"Тәулік бөліктері" Сабақ жоспары 2 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәулік бөліктері" Сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 11.03.2021

Сыныбы: 2д– сынып

Пәні: Математика

Оқушылар саны: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: Тәулік бөліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәулік және тәуліктің бөліктері туралы білімдерін жалпылау, тәуліктің бір бөлігін ажыратып, атай білуді бекіту.

Түзету-дамытушылық: Танымдық қабілеттерін арттыру. Танымдық іс-әрекетке қызығушылықтарын арттыру, таңертең, түс, кеш, түн сөздерін пайдалану ұғымдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа, күн тәртібін жоспарлауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, сағат, тіл дамытуға арналған сурет, логикалық есеп, күн тәртібіне байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, талдау.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.



ІІ. Негізгі бөлім.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

  • Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай).

  • Айлардың атын атаңдаршы. (Наурыз, сәуір, мамыр).

Тәулік бөліктері төртке бөлінеді. Олар: таң, түс,кеш, түн.Тәуліктің бөлінуі бір жағынан қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен байланысты мысалы, күннің, айдың,жұлдыздардың пайда болып жоғалуы,екінші жағынан  адамдардың тәулік бөліктеріне байланысты еңбек етіп және демалуының алмасуы.

Балалар күн шығады, түс болады, одан кейін кеш болады, осылай күн мен түн ауысып тұрады. Бірақ уақыт ауысып қайта келгенмен, күн ай, жыл өзгеріп отырады. Сонымен бірге сендердің бойларында, ойларында өзгеріп отырады.

Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген?  Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады?



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

Суретте көрсетілген тәуліктің қай бөлігіне сәйкес келетінін жаз.

2-тапсырма.

«Қай уақыт?». Сағатта көрсетілген қай уақыт екенін анықтап, соған сай іс-әрекет түрін көрсету қажет. Басқа іс-әрекеттерді де талдап кету қажет.



3-тапсырма.

Логикалық есеп. Оқушылардың әрқайсысына беріледі.




ІV.Сергіту сәті.

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.



4-тапсырма.

Сағатта көрсетіліп тұрған уақытты бос тор көзге жаз. Тәуліктің қай бөлігі екенін айт.



5-тапсырма

Хикая картасы бойынша өзіңді мысалға ала отырып, әңгімелеп бер.





V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

Тәулік бөліктерін деген не?

Таңертең не істейміз?

Түсте не істейсіңдер?



VІ. Қорытынды

Оқушылар, біз бүгін «Тәулік бөліктерімен» таныса отыра, уақыт мезгілдерді білдік. Тәулік бөліктерін пайдалана отырып, күн тәртібін жоспарлауға болады. Бұл бізге күнделікті жасайтын жұмыстарымызды ұмытпай орындауға көмектеседі.

Осымен сабағымыз аяқталды, белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!







Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі