Материалдар / Тәуелсіздікке 30 жыл мерей той

Тәуелсіздікке 30 жыл мерей той

Материал туралы қысқаша түсінік
Шырылдап дүние есігін ашқан шақалақ адам болып кетуі үшін, ата-анасы түн ұйқысын төрт бөледі. Жеміс ағашының да жайқалып өнімін бергенше, бағбан маңдай терін төгеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақшасы» І санатты тәрбиеші Алибекова Айгүл


Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»


Шырылдап дүние есігін ашқан шақалақ адам болып кетуі үшін, ата-анасы түн ұйқысын төрт бөледі. Жеміс ағашының да жайқалып өнімін бергенше, бағбан маңдай терін төгеді.

Тас боп қатқан тарихқа көз салатын болсақ, Қазақстан да тәй-тәй басып, құрсауланған болат шынжырдан босаған жігіт екен. Бүгінде отызда. Данышпан халық "орда бұзар жас" деп жатады. Халық асқан татулық пен бірліктің арқасында орда бұзса, енді қамалды да алады деп ойлаймын.

Тәуелсіздік – әр перзентті елең еткізер құдыретті сөз. Еліміз бостандықтың туын желбіреткелі 30 жыл. Осы уақыт аралығында небір оқиғаларды бастан өткерген Қазақстан, бүгінде құлашын кеңге жайған алып мемлекет. Өзінің дербестігі мен мықтылығын өзгеге дәлелдей білген дана ұлт. Әрбір саналы азамат өзіне есеп бере білуі тиіс. «Отыз жылда нені тындырдық?», «Еліме қандай үлес қостым?» деген сынды сұрақтардың жетегінде ойланатын болсақ, өткен-кеткенді саралап, жеткен жетістікті тізіп жазатын маңызды сәт.

Керей мен Жәнібектің хандық құрып, тәуелсіздік үшін төсеген алғашқы кілемі, қазір жұмсақ, жұмыр, жібек. Себебі ешкімге жәутеңдемей, тәуелсіз елде қанатын кеңге жайған құстай еркін ұшып келеміз.

Бостандық ащы запранмен келген тәтті ұғым деседі. Осы жолда басына төнген нәубет пен қияметтің ауыр салмағын сезінуіміз тиіс. Себебі отырған ортасын ойраңдап жатқан жастар қаншама. Әдеміліктің бәрі құдды бір-ақ күнде құрыла салғандай.

Өзге ұлт пен ұлыс өкілдері күмәндана қарады. Көрші ағайын Түркия алғаш болып мойындаған. Ұят пен намысты бірінші орынға қойған ел үшін басты салбыратпай, қалайда тік көтеру керек болды. Досқа күлкі, дұшпанға таба болған жоқ.

Өзінің орнын ойып беру үшін маңызды отыз қадам жасады. Ең алғаш 1991 жылы тәуелсіздігін алды. Мұны мұхиттың ар жағындағы халыққа дейін мойындады. Шекарасын белгіледі. Рәмізін бекітті. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Ата заңымыз қабылданды. Валютамыз - теңге айналымға енді. Жаңа астанамыз ресми түрде жарияланды. Зейнетақы реформасы басталды. Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Санақ өтті. Алғаш рет қысқы Азия ойындары бізде болды. Әлемдік көрме өткізу құқығын да алдық. Тың бастама мен жаңа белестер үшін үкіметті қайта құрды. Мәдениетімізді дамыту үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асты. Мысалы "Мәдени мұра". Өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрамдар енді. Тіл мен дініміз бар.

Құрылыс нысандары бой көтерді. Білім саласына аса көңіл бөлініп, "Болашақ" бағдарламасы дүниеге келді. Білімді жастардың тегін ілім игеруіне жағдай жасалды. Дегенмен жетімдер мен қарттар үйі азаймай тұр. Кісі өлтіру, тонау, қорқыту мен үркіту сияқты қылмыс қарасы көбейіп жатыр. Мұны күнделікті жаңалықтан-ақ аңғаруымызға болады.

"Мен елімді дамытамын", "дамуына үлес қосамын" деген жауыр болған шаблоннан жастарды шығару керек. Әр азаматтың құнды тәрбиесі мемлекет іргесінің дұрыс қалануына үлес қосар еді. Адамгершілік, өзгеге қол ұшын созу, ешкімнің ала жібін аттамау, өзгеге қиянат көрсетпеу сынды қасиеттер елді алға жетелейді.

Қазақта «Отан оттан да ыстық» деген сөз бар. Отанның бәрінен қастерлі ұғым екенін дөп басып жеткізген. Тәуелсіздік – оңайлықпен келмеген ұлы жеңіс. Жасымаған жігер, қайтпас намыстың отымен ел басына енген бақ. Тек соны бағалай білсек екен.

Тәуелсіздік мәңгілік тұғырымыз болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ