Материалдар / Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал - білімнің қажеті туралы, болашақ жастардың қолында екені туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
700
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еркін Әсет


Тәуелсіздік... Бұл сөзде терең мағына жатыр. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Осы артта қалған жылдарда Қазақстан біршама белестерді бағындырып, сан алуан жетістіктерге жеттік. Әрине бұл, біріншіден тәуелсіздіктің, екіншіден Елбасымыздың көрегенді саясаты, үшіншіден халқымыздың ауызбіршілігінің арқасында.

1991жыл 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты. Халқаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидаттарына адалдық, жаппай қырып-жоятын қарудан бас тарту, ықпалдастық байланыстарды тереңдету қадамдары еліміздің әлемдік қоғамдастықта жоғарғы беделге ие болуына септігін тигізді. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев басшылығымен іске асты [1,5б.].

Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

Тәуелсіздікті алғаннан кейін біз өз әнұранымызға, туымызға, тілімізге, елтаңбамызға, ата заңымызға, өзіміздің әскери қарулы күшімізге ие болдық. Жас ұрпаққа білім берудің жаңа бағыттарын қалыптастырдық, қазақ тілінде сапалы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары ашылды. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін жаңа орталық қала Астанаға көшті.

Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз дербес дамудың жиырма бес жылында әлеуметтік және этностық қақтығыстарға соқтықпай өте алды. Азаматтарымыз еліміздің жетістіктерін, оның аса бай тарихи дәстүрлерін, көп этносты халқының достығы мен бірлігін орынды мақтан етеді. Тәуелсіздік кезеңі қазақ тілінің қайта түлеп, одан әрі дами түсуімен ерекшеленді. Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын ұйымдастырудың аса маңызды факторы болып табылады. Мемлекет елімізді мекендейтін этностардың алуан түрлі мәдениеті мен тілдерінің сақталуына және дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан дамуы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылып келеді, олардың ішінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейтін «Қазақстан-2030» президенттік стратегиясы басты орын алады [1,7б.].

Қазақ жері – сақ, ғұн заманынан бері алтыннан сарай салған, хандары алтын таққа отырған. Басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз – моңғол, жоңғар шапқыншылығынан бергі бес ғасыр, Ресейге бодан болған үш ғасыр. Әсіресе соңғы үш ғасырда, империя құрамындағы 70 жылда қазақ жаппай репрессияға ұшырады, қырылды, тарихы табанға түсті, ар-ожданы тапталды.

«Қазақтың: «Елім-ай» деп қасірет шеккені, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені, Бұхар жыраудың күңіренгені, Махамбеттің: «еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп кек қайрғаны, Мұрат ақынның «Әдіра қалғыр Үш қиян» деп күйзелетіні осы тұс еді. Қазақ басына дәурен XXI ғасырда қайта оралды. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке жеттік. Бас-аяғы он бес жылда заман, қоғам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекеттігіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді әлем таныды. Ендігі ұрпаққа Қазақстанда туу да, тұру да бақыт. Бізді ешкім сырттан келіп жарылқамайды, жарылқаса қазақты қазақ қана жарылқайды. Біз енді тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, оны баянды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ұлы Дала алдындағы жауапкершілік бізді бүгін осыған шақырып отыр» деген еді қазақ жанашыры, ғалым Мырзатай Жолдасбеков [2,45б.].

Адамзаттың ұлы салқар көшінде ұлан байтақ қазақтың даласына, ежелден «мың өліп, мың тірілген» қазақтың баласына қатал тарихтың назары оңынан түсіп, егемен ел атандық, өзге жұртпен керегіміз кең, тереземіз тең күйде тәуелсіздік туын тіктік. Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздік қадамын бәрінен бұрын елдің ертеңгі күнге сенімін оятатын ең басты мәселені шешуден – мемлкеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастады. Тәуелсіздікке 25 жыл деп айту оңай, бірақ осы арлықта қанша күш, қанша жұмыс атқарылды. [2,82б.].

Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары. 

Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 

Соңғы екі он жылдықта өмірімізде болған барлық өзгерістер Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеялары мен қызметімен байланысты екенін атап өткім келеді. Егемен Қазақстан жаңа мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық, өзара келісім, экономика мен саяси жүйенің қарыштап даму жолында теңдесі жоқ үлгі көрсетті. Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. 

Бұл – Президент саясатының ғылыми негізділігі мен көрегендігін дәлелдейді. Сондықтан Елбасына бүкіл халық қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауы бүкіл әлемге халықтың Елбасы саясатын бір ауыздан қолдайтынын паш етті. Қазақстанда интелектуалдық ұлтты қалыптастыру идеясы Елбасының негізгі бастамаларының қатарына жатады. Бұл идеяны Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттарымен кездесу және әл – Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойында айтқан болатын. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстандықтарды жаңа формацияда тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру. Адам капиталы әлемдік экономиканы дамытудың жоғарғы сатысы ретінде инновация мен білім экономикасын қалыптастыру мен дамытудың басты құралына айналып отыр. [3,7б.].

Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына (Хиросима, Нагасаки) атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келіп: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен. 

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, келешегі. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елдің жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекетінің жиырма жылдығы Декларациясы. Алматы, 2012.

2. Тәуелсіздік тағылымы. Күлтегін баспасы. Астана, 2012.

3.Тәуелсіздік Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. «Астана полиграфия» Астана, 2011.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!