Материалдар / Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл ә, жылға жуық уақыт болды.Осы жылдар ішінде еліміз өркендеп көркейіп жылдан жылға дамып келеді.Осы орайда Бастауыш сынып оқушыларына арналған "Тәуелсіздік тұғырым"атты ашық сабақ болып өтті.Кітапханада өткен сабақтығ мақсаты оқушыларды еліне туған жеріне деген қызығушылыңын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2018
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»


Құрметті оқушылар. Еліміз Тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін, заман талабына сай, өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да толық жетеміз деп сенеміз. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні еш уақытта да бұзылмасын.

(Әнұран орындалады.)

1986 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының саясатына ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова сынды боздақтар тәуелсіздік жолында жанын қиды.

1-оқушы. Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік,

Жадымызда сақтаймыз біз жандырып.

Ләззат, Қайрат есімдерін ән қылып,

Елімізде қалдырамыз мәңгі қып.

2-оқушы. Тәуелсіздік туын тігу үшін өздерінің қызғалдақтай құлпырғанжас өмірлерін қиып кеткен Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбиралардың есімдерін мәңгі ұмытпауға уәде беремін.

3-оқушы. Желтоқсанда жанын жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылы 16-маусымда Қазақстан жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілді.

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

(1 минут үнсіздік.)

Ал ендеше оқушылар Желтоқсан желі атты видеоклипке назар аударайық.

Сол бір қахарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болды.

4-оқушы. 1990 жылы 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

5-оқушы. 1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

6-оқушы. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

7-оқушы. 1992 жылы 2-наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

8-оқушы. 1992 жылы 8-мамырда Республика Ұланы құрылды.

9-оқушы. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәмізі қабылданды.

10-оқушы. 1997 жылы Ұлттық татулықпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

11-оқушы. 1998 жылы 20-мамырда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып жарияланды.

Ендеше оқушылар алдымызда турған буклетке бір сәт назар аударайық.

Халықтың әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер деген даналық пікірін алсақ. Ата-бабаның асқар таудай ақылында, өз өмірінде өткен өнегелі істері-елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүру, еліне елеулі, қалқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиет ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арман екен.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар бейнесіне қарасақ, өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүрек болып, жауына қатал, досына адал болып, садақ ұстап, қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан.

Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да, намысын таптатпай, еңселерін биік ұстады.

Тәуелсіздік –халықтың үні,ұлттың тілі мен ділі.Тәуелсіздік-халықтың тойы, елдің тойы. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны біз үшін шексіз, қуаныш.

1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Мұстафа Ататүрік айтқандай,


Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей өр намысты, жас өркени бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік таңы туды. Бұл күн Қазақстан тарихында ерекше аталып өтетін күн. Мәңгілік есімізде сақталатын күн.

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
 
Бұл далада атам қолға ту алған,
 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, 
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
 
Жас Отанның өмірін де түсініп,
 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
 
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан»

 

 

 

 


















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

білім беру ұйымдары кітапханаларының оқырмандарға

кітапханалық қызмет көрсету есебі туралы

Жалпы ережелер

 

Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу оқырмандар мен абонентердің, келушілердің басылымдар берудің, жарияланбаған құжаттардың және кинофото құжаттардың саны мен құрамы, сондай-ақ кітапхананың, оның құрылымдық бөлімшелері нің,бұқаралық, библиографиялық және мемлекеттік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

         Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады:

1) есеп құжаттамаларын толтырудың толықтығы, дәлдігі мен жүйелілігі;

2) әрбір оқырманды, келуді, баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  міндетті түрде тіркеу;

3) есептің әдістері  мен нысандарының үйлесімділігі, дәстүрлі және автоматтандырылған технологияны қолдану жағдайында олардың сенімділігі;

4) кітапхана қызметін есепке алу көрсеткіштері номенклатураларының мемлекеттік ақпардың сондай көрсеткіштеріне сәйкестігі;

5) кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу, оқырман формулярын толтыру, онда берілген кітаптарды тіркеу, қүнделікті ақпар есебі мен кітапхана күнделігін тұрақты толтыру жатады;

 6) полиграфиялық тәсілмен әзірленген есеп құжаттарының бланкілері мен компьютердің көмегімен басылған бланкілер тең құқықпен қолданылады.

         Олар стандартты бағдарламалар пакетінің немесе кітапханада оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алуды жүргізуге арналып жасалған жеке  бағдарламалар көмегімен ресімделуі мүмкін.

7) оқырмандарға қызмет көрсетуді есепке алу осы  нұсқауда баяндалған біріңғай әдістер бойынша жүзеге асырылады, есептің біріңғай нысандарын жүргізу жолымен қол жеткізіледі.

              

         Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесі

 

8) Кітапхананың құрылымдық бөлімшелері өз жұмысының бағыттарына қарай Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары кітапханаларының ведомстволық ақпар есептілігі нысандарына сәйкес міндетті есепке алуға жататын жұмыс көрсеткіштерінің тізбесіне сай бастапқы есеп жүргізеді.

7) Оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесіне:

а) барлық бөлімшелердің кітапхана қызметін көрсетуін кітапхана ішінде есепке алу;

б) оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетудің ведомстволық ақпар есебі жатады.

 

Оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетудің кітапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамы

 мен мақсаты

 

Оқырмандар мен абонеттерге қызмет көрсетудің бастапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамына оқырмандарды тіркеу  карточкасы, кітапханааралық абонемент (КАА) абонентін тіркеу карточкасы, оқырман формуляры, оқырман талабы парағы жұмыс күнделігі жатады.

       Оқырмандарды  тіркеу карточкасы - ол туралы мәліметтерді қамтып, оның кітапхананы  пайдалану кезіндегі есеп құжаты қызметін атқарады.

       Ескерту: Құрылымдық бөлімшелері (абонемент, оқу залы кітап беру бөлімі)жоқ кітапханаларда тіркеу карточкасы жүргізілмейді.

 Абонемент, оқу залы және басқа да бөлімшелері бар кітапханаларда оқырманға оның қанша бөлімшені пайдаланатынына қарамастан тек бір тіркеу карточкасы толтырылады. Тіркеу карточкасы, әдеттегідей абонементте жүргізіледі.

       Оқырман формуляры    оған берілген және қайтарылған баспа  туындылары мен басқа да құжаттар туралы мәліметтер қамтылып,  (жалпы орта білім беру, бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда) әдебиет беру мен оқуды талдаудың есеп құжатының қызметін атқарады.

       Оқырман формулярында оқырманның рет номері көрсетіледі, ол оқырман атында жыл соңына дейін сақталады.

      Саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында формулярда оқырман тобының шартты таңбалары ( сиглдер, түрлі-түсті белгілер, рейтер және т.т) қойылуы мүмкін.

Оқырман формуляры бес жыл ішінде пайдалануға арналған. Қосымша беттер толтырылуына қарай оқырмандардың бастауыш және кәсіптік орта білім беретін  ұйымдарда бірқатар жылдар бойы оқуын бақылауға мүмкіндік беретін жаңасымен алмастырылады немесе толықтырылады.

      Жыл сайын 1 қыркүйектен бастап оқырмандарды қайта тіркеу басталады. Қайта тіркеу кезінде оқырман туралы анкеталық мәліметтер нақтыланып, өзгерістер енгізіледі. Формуляр мен оқырманды тіркеу карточкасында жаңа нөмір мен қайта тіркеу күні қойылады. Фамилиясы өзгерген жағдайда жаңа формуляр толтырылады.

      Ескерту: Қайта тіркеу сол сәтте оқырман атына жазылған барлық басылымдарда толығымен өткізген кезде жүргізіледі.

      Кітап формуляры   оқырманға берілген және қайтарылған баспа туындысы немесе басқа да құжаттарды есепке алу мен бақылауға және оны пайдалануға арналған.

      Оқырман талабы парағы  баспа туындылары мен басқа құжаттарды іздеу мен беруге, талаптар мен орындалмаған талаптарды есепке алу мен талдауға арналған.

      Бақылау  парағы оқырманның  кітапхана бөлімшелеріне келуін есепке алуға, берілген және қайтарылған баспа туындыларын бақылауға арналған.

      Кітапхананың жұмыс күнделігі оқырманға қызмет көрсетуді есепке алудың баттапқы  құжатының  нысаны болып табылады. Күнделік  үш  бөлімнен тұрады: 

1.   Оқырмандар  құрамы мен келу есебі;  

2.   Басылымдар мен басқа материалдарды беру есебі; 

3.   Көпшілік жұмыстар есебі.

 

Кітапхана оқырмандары мен абонентеріне қызмет көрсетудің есеп    бірліктері

 

Оқырмандардың есеп бірлігі – оқырмандарды тіркеу карточкасында, оқырман формулярында немесе автоматтандыру және механикаландыру  құралдарында тіркелген адам-оқырман болып табылады. Оқырмандар есебі оқырмандар саны бойынаша жүргізіледі:

1)    оқырмандардың біріңғай тіркеу картотекасында немесе оқырмандар мен кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету есебі тіркелген оқырмандар саны бойынша жүргізіледі:

2) кітапханааралық  абонемент (КАА) абоненттерінің есеп бірлігі КАА абонентін тіркеу карточкасында тіркелген кітапхана – абонент немесе  КАА қызметін көрсетуге арналған кәсіпорын, ұйым, мекеме болып табылады. КАА пайдаланушылардың  жалпы  санының есебі КАА абонентін тіркеу карточкасында тіркелген кітапханалар немесе кәсіпорындар,  ұйымдар, мекмелер саны бойынша жүргізіледі.

              

 

Келушілердің  есеп бірлігі

                                                                                            

      Келушілердің есеп бірлігі – бақылау парағында,рұқсат қағазында, оқырман формулярында, кітапхана орындаған анықтамалардың есеп дәптереінде  немесе кітапханада қолданылып жүрген басқа құжатта, сондай-ақ автоматтандыру мен механикаландыру құралдарында тіркелген оқырманның кітапханаға келуі болып табылады.

      Кітапханаға келу деп оқырманның жазылу, қайта тіркелу, басылымдар мен басқа материалдар алу, қайтару немесе оларды пайдалану мерзімін ұзарту, оқу залында оқу, жаңа баслымдар және көрмелермен танысу,анықтама библиография аппаратын (каталогтар мен картотекаларды, анықтама және библио графиялық баслымдарды, анықтамалар мен кеңестер алу) пайдалану, сондай-ақ кітапханада өткізілетін көпшілік шараларға қатысу үшін кез келген құрылымдық бөлімшеге (абонемент, оқу залы, кітапхана пункті) әрбір келуі болып саналады.

     Кітапхана қызметкерлерінің мәслихаттары мен семинарларына, басқа ұйымдар мен мекемелердің кітапханада өткізілетін жиналыстарына, шараларына қатысу, келу санына енгізілмейді.

     Келу мына есеп құжаттарында: оқырман формулярында, бақылау парағында т.б тіркеледі.

     Келудің жалпы санына кітапханаға оның тұрақты емес оқырмандарының бір жолғы келу саны қосылады.

Көпшілік шараларға қатысу кітапхананың жұмыс күнделігінің        3-ші"Көпшілік жұмыстар есебі” бөлімінде немесе кітапханада қолданылып жүрген басқа  құжатта жеке  есептеледі.

      Келушілердің бір күнгі жалпы қорытындысы кітапхананың құрылымдық бөлімшесінің жұмыс күнделігіне түсіріліп, содан кейін ай, тоқсан, жыл ішінде жинақталады.

     Келушілердің жалпы санының есебі кітапхананың әрабір құрылымдық бөлімшесінің есеп құжаттарында кітапхананың жұмыс күнделігінде және кітап берудің және келудің күнделікті ақпар есебінде жүргізіледі.                      

 

уын қамтамасыз ету басылымдармен мерзімді басылымдар, т.б материалдардың  жойылып, ысырап болмауына, ұрлыққа жол бермеу, ұжым мен оқырмандарды жалпы мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеу шараларын қолдануға міндетті.

 

                         2. Кітапхана қорының сақталу шарттары

 

5. Кітапхана қорының сақталу шарттары оның физикалық- химиялық биологиялық және механикалық бүлінуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

6. Сирек құнды құжаттар, тұрақты және ұзақ пайдаланылатын басылымдар мен материалдар қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға сәйкес сақталады.

7. Кітапхана қорының сақталуына арналған үй-жайларға, бөлмелер мен құрал жабдықтарға қойылатын талаптар мен оның сақталуын қамтамасыз ететін басқа да шарттарды СН 548-22 құрылыснормалары, «Кітапханаларды жобалау жөніндегі нұсқау, «Кітапханалардағы қауіпсіздік техникасының қағидала- ры, сондай-ақ 7.50.90 «Құжаттарды сақтау. Жалпы талаптар»мемлекетарлық мемлекеттік стандарты бекітеді.

8. Қор сөрелерде, арнаулы шкафтарда немесе сейфтерде тігігнен  және көлденеңінен сақталады. Көлемі 35 см-ге дейінгі кітаптар мен журналдар сөрелерде тігінен, ал үлкен көлемді кітаптар мен журналдар көлденеңінен қойылады.

Парақ материалдар қораптара сақталады. Барлық газеттер мен журналдар түптеледі.

9. Кітап қоймасын жарықтандыру табиғи және жасанды болуы мүмкін.Табиғи жарықтандыруда күн сәулелерінің қорға тікелей түсуіне жол берілмейді. Күн сәулелерін шашырату үшін перделердің әртүрлі жүйесі қолданылады. Жасанды жарықтандыруда жарық нормасын арттыруға болмайды. Электрмен жарықтандыруды 40-60 ваттық бір лампа сөреарлық  өтпелердің әрбір 2-метріне 75 ват- тық лампа негізгі өтпенің әрбір 4-5 метріне есептеп қойылған лампалармен қамтамасыз етіледі. Электрлі жарық көздері өрттен қауіпсіз әрі шаң мен ылғал өткізбейтін болуы тиіс.

10. Қорды сақтаудың қолайлы темературасы 17-19 С, ауаның ылғалдылығы 55 С.

11. Қорды сақтаудың қалыпты режимі шартарының бірі – оны шаңнан қорғау және биологиялық зиянкестерден тазарту. Бұл жұмыс тұрмыстық шаңсорғыш -тың және формалиннің                   2-3 ертіндісіне батырылған мақтадан жасалған тампонның көмегімен тұрақты кем дегенде жыл бойы бір-екі рет жүргізілуі тиіс. Шыбын–шіркейлер бүкіл қорға таралып кеткен жағдайда дезинфекциялау жүргізіледі.

                   

 

 

3. Қорды ұйымдастыру барысында оның сақталуын қамтамасыз ету

 

12. Жинақтау мен өңдеу барысында қордың сақталуы,қорды есепке алу жөніндегі нұсқаулармен реттеледі.Есеп құжаттарының жүйесіне жөнелту құжаттары (шот, накладной, чектің көшірмесі, акт, түбіртек және т.с.с.) жиынтық және жеке есеп нысандары (кітапхана қорының есеп кітабы,  инвентарь кітабы, түсімдерді тіркеу журналы, есеп каталогтары мен картотекалары сондай-ақ

 автоматты режимдегі есеп каталогары мен картотекалары) кіреді.

 13. Барлық басылымдар мен басқа да құжат түрлері кітапхана өңдеуіне кейін кітапхана қорына жөнелтіліп, қордың мазмұнына, көлемі мен мақсатына, басылымдар мен материалдар құрамына қарай орналастырылады. Қордың  орналастырылуы сақтауға  ыңғайлы болуға тиіс. Қордың дұрыс орналастырылуы мен физикалық жай-күйі үнемі бақылауда болады.

14. Өрттен қорғану қағидаларын сақтау керек. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге тыйым салынады. Кітапхана өңдеуінен өтпеген кітаптар оқырмандарға үйге беруге, оқу залынан, оқырман формулярында тірклмеген басылымдарды, сондай-ақ анықтама басылымдарының,сөздіктердің,шежірелердің (энциклопедия)    және т.т. жалғыз данасын беруге тыйым салынады.

15. Әңгімелесу, көрнекі насихаттың әралуан жолымен оқырмандарды кітапқа ұқыппен қарауға тәрбиелеу жұмысын тұрақты жүргізіп отыру керек.

16. Қор иесі бөлімдерге сырт киіммен және сөмкемен кіруге тыйым салынады. Еркін пайдалану қорына оқырмандар тек кітапханашының қатысуымен басылымдар мен материалдар берілген кезде ғана  жіберіледі. Кітапхана басылымдар мен материалдарды сыртқа алып шығуға қатаң бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

17. Қор сақтау бөлімі мен функционалды бөлімдердің қослқы қорларының бөлмелеріне жиналыстар, мәслихаттар мен басқа да шараларды өкізуге тыйым салынады.

18. Кітапхана оқырмандарды қатыстыра отырып шағын жөндеуді (түскен беттерді желімдеу, мұқабаны желімдеу және т.т ) жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.

19. Оқырмандардың сұранымындағы жұмсақ мұқабалы немесе мұқабасы жоқ, сондай-ақ тұрақты немесе ұзақ мерзімге пайдалануға арналған басылымдарды қайта түптеген жөн. Пайдалану мүмкіндігін кеңейту мақсатында аса зор сұраныстағы жекелеген басылымдар  мен олардың бөлімдері әралуан тәсілмен көбейтіліп көшіріледі, күйтабақтар магнит таспасына қайта көшіріледі. Микрофото  көшірмесі негізінде ұзақ әрі тұрақты сақтауға арналған ғылыми, тарихи және көркемдік жағынан аса құнды басылымдардың сақтандыру қоры жасалады. Ол қауіпсіз орында мұқият сақталуы тиіс.

20. Басылымдар мен материалдардың факт жүзінде  бар-жоғын анықтау үшін, кітапханалар мына мерзімде қорды жоспарлы тексеруді жүргізеді:

1)    бастауыш және орта білім беру ұйымдары, кәсіби техникалық білім беру ұйымдары кітапханаларды- 5 жылда бір рет;

2)    жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханалары –        7 жылда бір рет.

       Кітап сақтау бөлімінің қоры таңдамалы түрде (аса құнды басылымдар) тексеріледі. Төтенше жағдайлар (стихиялық апаттар, ірі тонаулар, өрт және т.б) болған жағдайда немесе қор үшін жауапты адамның ауысуына байланысты тексеріс жоспарлы ретінде саналады.

        Қордың сақталуы үшін жауапты адам ауысқан кезде өткізу қабылдап-тапсыру актіне сәйкес жүргізіледі. Міндетті жоспарлы тексеріс кітапхана балансында тұрған кітаптардың, кітапшалар мен кинофотоқұжаттардың барлығы жатады. Қорды тексеру    қорытындылары бойынша екі данадан тұратын акт  жасалады.

       Актіге қорда жоқ басылымдар мен басқа материалдардың тізімі тіркеледі. Актіні кітапхана қарамағындағы білім басшысы бекітеді.

21. Қорды тексеру кітаптары «Инвентарь кітабымен» тікелей салыстыру жолымен немесе бақылау талондарының көмегімен жүргізілуі мүмкін.

       Басылымдардың бақылау талондары онда сақталатын инвентарь кітабымен салыстырылады.

22. Кітапханаларда қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес қордан басылымдар мен материалдарды шығаруға рұқсат етіледі. Есептен шығару жолымен мазмұны жағынан ескірген, көнерген, ақаулы, сондай-ақ  оқырмандар жоғалтқан және белгісіз себептермен жоғалған басылымдар алынады. Профильді емес және басы артық дублетті, аз сұраныстағы басылымдар  айырбас қорлары арқылы білім жүйесі кітапханлары арсында бөлінеді.

      Кітапхана қызметкерлері  нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы, төлқұжат үстелінен, жергілікті әкімшіліктен, оқу немесе жұмыс орнынан берілген анықтама негізінде, оқырманның белгісіз бағытқа кетіп қалуы, сондай–ақ оқырман қаза болған жағдайда басылымдарды есептен шығару құқығы бар.

      

      Ескерту: Білім беру ұйымдары басылымдар мен басқа материалдарды жыл сайын есептен шығарып отыруға міндетті.

23. Идеологиялық немесе саяси есеп бойынша бсаылымдар мен басқа  материалдарды толығымен алып тастауға тыйым салынады.
































Тақырыбы: "Желтоқсанда үзілген жауқазындар"

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, слайд, док. фильм.

І Ұйымдастыру бөлімі:

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?

- 25 жыл толып отыр.

- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?

- 28 жыл.

- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?

- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

- Біздің президентіміз кім ?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?

- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Назерке доклад оқиды

жүргізуші 1

Бұрқатып өткен бұл халық мұны,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

жүргізуші 2

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар

Ақ құстай бейбіт орманы самғап

Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апайларымыз бен ағаларымыз қатысты.

ДОКУМЕНТ. ФИЛЬМ

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.

Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.

Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн

Медет болмай алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сәбирам опат болған күн.



Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман,

Сені әлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін мыс болдың,

Қарағым көрген түс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең бар да, көзің жоқ.

Қайдасың, қайда, қарағым.



Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.

Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.

Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

Желтоқсанның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Атылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым!

Алатауға абырой,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыңа

Салып берген қарағым!

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп,

Қайтейін, балам, ғаріп боп,

Жатқан жерін жарық боп,

Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!



1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.


Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық

МЕТРОНОМ

Арада төрт жыл өткен соң 1990ж 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 23 жыл толып отыр.

Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдіғім,

Бостандықта байлығым мен ендігім

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас қайсар қамалға,

Алды бүгін Тәуелсіздік тау тасым

Орман, көлім, өзендерім, далам да!

Таңым менің, қаным менің тәуелсіз,

Өткізбейік бізде бұл күнді әуенсіз!



Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймын Нұрлы отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін.



 

 

 




«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Когершін» тобында!
 және « Сұңқар» тобында. 
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы: Сәламатсызба! Баллар Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші:
 Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
«Сұңқар» тобы.
Жүргізуші:
 - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі.
 
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Мешін
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Би: Гномдар
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Би: Снежинки
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Таппақтар: «Көгершін» тобы

Дилназ

Жаңа жыл,Жаңа жыл!

Тамаша тойымыз

Алақай алақай

Өседі бойымыз

Х.Айзере

Аспан жерге төгеді

Ақ кумісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Назерке

Тоғай да бауларда

Ақ күміс жамылды

Нұрәлі

Оранды ақ көрпе

Асқар тау қарлы шың

Берген

Көптен кутип сағынған

Көрдік аяз атаны

Ғайни

Қандай қызық қыс деген

Қалтырайды құс деген

Айгерім

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңалық ізде сен

Жаңа ән жаңа жыр

Жазып бер бізге сен



Шыңғыс

Тамаша тамаша

Қандай қызық қараса

Айкөркем

Аппақ аппақ қар аппақ

Аппақ аппақ дала аппақ

Мейірлан

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық бәріміз
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
Мешін:
- Ау, қой сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Би: « Клоун »
Қой 
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Мешін
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Би: «Матреша»
Жүргізуші: Міне, балалар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата аналарға мың алғыс!

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)



Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



















 

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!