Материалдар / Тәуелсіздік-тұғырым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік-тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба "Тәуелсіздік - тұғырым". Бұл ғылыми жобада тәелсіздігіміздің қалай егемендікке қол жеткізгендігітуралы айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
601
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім жіне Ғылым министрлігі








ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

МЕН – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТЫМЫН!



Бағыты: Тарих



Ғылыми жұмыстың авторы: Сағындық Толғанай


4 сынып оқушысы

130 Абай атындағы орта мектебі

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы



Ғылыми жетекші: Жайлауова Манат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

Университетінің доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты.




Жоба жетекшісі: Ахметова Венера

Бастауыш сынып мұғалімі

















ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ:


КІРІСПЕ___________________________________________________3-4



1 АЛТЫН ҰЯҢ – ОТАН ҚЫМБАТ


    1. Ел, отан, атамекен ұғымдары____________________________

    2. Тәуелсіз елдің бір бөлшегі Тереңөзек: кеше және бүгін_____________________________________________________



2 ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН, ТУ


2.1 Менің мақтанышым – көк байрағым________________________



ҚОРЫТЫНДЫ_______________________________________________



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР _______________________






















КІРІСПЕ

Ақын тілімен айтқанда «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың арайлы таңының атқанына да – 27 жыл. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсап – армандаған Тәуелсіздік туының желбірегеніне де ширек ғасырдан асты. Тарихи өлшеммен қарағанда, өте аз көрінетін осы қысқа мезгіл ішінде бодандықтан құтылған егемен еліміз қаншама жетістікке жетті.

Әлемде өзіне лайықты орын алған жаңа да жас мемлекетіміз – Қазақстан осы уақыт ішінде төрткүл дүниеге танылды. Бұл орайда егемен еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін ешкім жоққа шығара алмасы анық.

Кез келген адам баласының туған жері, мекені бар. Сол секілді біздің де береке мен бақытқа толы, арманымызға жетуге үлес қосатын, мақтан ететін еліміз бар, ол - Қазақстан, егеменді Қазақстан!

Мен үшін туған жерімнің шуақты күні, жалтыраған жұлдызы, кең байтақ жері, әсем ғимараттары, бау-бақшасы,әсем табиғаты, аң-құсы, табиғи байлығы мен бауырмал, қонақжай халқы –қымбат. Біздің ел сияқты мемлекет басқа жерде жоқ. Себебі, біз соғыс, қасірет дегенді тек кинолар мен мультфильмдерден ғана көреміз. Сол себепті де біз бақытты халықтың ұрпағымыз.

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздікке қол жеткізген ағалар еңбегінің жемісін біз, қазіргі бақытты ұрпақ көріп келеміз. Ал оны сақтау, баянды ету бізге жүктелген міндет. Тәуелсіздікті біз қандай жағдай болса да қадірлеуіміз керек. Бұл біздің – борышымыз! Өйткені, Тәуелсіздік – ұлттық санамыздың бесікке бөленген алтын бастауы. Бастауды шаң жуытпай, таза ұстау – ұрпақ парызы. Бұл парызды орындау үшін – өз тарихымыздан тағлым алып, мемлекеттік нышандарды қастерлеп, ұлтымыздың мақтанышына айналдыруымыз керек.

Осы мәселенің маңыздылығын менің елімнің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналғанын, жазықсыз зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманы еді» [1] деп көрсетті. Сонымен бірге Елбасы біздің 70-жыл бойы орыстардың билігіне бағынуға мәжбүр болғанымызды айта отырып, қазіргі қолжеткізген тәуелсіздіктің қадірін балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап, елдің барлық азаматтары сезінуі тиіс деді.

Тарих беттерінен біздің елдің осы күнге оңай жетпегенін білеміз. Бір кездері еліміз жейтін азық болмай ашаршылықты бастан өткізіп, қаншама бауырларымыздан айырылдық. Түрлі оқиғалар қандас бауырларымыздың ел асып, көшіп кетуіне әкеп соқтырды. Одан бері де неміс басқыншылары біздің елімізді басып алғысы келіп, соғыс ашқанын, Ахмет, Әлихан, Мұстафа сияқты бабаларымыздың қудалауға ұшырағаны, 1986 жылғы аға-апаларымыздың алаңға шығып, құрбан болғандары осы тәуелсіздік жолындағы күрес. Бұл – тарих! Бұл тарихты тәуелсіз елдің болашағы біздер ұмытпауымыз керек.

Елбасы Н.Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жон теріңді сығып жүріп, еңбек ет! Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!»,- деді. Яғни мен өз елімнің, тәуелсіз елімнің азаматымын! Осы атқа лайық болу үшін жақсы оқып, маман атанып, еліме қызмет етуім керек. Бұл менің алдағы мақсатым. Мемлекетіміздің дамуының ұлттық бағыты анықталды.Ендігі жерде тәуелсіздігіміздің өмірін ұзақ ету үшін жас ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру жолдарын дар қарастырып жатыр. Сол себепті де біздің бүгінгі жобамыздың тақырыбы өзекті деп білеміз. Тәуелсіздік қадірін, қасиетін, маңызын жас ұрпақ көзімен айқындау уақыт талабы.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақтың ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі ата-бабамыз жүріп өткен жолдың әрбір қадамы - өшпес тарих, тұнған шежіре. Біз ел басына күн туған кездерде, батырлық пен батылдықты, ерлік пен өрлікті, қайсарлық пен адалдықты қатар ұстаған, азаттықты аңсаған ата-баба ұрпағымыз.

Өткен азапты жолды халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты - тәуелсіздікке қол жеткізуге ықпал еткен оқиғаларды дәріптей отырып, тәуелсіз елдің нышандары ту, елтаңба, әнұранды қастерлеуді, батырлар ерлігін дәріптеу арқылы, жастар бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, парыз, борыш ұғымдарының мәнін түсіндіру, қадірлеу.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты - Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында егемен ел ретіндегі тарихымызды сараптау. Қазақ елінің тәуелсіздікке жеткенге дейінгі өткен тарихи жолын жүйелеу, негізгі оқиғалардың мәнін арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуы тиіс:

- тәуелсіздікке жеткізген басты оқиғаларды зерделеу;

- «отан - отбасынан басталады» ұғымын нақтылау;

-елтаңба, ту, әнұран тарихын біліп, қадірлеуге үндеу;

-туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-туған жерді сүюге үндеу.

Біз өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұрғысынан қарайтын бақытты ұрпақ екендігімізді айттық, «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» [2], - деп Әлихан Бөкейханұлы бабамыз армандаған заман келді.

Біздің халық қалыптасқаннан бері бірлік пен татулық мәселесіне айрықша мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағалап келген. Халық бірлігі – егемендіктің, мемлекеттіліктің негізі екендігін түсінген елміз.

Біз, ХХІ ғасырдың жастары, ата-бабамыздың ерлігін мақтан тұтып, болашағымыздың жарқын болуына аянбай тер төгуіміз қажет. Білімді ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы, сондықтан да ел ертеңі біздің қолымызда. Осыны түсіне отырып, мен, озат, өз елін мақтаныш тұтатын шәкірт атанғым келеді. Достарымды да соған шақырамын. Білімді болмасақ, өзге мемлекет мойындайтын күштілікке ие бола алмаймыз. Қазіргі қазақ жастары сапалы әрі үздіксіз білім ала отырып, сол үміт пен сенімді ақтауымыз керек. Қазақтың ұлы ақыны, сөз шебері, өлең сөздің патшасы Абай атамыз:

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан,- деп жырлағандай, әр оқушы мектептен бастап еліміздің өсіп-өркендеуіне, мемлекетіміздің болашағына өз септігін тигізсе, нұр үстіне нұр болады.

Менің түсінігімде ешуайымсыз, бейбітшілік заманда өмір сүргеннен артық бақыт жоқ. Қазір телеарналардан күнделікті әлемнің әр түкпірінде небір қырғынның болып жатқанын көріп, біліп отырмыз. Тәуелсіздік алған жылдан бері татулық пен тұрақтылыққа мән беретін елде туғаныма, ел сенімін ақтайтын, халқына жанашырлық танытатын, болашақты болжай алатын биліктің болғанына қуанамын. Өз замандастарыма ел, туған жер, отан, тәуелсіздік, көк байрағымыздың қасиеті, әнұранымыздың маңызы мен елтаңбамызды қадірлеуге шақыратын зерттеу жасай алсам, көздерін жеткізе алсам мақсатыма жеткенім деп білемін. Cондықтан да мен үшін бұл тақырыпты ашу барысында алдымызға қойған мақсатымыз маңызды.

Зерттеу жұмысының дерек көздері. «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан», «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы мен бұқаралық ақпарат құралдарының тігінділері.

Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық мәні. Зерттеу нәтижелерін орта білім беретін оқу орындарында бас тауыш сынып оқушылары үшін үйірмелер мен факультатив сабақтарында, тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

















ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ БӨЛIМI


1 АЛТЫН ҰЯҢ – ОТАН ҚЫМБАТ


    1. Ел, отан, атамекен ұғымдары


Кез келген адам баласының туған жері, мекені бар. Сол секілді біздің де береке мен бақытқа толы, арманымызға жетуге үлес қосатын, мақтан ететін еліміз бар, ол - Қазақстан, егемен Қазақстан!

Отан туралы қазақтың мақтанышына айналған Мұқағали Мақатаев:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған...
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... [1]– деп жырлады. Осыдан артық Отанның қадірін сипаттау мүмкін бе?

Мен үшін де Мұқағали ақын айтқан туған жерімнің көгінде нұрын төгіп тұрған күні, жалт-жұлт еткен жұлдызы, кең байтақ жері, әсем ғимараттары, әсем табиғаты, бауырмал, қонақжай халқы – қымбат. Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыны, Шерхан, Әбіштей аталарымыздай сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік, құтты қазынасы мол туған жеріміздің бар екені – әрбір қазақтың мақтаны.

Елдің арқа сүйер тұтқасы – біз, жастар! Өз елінің патриоты болатын азамат қана Отаны үшін көп еңбек сіңіріп, отқа да, суға да түсіп, өз елінің бетке ұстары бола алады. Әркезде «Мен өз Отаным үшін не істей аламын?» деген қағиданы ұстануымыз керек. Сонда ғана бабалар салған даңғыл жолдан таймаймыз. Еңсесі биік, ерлігі дастан зайырлы мемлекетіміздің дамуына үлесін қосып жүрген аталар, ағалар еңбегін бағалай аламыз.Өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып, елі үшін игі істер атқарсақ, Елбасының бастаған «Мәңгілік ел» идеясына сай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына еніп, алпауыт мемлекеттердің бірі боларымыз анық.

Қазіргі таңда мемлекет біз үшін, білім, ғылымды тереңірек меңгеруіміз үшін қолдауын көрсетуде. Бізге үміті мен сенімін артып, барлық жағдай жасауда. Сол себепті, біз, ХХІ ғасырдың жастары, ата-бабамыздың ерлігін мақтан тұтып, болашағымыздың жарқын болуына аянбай тер төгуіміз қажет. «Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі» екенін ескеріп, қазіргі қазақ жастары сапалы әрі үздіксіз білім ала отырып, сол үміт пен сенімді ақтауымыз керек.

Ел болашағына үлес қосу дегеніміздің өзі бүгінде өз тілімізді құрметтеп, оның жоғалып кетпеуі үшін туған тілдің құдіретін сезініп, оны аса құнды мұра ретінде бағалау емес пе? Бірақ бүгінгі таңда ана тілімізді кіршіксіз сүю, оны құрметтеу жастарымыздың арасында жоғалып бара жатқандай. Абай атамыздың бір сөзінде: «Орыстан өнер үйрен, білім мен ғылым үйрен, бірақ сана-сезімі мен салт-дәстүрін, тәрбиесін үйренбе!»,- деген екен. Біз бүгінгі ұрпақ ана тілімізді шұбарлап, басқа тілге еліктеп, сол тілде сөйлесек, қазақ тілін ұмытсақ, ертеңгі болашағымызға қалай елестетеміз? «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ақын сөзін ешуақытта ұмыптауымыз керек. Ендеше, біз ана тілімізде таза сөйлеп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан қасиетті тіліміздің жоғалып кетпеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде соңғы деміміз қалғанша сол қасиетті тіліміз бен салтымызды ұмытпай, ертеңгі келешектің игі істеріне ғана қызмет етуін қамтамасыз ету – ұрпақ алдындағы борышымыз.

Өз замандастарымды елімнің ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, не нәрсеге де жанашырлықпен қарауға шақырғым келеді. Алланың көрсеткен әрбір күніне шүкіршілік айта отырып, адам болып, кеудеңде жаның тұрғанда айтар ойыңды, істер игі ісіңді еліңнен аямау қажеттілігін де түйсінгендеймін.

Ұлы мұраттарға жетер жолда жасалатын, басылатын әрбір кішкене қадам сүйіспеншілікпен жасалса, шынайылық пен жауапкершілік сезімі болса, біздің жетер жетістігіміз мол болары сөзсіз. Осы орайда мен өзімнің қазір оқып жатқан мектебімде өтетін іс-шаралардың кішісі, үлкеніне қарамай, қалмай қатысуды өзімнің алдыма мақсат етіп қойдым. Өйткені осы аз уақыт ішінде көңілге түйгенім: қандай да бір шараға қатыссақ та, одан алатын тағылым мен тәрбие рөлінің құндылығы бар. Сонымен қатар өз сыныбымда неше түрлі игі шаралар ұйымдастырып, оның қызықты да мазмұнды өтуіне мұрындық болуды өз парызым деп санаймын. Осындай бақытты елде жүріп, бақытты заманда өмір сүре отырып біздің елдің көркеюі мен болашағына атүсті қарауымыз – кешірілмес күнә.Келешек ұрпаққа ісіңмен де, сөзіңмен де үлгі болу – азаматтық парыз.

Айта берсек, ой тізгінін тежеу оңай емес. Десек те бәрінің тоғысатын арнасы – мемлекетімнің гүлденуіне қайтсем өз үлесімді қосу мәселесі. Бір білерім, мен өтірік сөйлемей, ата-анамның айтқанын істеп, жақсы оқып, ата-әжемді қадірлейтінім, өскенде оларға қамқор болатыным анық. Мен бейбіт елде өмір сүріп жатырмын. Сол себепті де мен бақыттымын. Ең бастысы жақсы замат болып өсу үшін ел, туған жер, отан сөздерінің мағынасын дұрыс біліп, қадірлей алуым керек.

Отан - ұлағатты ұғым, қасиетті сөз. Халық нақылында: «Отан – оттан да ыстық», «Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді», «Отан үшін отқа түс», «Отаным – алтын бесігім», «Туған ел – алтын бесігім», «Елі байдың жері бай» деген даналық ойлар бар. Құс ұясыз болмайтынындай, адам да Отансыз болмайды.

Мынадай аңыз бар: бірде сахаба пайғамбарымыз Мұхаммедтен: «Уа, Расулла, ең абзал амал не?» - деп сұрағанда, ол: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру...» деп жауап берген екен.

Отанды қорғау – әр азаматтың асыл міндеті, перзенттік парызы. Егер біз сонау ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағанын, ұлын құл, қызын күң еткізбегенін, батырлық пен ержүрек сезімдерінің басым болғанын байқаймыз. Сонымен бірге біздің аталарымыздың жауына қатал, досына адал, соңғы демі қалғанша туған жерін қорғауда қолынан найза түсірмегенін білеміз. Орлардың осындай жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Сонымен бірге отанымызды қорғаған, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алдырып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңген сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері де бізге үлгі. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деп дұшпанына қарсы тұрған Тұмар падиша байтақ та бай, дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз.

Заңғар жазушымыз М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ десе, ақын атамыз М.Шаханов:

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Тайсалма, бар, Отанның құрбаны бол!
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа»...
О, дариға, алтын бесік — туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!
Отан!
Перзентке жүктеген қорғанысын,
Сен намыстың ну қалың орманысың...- деп жырлайды.

Отан сөзін әркім өзінше түсінер, мен үшін «Отан» деген сөздің мағынасы дүниедегі ең асыл да ардақты, қымбат та ыстық, ой түйсігінің шырқау шыңының ұшар басындағы қасиетті ұғым. Сонымен бірге отан менің отбасым. Отан – туған анаң, туған жерің, Отаның, тілің, салт-дәстүрің, тарихың мен мәдениетің.

Мен өз елімді, өз халқымды ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерім мен әдет-ғұрыптарымды жан-тәніммен сүйемін. Отанды, елді, халықты сүю үшін әркім өз халқының даму тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін жетік білуі шарт. Әйтпесе мемлекетке, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мүмкін емес. Кішкентай бұлақ көзінен бастау алған тасқындай, әркімнің еліне, халқына деген сүйіспеншілігі кіші Отаны – туған жерінен басталатынын өмір заңдылығы деп білемін.

Алаш арысы Міржақып Дулатов «Алаш» сөзінің мағынасы – Отан кісісі, адамы, отандас деген мағына беретіндігін айтады [2]. Отан – мемлекет. Оны қорғау – мемлекетшілдік. «Отан»- деген сөздің мағынасы: туған ел, өскен жер, үй - іші, отбасы.

Отан сөзінің баламасы ретінде атамекен деген сөзді де пайдаланамыз. Қазақстан — менің атамекенім. Атамекен деген — туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес.

Осы ғылыми жұмысты жазу барысында көп еңбектерді қарадым. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Ел» деген сөз екі түрлі мағына беретін термин екендігі айтылған. Біріншіден ел – мемлекет сөзінің синонимі. Екіншіден, географиялық ерекшелігі бар аймақ, аймақ бөлігі. Ал егемендік сөзі француз тілінен енген, жоғары билік деген мағына береді екен. Егемендік ұғымын да тұңғыш рет осы француз ғалымы Жан Боден XVI ғасырда қолданыпты. Егемендік дегеніміз толық тәуелсіз болу.

Біздің еліміз 1990 жылы 25 қазанда  өзінің егемендігін жариялады. «

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!