Материалдар / "Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім" сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайысымыздың бірінші кезеңі – «Пернетақтадағы мақалдар», ІІ – кезең «Синонимдік тор», ІІІ – кезең «Әріпті сұрақтар», IV – кезеңіміз « Ымды түсінбеген, дымды да түсінбес» .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім!»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, таратпа қағаздар, пернетақта.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру.

Мұғалім: Құрметті мұғалімдер мен оқушылар!Тілдер мерекесінің онкүндігіне арналған «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. Ондай болса, сайысымызды бастамас бұрын қатысшыларымызды 3 топқа бөліп алайық. Оқушылар парта бетінде тұрған суреттерді таңдайды:

1-топ: «Тақия» тобы

2-топ: «Шапан» тобы

3-топ: «Былғары етік» тобы


Сайысымыздың бірінші кезеңі – «Пернетақтадағы мақалдар». Бұл кезеңде интерактивті тақтаға ағылшын әріптері мен түрлі символдар арқылы жазылған мақалдар беріледі. Әр топтан бір қатысушыдан шығып, жазуды тере отырып, тілге байланысты жасырылған қазақша мақалды табуы керек. Бірінші тапқан оқушының тобына 1 балл.



  1. N2k nfc ;fhfls6 nfc ;fhvfcf ,fc ;fhfls (Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады)

  2. N2k 0sksinfy lf –mr3h (Өнер алды – қызыл тіл)

  3. N3k 0sksinfy lf –nr3h (Тіл қылыштан да өткір)

  4. Fyf n3k34 fkgsc n3kut nfnbls (Ана тілің алпыс тілге татиды)

  5. N3k f9skls4 0kitv3 (Тіл ақылдың – өлшемі)



ІІ – кезең «Синонимдік тор» деп аталады. 3 топқа да бірдей бірнеше сөздер беріледі. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, «өрмекші торына» жазу керек. Бірінші әрі дұрыс аяқтаған топқа - 5 балл. Берілген сөздер: әдемі, суық, күшті, таза.





ІІІ – кезең «Әріпті сұрақтар» деп аталады. Шарты: барлық сайысқа қатысушы оқушыларға бір-бір әріптен (қайталанбайды) таратылып беріледі. Кімге қандай әріп түсті, сол әріптен басталатын қазақ тіліне қатысты әртүрлі сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап берілген сұраққа 1 баллдан.

«А» - «ақылды» сөзінің түбірі?

«Ә» - «әдемі» сөзінің антонимі?

«Б» - «Болған іске болаттай берік бол» деген сөйлемдегі «болаттай» сөзінің мағынасы?

«С» - «сырға» сөзді жекеше түрде, екінші жақта қалай тәуелденеді?

«Д» -«доп» сөзі шығыс септігінде қалай болады?

«Р» - етістіктің райларын ата?

«Ш» - сын есім шырайларын ата?

«М» - Моңғолия, Маңғыстау, Меркурий қандай сөздер?

«Н» - Нақ осы шақ дегеніміз не?

«Ғ» - «ғарыш» сөзі барыс септікте қалай болады?



IV – кезеңіміз « Ымды түсінбеген, дымды да түсінбес» деп аталады. Бұл кезеңде бірінші топтың бір қатысушысы шығып, мұғалім көрсеткен қағаздан тұрақты сөз тіркесін оқиды да, келесі топқа сол тіркесті іс- қимыл, ыммен түсіндіреді. Қай топтың қатысушысы дұрыс тауып, мағынасын дұрыс айтса, сол топқа 1 баллдан беріледі. Солай әр топтан кезекпен бір-бір қатысушыдан шығып, ойынды соңына дейін жалғастырады.

Берілген тұрақты сөз тіркестері:

1.Бармағын тістеді (өкінді)

2.Екі езуі екі құлағына жету (қуану)

3.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

4.Көз қиығын салу (қарау)

5.Қой аузынан шөп алмас (момын, жуас)

6.Сақал сипап қалу (алдану)

7.Сөз байласу (келісу)

8.Таяқ тастам жер (жақын жер)

9.Кірпік қақпау (ұйықтамау)

10.Жұмған аузын ашпау (сөйлемеу)

11.Ала жібін аттамау (қиянат жасамау)

12.Бауыр басу (үйрену)

13.Арқа сүйеу – сүйеніш еті

14.Жағасын ұстау – таңдану

15.Көз байлау – алдау

16.Саусағының ұшын қимылдатпады -қозғалмады, еш нәрсе істемеді.

17. Екі көзі төрт болды – қорықты

18. Жерге кіріп кете жаздау –ұялу

19. Бүйректен сирақ шығару - болмашы нәрседен шатақ шығару

20.Қоян жүрек – қорқақ


 Сабақты қорытындылау:

Мұғалім: Осымен бүгінгі «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім!» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар орындалды. Енді әділқазы алқалары ақылдасып, жеңіске жеткен топты анықтағанша, топтар арасында сергіту сәтін ұйымдастырып жіберейік. Сайысымызға қатысушы топтарымызды ортаға шақырамыз. Музыка қосылады. «Тақия» тобы баспен, «шапан» тобы денемен, «былғары етік» тобы аяқпен билеп, көңіл көтереді.

Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына беріледі. Жеңіске жеткен топ мадақтау қағазымен марапатталады.




















«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ
















«Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім!»

(сайыс сабақ)





Қатысатын сынып: 9 «А» сынып

Жауапты мұғалім: Г.Абдығапар













2021-2022 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!