарды? Неден ұттық, қай тұста қателестік?

Тәуелсіздік жылдарында "Білім туралы" үш заң қабылданыпты. 1992, 1999 және 2007 жылдары білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық стандарттық классификациясына сәйкестендіріліпті.

2020 жылы бақшаға бармайтын бала болмайды

Балабақша мәселесі күйіп тұрған тақырыпқа айналғаны қашан. Орын тапшылығы, ұзын-сонар кезек әлі күнге дейін бар. Дегенмен 25 жыл ішінде мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту саласында оң өзгеріс болыпты. Мысалы жаңадан 498 балабақша салынып, 2199 жекеменшік бақша ашылыпты.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, мектеп білімінің инфрақұрылымы біршама жақсарған. Осы уақытқа дейін 1356 жаңа мектеп салыныпты. Ал қазір 7160 мектепте 2,7 млн оқушы білім мен тәрбие алып келеді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны 2768-ден 3777-ге дейін ұлғайыпты.

"Қазір оқушылар мен студенттердің 70%-ға жуығы қазақ тілінде білім алады. Біз барлық азаматтың бәсекеге қабілетті болғанын қалаймыз. Ол – олардың кемінде екі тіл білуі. Сонымен бірге Елбасының қазақстандықтардың болашақ буыны күллі әлемде білім алып, жұмыс істей алатындай келешек ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін ағылшын тілін оқыту арқылы дамыту тапсырмасы орындалып келеді"

Тәуелсіз Қазақстанның 31 жылда алған асулары мен бағындырған белестерін білім мен ғылым салалары бойынша саралағанда білім беру мен ғылымды дамытуда халықаралық білім мен ғылым кеңістігінде өзінің лайықты орнын алғанына аса мән беріп, дамығанына көз жеткізіп отырмыз.

Еліміздің білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейге көтерілуі, білім саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен қазақ ғылымындағы тың жаңалықтар – ұстаздарымыз бен ғалымдарымыздың, білім, ғылым саласы менеджерлерінің нәтижелі еңбегі. Оған Сыр өңірі  ұстаз-ғалымдарының да қосқан үлесі зор деп білеміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
13.03.2023
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі