Материалдар / Тәуелсіздік күніне арналған сценарий: "Қарлығаштарым келдіңдер ме?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік күніне арналған сценарий: "Қарлығаштарым келдіңдер ме?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған сценарий: "Қарлығаштарым келдіңдер ме?" Сыныптан тыс іс-шара. 9-11 сынып оқушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2021
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарлығаштарым келдіңдер ме?

Кейіпкерлер:
Олжас
Бекайдар
Ерік
Қарагөз
Айнагүл
Колбин
Бобков
Чебриков
Николай Николаевич
Тоқтарбек
Жәмилә
Сәуле
Жандос
Бекайдар (бала)

Бірінші көрініс

(Шулы дауыс. Адамдар айғайы, иттердің үруі жарқын естіледі. Жарық бір жанып бір сөнуде.. Қолдарына шам-шырақ ұстаған әскерилер әлдекімдерді аяусыз ұрып, енді бірісін мәшинеге тиеп жатыр. «Құтқарыңдар, көмектесіңдер, әділдік қайда» - деген өрімдей жастар үні, жүректі мұңға орап жатады)

Екінші көрініс
(Жатақхана. Бөлме іші.Олжас ой үстінде өлең толғатып жатса, оның бөлмелесі Бекайдар, кітап оқып отыр. Екеуіде алаңсыз. Кенет Олжас қуанып кетіп)
Олжас: Досым, Бекайдар тыңдашы!
Бекайдар: Нені?
Олжас: (парағында жазылған өлеңіне үңіліп) Мына ғажайыпты .
Бекайдар: (кітабынан көзін алмай) Ол не?
Олжас: Өлең.
Бекайдар: (күлімсіреп) Сенің, қолыңнан өлең шығарудан өзге не келеді дейсің?! Ал, оқи ғой шайырым. Құлағым сенде.
Олжас:
Ала көбеңнен оянып,
Есіңе мені алдың ба?
Жапырақ біткен боялып,
Жатқанда құлап алдыңа...
Мөлдір шық тұнған жанарға,
Жасыңды қалай тиясың?
Дүдәмәл, дүмше ғаламда,
Қол жетпейтін қия-шың.

Сары ала қаздай саңқылдап,
Төбемнен ұшып өттің бе?
Маңғаз далаңда ән тыңдап,
Арман – жолыңа жеттің бе?

Қайдасың қиял биігім?
Болмап ем, саған мен бөтен.
Жанымның қалай күйігін,
Жат мекенге жөнелтем?

Таба алмай сені қияңнан,
Сағыныш дертке толды ішім.
Жақын келуге ұялған,
Жап-жарық дегдар болмысым.

Қыр-дала еккен гүлсің бе?
Байқатпай көмер іздерді.
Сағынып жаным жүрсің бе?
Біздің жаққа күз келді...

Бекайдар:
(күліп) Қатырасың ақыным. Қиялың тым асқақ екен.
Олжас: Неге күлдің? Ұнамады ма?
Бекайдар:Ұнауын ұнады ғой, бірақ бір нәрсені түсіне алмай отырғаным. ..Олжас:Нені?
Бекайдар: Жаңа біздің жаққа күз келді дедің ба?
Олжас:Иә!
Бекайдар:Айналайын-ау, біздің жаққа күз емес, қыс келді емеспе?!
Олжас:Әй, сенде бір.. Жә, қойшы бәрібір ақындарды ешкім түсінбейді.
Бекайдар:Өкпелеп қалдың ба? Олай деме Олжас. Мен сені түсінемін. Жай, қалжындағаным ғой. Өлең мезгіл талғамайды, тіпті керек десеңіз, жазда келген ойларды жетілдіріп қыста, қыста келген ойларды жазда да жаза беруге болады. Солай ма? Ең бастысы өлең шикі болмауы шарт. Дұрыс айтамын ба?
Олжас:Е, міне мынауың дұрыс енді. Манадан бері солай демейсің бе?
(Осы кезде, әрең тыныстап, ентігіп бөлмеге алып-ұшып Ерік, Қарагөз, Айнагүл кіреді)
Ерік:Жігіттер, жиналыңдар, алаңға шығамыз...
Қарагөз: Тездетіңдер жігіттер.
Айнагүл: Бұл дегенің сұмдық қой.
Олжас:Тоқтаңдар, тоқтаңдар. Әуелі асықпай не боп жатқанын түсіндіріңдерші. Ерік, Қарагөз, Айнагүл не болды? Тыныштық па әйтеуір?
Ерік: Мұнын соңы жақсылыққа апармасы ақиқат.
Бекайдар: Не боп жатқанын айтасыңдар ма, жоқ па?
Қарагөз:Қонаевты Қазақстан Компартиясы 1-ші хатшы қызметінен босатып, оның орнына елімізге мүлде бейтаныс Колбин деген кісіні сайлапты. Өзі Ресейден келген көрінеді.
Олжас: Бұлары қалай? Түк түсінсем бұйырмасын.
Ерік: Олар шектен шықты. Қазақстанды басқаратын бір қазақ таппағандары ма сонда?
Айнагүл: Жүріңдер, кеттік... Алаңдағыларға жәрдем болайық.
Бекайдар: Сендер сол жақтан келе жатырсыңдар ма?
Айнагүл: Жоқ, дайындықтан шығып, жатақханаға келе жатқанбыз. Алдымыздан бір топ жас буын кезігіп, барлық жайтты баяндап берді. Өздері орталық алаңға бара жатыр екен. Біз сендер осында болсаңдар қоса ала кетейік дегенбіз ғой.
Олжас:Онда, не тұрыс. Намыс үшін, ар үшін кеттік.
(Экраннан желтоқсан оқиғасы туралы бірер минут көрсетіледі)

3 - көрініс
(Колбиннің кабинеті. Ол әлдекімдермен телефон арқылы сөйлесіп отыр. «Иә, иә, құп болады, ондай нашақор, бұзақы,ұлтшылдарды сабасына түсіреміз әлі-ақ» деген сынды сөздерді айтып жатады. Есікті қағып, КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Бобков кіреді)
Бобков:Кіруге рұқсатпа Геннадий Васильевич?
Колбин:
Әрине, әрине кіріңіз Бобков жолдас. Иә, әлгі бұзақы, ұлтшылдардың үнін өшірдіңдер ме?
Бобков: Жағдай тым күрделі. Олар тіпті қояр емес.
Колбин: Онда нақты іске көшейік.
Бобков: Менде солай етуді құба-құп көріп отырмын.
Колбин: Иә, енді қандай жоспарың бар?
Бобков: «Метель» операциясын іске қосу керек. Оны да сынайтын уақыт туған секілді.
Колбин: Метель?
Бобков: Иә, дәл солай.
Колбин: Бірақ, рұқсатсыз...
Бобков: Алаңдамаңыз, Геннадий Васильевич. Біз бәрін шешіп қойдық.
Колбин: Қалай сонда?
Бобков: Біз оларды бұзақы, нашақор, ұлтшыл ретінде насихаттап, соған халықты иландырудамыз. Момын қазақ қайтсін, біздің сөзімізге сеніп желтоқсаншылардан сескене бастады. Бірақ, ол бәлелердің сойқарлығы сонда да басылар емес. Егер, осы қарқынмен дами беретін болса, Алып бәйтерегіміз, Кеңес үкіметі құлайтыны шындық. Бұл жағдайды реттеу үшін Чебриков Горбачев мырзамен арнайы жолығып, ол кісінің«Метель» операциясын жүзеге асырсын, қолдансын деген ауызша рұқсатын алды-мыс.
Колбин: Бәрекелді жақсы жаңалық екен Бобков жолдас.
Чебриков: Бәрі де партия үшін. Бәрі де Кеңес үкіметінің тыныштығы үшін.
Колбин: Оларды итше тепкілеп, қанжоса қылу қажет. Жақсылықты түсінбейтін бұзақыларға да керегі сол!!! Көрсін, білсін партияға қарсы шығудың соңы немен тынарын. Әлдеріне қарамай, өздері Қонаевты пір тұтатын сияқты.
Чебриков: Оныңыз рас.
Колбин: Ендеше іске кірісейік.
Чебриков: Құп болады .
4- көрініс
(Алаң. Көпшілігі өрімдей жастар. Олар «Елім-ай», «Менің Қазақстаным» әндерін айтып жатыр).
Ерік: Жігіттер, қыздар, ағайын, қанеки, бұдан да қатты даусымызды шығарып айтайық. Олар біздің намысымызды таптай алмайды. Қазақты ешкім қор қыла алмайды. Біз оған жол бермейміз.
Көпшілік: Біз оған жол бермейміз.
Олжас: Иә, иә, жол бермейміз.
(«Менің Қазақстаным» әні тағы шырқалады)
Дауыс:(дыбыс күшейткішпен)Доғарыңдар. Тоқтатыңдар. Әйтпесе сыбағаларыңды алып, өмір бойы өкініште кетесіңдер. (Жастар одан сайын әндете түседі)Сайрандауларыңды тоқтатыңдар деймін.
Жастар: Біздің өтінішіміз орындалмай тоқтатпаймыз. Біріншіден, Қазақстанды қазақ адамы басқарсын, екіншіден бізге қара құлдай қарауды доғарсың. Үшіншіден, қазақ ұлтын шектемей, бізді де өзге ұлттармен тең қойсын.
Дауыс:Үйлеріңе тараңдар. Болмаса, арнайы жоғары дайындығы барәскери күш қолданамыз.
Ерік: Сендер не, біздің сөзімізге құлақ аспаушыма едіңдер?
Дауыс: Тараңдар дегесін, тараңдар.
Көпшілік: Талабымыз орындалмай біз ешқайда да кетпейміз. Кетпейміз... Кетпейміз... Кетпейміз...
(Шеру жүріп жатады. Экраннан «Желтоқсан оқиғасы» көрсетіледі. Қайғылы музыкамен, фон арқылы төмендегі сөздер айтылады)
Автор: Елім, жұртым, Отаным деген өрімдей жастардың талаптарына қарсы келген Кеңес үкіметі, олардың үнін өшіру үшін арнайы «Метель» операциясын қолданған. Бүгінгі күнде сол «Метель» операциясы туралы көп айтыла бермейді. Иә, «Метель» операциясы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына дейін бір жыл, екі ай бұрын алдын ала ойластырылып, дайындалған болатын. Алайда, оны жүзеге асыратындай оқиға болмағандықтан біраз уақытқа шейін жатып қалған. Ал, Алматыда бейбіт жастар шеруі басталған сәтте, КСРО Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Чебриков, Горбачевке жолығып, «Метель» операциясын қолдауға болады деген ауызша рұқсатын алады. Сөйтіп, оны сынап алудың мүмкіндігі туады.Сол бір қанды оқиға күні Алматыға арнайы ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов жаппай күш көрсетуге көшеді. Алдын ала ойластырылған алып қара күш, өрімдей жастарға аяусыз жәбір көрсетеді. Ондай сұмдыққа бару үшін «алаңға шыққандарды маскүнем, бұзақы, ұлтшыл, нашақорлар» - деп жалған айту қажет болды. Бірақ, мұның барлығы шындыққа мүлде жанаспайтын еді. Десек те, қандықол, қарулы жасақ, оны ойларына да алмай бейкүнә қазақ арулары мен қазақ жігіттерін аяусыз соққының астына алды. Бұл нағыз адамгершілік қасиетінен тайған баскесер жауыздың ісі болды. Нәтижесінде, мыңдаған қазақ жастары қыршын кетіп, келте ғұмыр құрбанына айналды. Сондай-ақ, «Желтоқсан оқиғасын» тергеу барысында ешбір жазықсыздан жазықсыз 99 адам сотталып, 264 адам жоғары оқу орындарынан босатылып, 758адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, сондай-ақ 210 партия қызметкерлеріне әртүрлі жаза беріліп,52 адам КОКП қатарынан шектетілді.

5 – көрініс
(Жиналыс. Олжастың жанарында ыза, кек, намыс оты жалындап тұрОның ата-анасы Тоқтарбек пен Жәмилә, және інісі Жандос, КазГУ директоры Николай Николаевич да осы жерде. Және тағы басқалар...)
Николай Николаевич: Сонымен, Олжас Тоқтарбекұлы сен өз кінәңді мойындайсың ба? Сол күні алаңға шықтың ба?
Олжас: Иә, шықтым. Бірақ ол ісімді кінәға балауға болама екен?
Николай Николаевич: Сен шынымен ақымақсың ба, жоқ әлде әдейі ақымақтың рөлін ойнап отырсың ба? Көзіңді аш қарағым, бұл жер саған театр емес.
Олжас: Мен бар болғаны қазағым үшін ұран салдым. Ата-бабамның қаны сіңген қасиетті мекені мен қадірлі ел-жұртымның ар-намысы үшін алаңға шықтым. Өзге ұлт өз жерімде үстемдік еткені жаныма батқаны соншалық, тіпті, қол қусырып тыныш отыра алмадым. Бұған қашанға дейін шыдап отыра бермекпіз?
Николай Николаевич:Сен шыныменде ақымақ екенсің. Өзің, біздің оқу ордамыздың атына кір келтіргеніңді білемісің? Әй, тым болмаса сенің жайыңды ойлап, еңіреп ауылдан келіп отырған ата-анаң мен ініңді ойласаңшы.
Олжас: Ойлаймын. Бәрін ойлаймын. Жақындарым жадымнан еш жоғалған емес. Ал, менің жақыным деген сөзәрбір қазақ баласы. Мен солардың ертеңі үшін алаңға шықтым. Өз қазағым өз жерінде иттей өмір сүргені маған ұнайдыдейсіз бе? Мен сіз сияқты...
Николай Николаевич: Жап аузыңды. Керек десең, тап қазір көптеген бұзықылар тізіміне сеніңде есіміңді қосып, тиісті жеріңе жөнелтіп жіберемін. Мен бұл оқу ордасының директорымын. Ал оқу ордамыздың тәртібін қадағалау менің азаматтық парызым.
Олжас: Мейлі еркіңіз білсін.
Жәмилә: Олай ете гөрмеңіз. Жалынам сізге директор мырза. Баламды бір жолата кешіре гөріңіз. Баламды алаңға шықпады деп айта салсаңыз болмайма жоғарыға? Егер ол жаққа жетер болса, күніміз не болмақ? Ау, отағасы сен неге үндемейсің?
Тоқтарбек: Жә, бәйбіше. Сабырға кел.
Жәмилә: Олжас, балам-ау, бірдеңе десеңші. Кешірім сұрасаңшы.
Олжас:Анашым уайымдамаңыз. Маған ештеңеде бола қоймас. Әлі-ақ ақиқаттын ақ таңы атар.
Николай Николаевич: Иә, Олжас Тоқтарбекұлы сонымен, біздің оқу ордамыздан неше студент қатысты?
Олжас: Білмеймін. Мен ешкімді көрмедім.
Николай Николаевич: Өтірік айтасың. А, айтпақшы Бибінұр Асқарқызы бұл жігіттің оқу жайы қалай?
Бибінұр: Олжас Тоқтарбекұлы озат студенттеріміздің бірі. Олимпияда, жарыс, сайыстардың бірін жібермей қатысады. Өзі өлең жазады. Ақын жігіт.
Жәмилә: Иә, иә менің құлыным сондай ақылды.
Николай Николаевич: Солай деңіз.
Тоқтарбек: Оны баптаған халық. Қазақ елі.
Николай Николаевич: Бұл айтып тұрғаныңыз, ұлтшылдың сөзі деп ойламайсың ба?
Тоқтарбек: Сен ол жайында не түсінесің?
Жәмилә: Жә, отағасы қоя салшы.
Николай Николаевич: Түсінікті... түсінікті... Бізге өзара ақылдасып, шешім шығару керек. Олжастың әзірге бара тұруын өтінеміз.
(Олжас сахнаның алдынғы бөлігіне жақындай түседі, соңынан інісі Жандос келеді.Ал, сахнаның түп жағында директор, Олжастың ата-анасы, мұғалімдер әлденені талқылап жатады)
Жандос: Аға?
Олжас:Ау, інішек...
Жандос: Ештеңе.
Олжас: Қалай сабағың бәрі жақсы ма?
Жандос:Жақсы. Өлең жазып жүрсіз бе?
Олжас:Иә, онсыз сірә өмір сүре алмайтын шығармын. Айтпақшы, Сәуленің қалы қалай?
Жандос: Жақсы. Ол сізге хат беріп жіберді. (береді)
Олжас: Иә, не деп жазыпты?
Жандос:Білмеймін аға. Маған оқыма деп тапсырған.
(Олжас хатты оқуға асығып, ашады. Фоннан Сәуленің даусымен хат оқылады)
Сәуленің даусы: Сәлем, Олжас!!! Қал-жағдайын жақсыма? Ауырмай, сырқамай, аман-сау жүрсің бе? Ару қала Алматы ше, бұрынғы күйінде ме? Радиодан «Нашақор, маскүнем, ұлтшылдар» көтерілісі болып жатыр деген ақпардың тарағанына бірнеше күн болды. Сол шеру-қақтығысқа сеніңде қатысқаныңды естіп жатырмыз. Бірақ, ондай айыптың бәрі жалған екенің білемін. Сен ешқандай да маскүнем, нашақор, бұзақы емессін. Сен қазақтың қамын ойлаған қайсар да ақылды, ақын жігітсің. Бейбіт шеруді, қан шеруге ұластырған орыс үкіметі бәріне кінәлі. Олжасым, мені ойлап, уайым кешпе жарай ма? Менде бәрі жақсы. Биыл, оқуымды тәмамдаған соң, міндетті түрде Алматыға барамын. Екеуміз Алматының Алма бағын әлі талай аралармыз. Сен мәңгі менің жадымдасың. Құрметпен, сенің ғана Сәулең.
(Олжас жанарына жас алады. Онысын Жандосқа білдірткісі келмейді. Бірақ Жандос бәрібір байқап қояды)
Жандос: Сіз жылап тұрсыз ба? Сәуле сүймеймін деп жазыппа аға?
Олжас: Жо-жоқ. Ол не дегенің. Мен жыламаймын.
Жандос: Бәсе, менің ағам жыламайды, ол сондай мықты ғой.
(Осы кезде Олжас пен Жандостың қасына Тоқтарбек пен Жәмилә келеді)
Тоқтарбек: Кеттік, балам.
Олжас: Қайда әке?
Тоқтарбек: Ауылға. Сені оқудан босатты.
Жәмилә: (жыламсырап) Жүре ғой, балам.
Олжас: Қош бол, Алматы. Мен сенің құшағына әлі оралармын.
(Осы кезде Айнагүл, Ерік, Қарагөз жүгіріп келед)
Ерік: Саламатсыздар ма? Олжас сені бола ма? (Олжас, Ерік, Айнагүл, Қарагөз сахнаның шетіне қарай шығады)
Олжас: Жайшылық па не болды?
Айнагүл: Құрыдық.
Қарагөз: Қиын жағдай.
Олжас: Не болды, айтсаңдаршы енді?
Ерік: Бекайдар...
Олжас: Бекайдарға не болды.
Ерік: Полиция қызметкерлері оны ұстап әкетті.
Олжас:Не дейсің...

6 – көрініс
(Мұңлы музыка. Фонда «Қанды алаң» өлеңі оқылып тұрады. Экраннан желтоқсан алаңына гүл шоқтарын қойып жатқан видео көрсетіліп тұрады)
Шошытқан тіптен ай-күнді,
Қарулы қоғам от емген.
Қазағым сенің қайғыңды,
Қанды алаң ғана көтерген.

Намыс та сенде жанылды,
Өмірдің өзі өксіді.
Алты Алаш сенің зарыңды,
Қанды алаң ғана естіді.

Суға батты ма сұмдықтар,
Тамтық қалды ма шерлерден?
Желтоқсандағы шындықтар,
Алаңым сенде жерленген.

Қамшымен қуып қадірді,
Қанша қусаң да бітпейді.
Қазағым сенің арыңды,
Қанды алаң ғана жүктейді.

Мұңыңды кімдер түсінед?
Ойнақтап, күліп ұлың жүр.
Алаңым сенде кісінеп,
Желтоқсан дейтін құлын жүр.

Қанды алаң тыңда, қал қалай?
Бармайды саған Олжасың.
Басып кетермін аңдамай,
Боздақтарымның көз жасын.

7 - көрініс
(Арада бірнеше жыл өткен. Олжас балалы шағалы болған. Сахнаға Олжас шығады. Алдынан Бекайдар досының құрметіне арналып есімі қойылған Бекайдар баласы жүгіріп шығады)
Бекайдар: Әке қайдан келе жатырсыз?
Олжас:Боздақтардың басынан.
Бекайдар: Боздақтар деген кімдер?
Олжас: Елі үшін, елінің ертеңі үшін құрбан болған жандар.
Бекайдар: Әке?
Олжас: Ау.
Бекайдар: Сіздің Бекайдар деген досыңыз болған ба?
Олжас: Иә, болған оны кім айтты?
Бекайдар: Анам айтты. Ол кісі қазір қайда?
Олжас: Боздақтар қатарында. (Жанарына жас алады).
Бекайдар: Ол сіздің нағыз досыңыз болды ма сонда?
Олжас:Иә, сенің есіміңді соның құрметіне қойғанмын.
(Осы кезде қарлығаштардың үні естіледі. Қарлығаштар келеді)
Бекайдар: Әке, қарлығаштар қарашы, қарлығаштар келді.
Олжас: Иә, шыныменде! Қарлығаштарым келіпті ғой. Сәуле, Сәуле, Сәуле деймін. (Сәуле шығады)
Сәуле: Не болып қалды отағасы?
Олжас: Қарашы, қарашы қарлығаштар келді.
(Олжас, Сәуле және балалары Бекайдар үшеуі бір-бірін құшақтап қарлығаштарға қарап тұрады. Баяу музыка қосылады)
Олжас: Білесің бе, Сәуле, мен көктемді сондай қатты ұнатамын. Себебі, көктемде қарлығаштар туған мекеніне сағынышпен оралады.Олар жұрт ойлағандай жай қарлығаштар емес. Олар боздақтарымның рухы. Иә, мен қарлығаштардан боздақтарымның бейнесін көремін.Жыл сайын, осынау мезгілде олардың басына барып, құран-дұға бағыштап тұратыным да сондықтан. Қақа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!