Материалдар / «Таза ауыл-таза болашақ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Таза ауыл-таза болашақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеудің мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу .Қоқысты пайдаға асыру тәсілдерін анықтау. Зерттеудің міндеттері: - мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері көп кездеседі; - өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ; - тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі тез ыдырайды ;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
753
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы

1 мектеп-гимназиясы



Ізденуші:Кушабай Ақбота Кенжебекқызы

4 ә сынып оқушысы


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

«Таза ауыл-таза болашақ»



Секция:Химия,биология




Ғылыми жетекшісі:Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы

биология пәнінің мұғалімі







2018 жыл







МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе

ІІ.Зерттеу бөлімі

II.1. Қоқыс – ғасыр мәселесі

II.2. Гарбология – қоқыстану ғылымы

II.3. Қоқыстың зияны

II.4.Адам табиғатты құртатын негізгі тұлға

II.5. Тұрмыстық қалдықтар несімен қауіпті?

II.6. Қалдықтарды екінші рет пайдалану

II.7.Есте сақта!Заңдар мен ережелер

ІІІ.Тәжірибелік бөлім

ІІI.1 Сауалнама жұмыстардың қорытындысы

ІІI.2.Қоқыстардың ыдырау мерзімдерін анықтау.

ІІI.3.Өсімдік және азық-түлік қалдықтарынан компостер жасау.

ІІI.4.Қоқыстың мөлшерін отбасында және мектепте анықтау

ІІI.5.Қағазды қайта өңдеу

ІV. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі









Түйіндеме

Зерттеудің мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу .Қоқысты пайдаға асыру тәсілдерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері көп кездеседі;

  • өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ;

  • тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі тез ыдырайды ;

  • қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал тәсілдерін білу және оларды қолдану ;

  • өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде тәжірибе жасау;

- ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту

Зерттеудің болжамы:Егер де әртүрлі тұрмыс қоқыстарын топтарға іріктесек және де оларды әрбіреуін қайта өндеу жолдарын тапсақ, онда қоқыстардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға болады.

Зерттеудің кезеңдері:

1.Сарыкемер ауыл көшелердің тазалығы қандай жағдайда қаралып, тексерілді.

2.Коммуналдық мекеме «ИП Заурбеков» тығыз байланыс жасалды.

3.Баспа беттерінен мәліметтер алынып, жинақталды.

4.Кітапханадағы кітаптармен танысып , керек мәліметтер алынды.

Зерттеудің әдістері:

Жинақтау, жүйелеу, анықтау, талдау, салыстыру сипаттау.

Зерттеудің жаңалығы:

Қазіргі уақытта қала, ауыл оқушыларына қоқыстын қайта өңдеу мәселесіне көз қарасын зерделеп шығармашылық жұмыстарға қызықтыру арқылы, адамзаттық рухани байлығын бойларына сіңіру, жан-жақты тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің нәтижесі:

Біздің болжамымыз бойынша тұрмыстық қоқыстарды топтастырып, сорттау арқылы қайта өңдеуі дәлелденді.

-Мектеп және үй маңында сенбіліктер өткіз.

-Кез келген жерге қоқысты тастама

-Саяхат серуен кезінде орманда, көл жағасында қоқыстарды қалдырып кетпе, жинап кет.

-Қағаз қалдықтарын жинап, қайта өндетін мекемелерге тапсыр.

-Дәптер, альбом қағаздарын үнемдеп пайдалан.

-Оқулықтарды ұқыпты ұста.

-Өз заттарынды бағалай біл- сонда олар көп уақыт қолданыста болады.

-Өзін кимейтін, жағдайы жақсы киімдеріңді тұрмыс жағдайы төмен адамдарға көмек ретінде бер.

-Азық-түлікті үнемдеп пайдалан.

-Қолданыстан шыққан затқа жаңа өмір сыйла.






І. Кіріспе

1.1.Жер бетіндегі қоқыс туралы мағлұмат

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Дәл қазір облыс аумағында 41 миллион тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналып қалыпты. Оны қайта өңдеуден өткізуге, белгілі бір уақыттан соң жер астына көмуге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Соның салдарынан жаңағы қараусыз қалған қатты қалдықтар күн өткен сайын көбейіп келеді.

Ғылымдар сендіру бойынша тұрмыс қалдықтарының әрбір тобында өз ыдырау мерзімі бар және өндірісте шығарылған материалы мен мерзіміне байланысты ол қоршаған ортаға өз зиянын әкеледі.

Мен үйдегі және мектептегі қоқыс шелектерінде көп болған қалдықтар тобына ыдырау уақытын анықтау үшін практикалық жұмыс жүргізуді шештім.




ІІ.Зерттеу бөлімі

II.1. Қоқыс – ғасыр мәселесі

Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 млрд-на жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіңдіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.
Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің 
гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?Уақыт өтіп жатты, адамдар қалалар сала бастады, қоқыс күннен күнге көбейе түсті. Бірақ оны әдеттегідей үйдің жанына тастап жатты. Көң және үй жануарларының еліктері, көмір және күл өнеркәсіпті қаллардың көшелері мен көлденең көшелерін басып жатты. Шошқалар көше бойын ас қалдықтарын жеп кезіп жүрді.Қоқысты қала сыртындағы қоқыс тастайтын жерге апарып тастай бастады. өткен ғасырдың аяғынан бастап, қоқысты арнайы заводтарды жағып жіберетін болды. Жағып жіберу қоқыс көлемін азаюға әкелгенімен тұрғындар бұл заводтардың маңайындағы жағымсыз иіске және денсаулықтарының нашарлауына наразылық білдіре бастады.Осының барлығы – қоқыстың біздің үйімізге көбеюіне әкеліп соқтырады. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!