Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік -
тірегім
Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы
туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды
сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген
ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге
үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:слайд, Қазақтан Республикасының
мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың
портреті, Астана
суреттері,шарлар.
Барысы:
1. Ұйымдастырушылық
кезең.
2.Гимн
орындалады
3. оқушыларға сұрақтар қою арқылы
кіріспе:
-Біз қай
мемлекеттің азаматымыз ?
-Ұлтымыз
кім ?
-Тіліміз
қандай ?
-Республикамызбасқаелдерденнесіменерекшеленеді
?
-Тәуелсіздікдеген не
?
-Тәуелсіздіктіқайжылыалдық
?
-ҚазақстанРеспубликасының жерітуралы не
білеміз ?
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3
мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың
териториясына жеті мемілекет сияды. Жеркөлеміжағынан БҰҰ 180
мемлекеттіңішінде 9- шыорында, ал ТМД елдерібойынша 2-
шіорында. Республикамыз 5 мемлекетпенкөршілес, оларРесей, Қытай,
Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлтөкілі
тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 іріқалалар бар. Ел ордасы-Астана
қаласы.
Қазақстан туған
елім,
Алтын
бесік-Ақ ордам.
Даңқың
сенің арта берсін,
Елім
менің жаңарған.
Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз
?
БіздіңҚазақстанРеспубликасыөте бай мемлекет.
Бізде алтын, темір, мырыш,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай,
яғнибірсөзбенайтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің
99 элементіҚазақстанжеріндекездеседі. Қазақстанда 6000-нан
астампайдалықазбалар бар.
Ей,қазақтыңұланы,
Болғайсың дала
қыраны.
Жер-суынқорғаубабаның,
Емеспеедібастыұраны!
Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет
нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады.Мен сендерден сұрағым
келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме
?
1.Гимннің авторы
кім?
(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә.
Назарбаев.)
2.Тудың
авторы кім? ( Ш.Ниазбеков.)
3.
Елтаңбаның авторы кім? (Ж.Мәлібеков,
Ш.Уәлиханов.)
Біз қазақ деген мал баққан
елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын
деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын
деп,
Найзаға үкі таққан
елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған
елміз
Басымыздан сөз асырмаған
елміз.
Досымызды сақтай білген
елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген
елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп
тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп
тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын
елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын
елміз.
« Еңку – еңку жер шалып, егеулі найза қолға
алып», ұлан байтақ жерін көздің қарашағындай қорғап қалған ата
бабаларымыздың ақ арманы ұрпақтарының әз елінде, өз жерінде
жайраңдап күліп, көкірегін керіп, еркінсіп жүретін тәуелсіздік
таңының атқанына бүгінде мен қуанып
жүремін.
Осындай боп, білмеймін, кімнен
тудым?
Бәлки сақ, бәлки бір ғұннан
тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен
тудым»
Жоқ, сірә мен қара құл, күннен
тудым...
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ.
Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді
бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы
қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 млн.
адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 %
айырылды.
1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл
жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген
жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол
отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс
еді.
1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі
салдарынан, Аамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзіліске,
адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни ел
халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр
болды.
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы
азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуған-сүргінге ұшырап, халқым,
елім деп жүріп, «халық жауы» атады. Сол кезде абақтыға
жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы
атылды. Халқымыз осылайша жапа
шекті.
Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің
халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99
адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға
ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен
Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып
жарияланды. Міне, 1991 жылы жарияланған тәуелсіздігімізге бүгінде
20 жыл толып отыр.
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі
оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің күйреуінің
бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып
келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси
әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ
жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш
парағы жазылды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Тәуелсіз республика деп
жарияланды.
Далада
думан, қалада думан жыр
бүгін,
Ғасыр
бойы аңсай да күткен бұл
күнім.
Жасай
бер, жаса асқардан аса
әрқашан,
Кеудеме
әкеп қалдырған бақыт
бұлбұлым.
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз
уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол
жетістіктерімізді атап
өтейікші
-
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні»
деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға
түсті.
-
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды.
Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып
кірді.
-
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны
жабылды;
-
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
ұшты;
-
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз
сайланды;
-
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып
кірді;
-
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді
қабылдады;
-
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз
мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция
қабылданды;
-
1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің
тарихында еркеше күн болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз –
теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем
таныды.
-
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа
басылыммен қайта шықты.
-
1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев
«СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке
самғады.
-
1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы»
қабылданды.
-
Сұрақ.
Заңдегеніміз не? Атазаңымызданешебап
бар?
-
1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің
1- сессиясы болып өтті.
-
1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы»
деп аталды.
-
1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы
еліміздің басты қаласына
айналды.
-
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.
ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев
сайланды.
-
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл
толды.
-
Сұрақ
Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала
дейміз?
-
2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр
тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл
толды.
-
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп
аталды.
-
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды
.Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды
.
-
2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып ,
көптеген шаралар өткізілді .
-
2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып
өтті.
-
2006 жылы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 15 жыл толды.Атақтыжелтоқсанкөтерілісіне 20
жылтолды.ОрыстыңұлыақыныА.С.ПушкинжылыҚазақстандаөтті.
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз
жерін жатқа сыйламаған және сатпаған
халық.
Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын
жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің
белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір
өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз
міндет.
Тәуелсіз елдің ұлы
өжет,
Қызы –
қайратты,
Халқы –
қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай
ардақта,
Баландай
мәпеле,
Құдайдай
құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді
де,
Қаныңды
да,
Жаныңды да
аяма!
Елтаңбамыз
ажарлы
Ән – ұранымыз
әуенді
Асқақ бола
түссін!
Елдігімзідң белгісі
–
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей
берсін!!!