Материалдар / Тәуелсіздікке 30 жыл!

Тәуелсіздікке 30 жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» тәрбиешісі Жүздібаева Айгүл

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!»



Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады.

III мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2000 ж. қалыптастыБұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы дәл осы онжылдықтарда  заманауи  мемлекеттің  негізін қалаушы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігі  жариялағаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке дейінгі өткерген қиын жолында.Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет,  толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді. Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен және Қытаймен шектеседі. Әзірбайжан  және Иранмен су шекаралары бар.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілді. 

Алғашқы  мемлекеттік акт – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация» болып табылады. 1993 жылы 28 қаңтарда егемен Қазақстанның Тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізіліп, оған қатысқан азаматтардың 90%-дан астамы жаңа Конституцияға дауыс берді. Егемен Қазақстан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік-құқықтық және унитарлық мемлекет болып жарияланды, ол үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады.

Егемен Қазақстанның алғашқы Конституциясы жоғарғы заң күші ретінде ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздіктің негізін қалады. Ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер ашты. Ғасырлар мен ондаған жылдар бойы ұмытылған тұлғалардың есімдері мен жәдігерлері оралды, мемлекеттік қазақ тілі қайта жанданды.

Осы кезеңде республикада тарихты еске алу шаралары, қазақтың ұлы билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би; қуғынға ұшыраған қайраткерлер - Т.Рысқұлов, С. Ходжанов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, (желтоқсан оқиғаларының қаһармандары және т.б.) сияқты көрнекті тұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шараларының  тәжі өткен жылы ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді.

Көптеген сынақтар мен қиындықтарды басынан кешірген Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайды.

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.

Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендердің тұтас легі өсіп-жетілді. Бүкіл әлемді аузына қаратқан ғажайып дарын иелері де бар. Олар – Қазақстанның мәдени келбеті, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететін рухани елшілерміз, біздің айрықша күшіміз («soft power»). Осындай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті.

Жаһандану заманында айдай әлем алақандағыдай болып қалды. Талапты ұл-қыздарымыздың жер жүзіндегі кез-келген елге барып, білім алуы қалыпты үрдіске айналды. Сонда қалып, қызмет істеп жүргендер де аз емес. Осы орайда, ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылық бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін.

Халқымыз «Атың барда жер таны, желіп жүріп» дейді. Кезінде Елбасы бозбала шағында Украинаға аттанып, еңбек, білім және әкімшілік дағдыларына ие болды. Мен де білім қуып Мәскеуге сапар шектім, өзге мемлекеттерде жұмыс істедім. Біздің талай замандастарымыз бүгінгі жастар сияқты алыс шетелдерге бара алмаса да, Кеңес Одағының түрлі қалаларында білім алды. Бірақ, басым көпшілігі тамырынан ажырап, ол жақта біржола қалып қойған жоқ. Елге келіп, еңбек етті. Сондықтан жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Мысалы, әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсіптерін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасауымыз керек.       

Дарынды жастардың бәрі шетелде жүрген жоқ. Ел ішінде де білікті әрі білімді өрендер жетіп артылады. Біз оларды басшылардың жаңа буынын дайындауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс.

«Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын.

Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету.

Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.

Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. 

Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін.

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.  







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ