Материалдар / «Тазалық-денсаулық кепілі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тазалық-денсаулық кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды. 2. Жеке бас гигиенасы туралы әңгімелейді. 3. Тазалық сақтау ережелерін құрастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.4.

Дені саудың-жаны сау

Денсаулық пен қауіпсіздік

Мектеп: Х.Доспанова атындағы № 30 ЖОББМ

Күні:

Сынып: 1-сынып


Мұғалімнің аты-жөні: А.Т.Кубиева

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Тазалық-денсаулық кепілі»

Оқу мақсаты:

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын

дәлелді түрде түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

1. Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды.

2. Жеке бас гигиенасы туралы әңгімелейді.

3. Тазалық сақтау ережелерін құрастырады.


Тілдік мақсаттар


Терминология:

-гигиена,

-тазалық,

-жеке жауапкершілік, өзін-өзі күту.


Диалогқа арналған сұрақтар мен сөз тіркестері:

- Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

1. Баладан қашқан заттарды ата.

2. Баладан барлық заттар неге қашып барады?

3. Бала бәрімен дос болу үшін қадай ақыл айтасың?


Құндылықтарды дарыту:


Еңбек пен шығармашылық:

Жеке бас гигиенасын сақтау (өз қолдарын жуған кезінде)

Ермексаздан, қағаздан доп жасағанда.

Ынтымақтастық:

Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен жұмыс жасайды.

Пәнаралық байланыстар:

Музыка («Аю, аю» сергіту сәті кезінде әуенмен айтады.)

Сауат ашу (Гигиена туралы түсініктерін қосады)

Көркем еңбек (Ермексазбен доптың бейнесін жасайды)

Бастапқы білім:

Дене мүшелерін таза ұстау керектігін біледі.




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут





І. Ширату

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, Қадыр Мырзалиевтің « Не үшін?» өлеңін бірге айтамыз.

-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ деген не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Жүрек деген не үшін керек?
-Жауларымнан қыңбау үшін.
-Тіл мен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың…
-Шетте жүрсем, Туған жерге қайту үшін!

- Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?


Сабақ мақсатымен таныстыру:

1. Жеке бас гигинасына қатысты ережелерді атаймыз.

2. Жеке бас гигинасын сақтау туралы әңгімелейміз.

3. Тазалық сақтау ережелерін құрастырамыз.




Сабақтың ортасы

5 минут





























5 минут























2 минут















7 минут





























9 минут








































3 минут


























3 минут



























ІІ. Жаңа сабақ

Ұжымдық жұмыс

«Мойдодыр» мульфильмінен үзінді тамашалау.

AutoShape 2











Тапсырма арқылы саралау

Сұрақтар:

1. Баладан қашқан заттарды ата.

2. Баладан барлық заттар неге қашып барады?

3. Бала бәрімен дос болу үшін қандай ақыл айтасың?


Бұл сұрақтарға жауап беру үшін сары таяқшаға А деңгейлі, жасыл таяқшаға В деңгейлі, қызыл таяқшаға С деңгейлі оқушылардың атын алдын –ала жазып қойып, түске сәйкес суыра отырып, сараланған сұрақтарға ауызша қолдау көрсетіледі.

(Оқушылардың пікірлерімен сабақтың алғашқы мақсаты жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды)


«Сылдырлақ қоржын» ойыны









Бүгінгі сабағымызға қажетті заттар сиқырлы қоржынымызда бар ма екен? Қоржынның ішінде сабын, тіс жуғыш щетка, тарақ, қайшы, ыдыстағы су, сүлгі бар. Кезекпен шыққан оқушылар қоржынның ішіне қолын салады да, қолымен ұстап, заттардың атын табады. Бізге тазалық үшін не қажет екен?

Жеке бас гигиенасы-бұл денені және киімді таза ұстау. Гигиена ережелерін сақтау денсаулықтың мықты болуына көмектеседі.

Қалыптастырушы бағалау.

Заттың атауын тапқан әрбір оқушыны «От шашумен» бағалайды.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрып, мұғаліммен бірге іс-әрекетті жасап, өлең айтамыз.

Аю, аю тұршы,

Бетіңді жушы,

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.


Мен қазір тұра алмаймын,

Бетімді жуа алмаймын,

Шашымды тарамаймын

Ертең көктем келгесін,

Ойнауға кел менімен.


Оқулықпен өзіндік жұмыс

Шығармашылық дағдысына сай оқушылар сараланады.

Оқулықта сурет берілген, сол суретке қарап, жетекші сұрақтар арқылы жауап алынады.

-Балалар, қандай спорттық ойындарды білеміз?

-Футбол ойынын кім жақсы көреді?

Футбол ойнау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

-Доп қажет.

Оқулығымызға назар аударсақ, балалар футбол ойнаған екен. Футбол ойнап олар жүгірді, терледі, жерге құлап топырақты ұстады, аяқпен тепкен допты қолымен ұстады. Соңында екеуі шаршап, үйге келді. Олар не істеді екен?

-Ендеше,біздер қазір футбол добын жасап көрейік.

1. Қағаздағы доп суретін бояйды.

2. Қағаздан доп макетін қияды.

3. Ермексаздан доп жасайды.

Әр топ өз жұмыстарын салыстырып, өзара бағалайды.

Ал қолымызға қарайықшы, не болды? /лас/

Сусабынды алып, кезекпен қолымызды жуып, сүлгімен сүртеміз.

Қалыптастырушы бағалау «Шапалақ»

Балалар, біз тап-таза болсақ, таза алақанымыздың даусын естиікші.

(Жеке бас гигиенасы туралы әңгімелеу мақсатына жетемін)


Топтық рөлдік ойын «Дәрігер»

Рөлдік ойын бағалау бойынша сараланады.

Әрбір топқа суреттер беріледі. Заттарды қолданып, топтағы дәрігер-оқушылар әр затты қолдану ережесін құрастырады да, кір жайғышқа іледі. Оқушылар дайындық үшін төмендегі критерий бойынша бағаланады.



Балалар, бізге дәрігер хат алып келді. Ол хатты оқып, жауап бере аламыз ба?

-Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі –қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады. Ол не болуы мүмкін?


Бағалау критерийі :

1 .Ғажайып затты қолдану ережесін анықтайды.

Тапсырма

Ұсынылған заттарды дәрігер рөлінде қолдану ережесін құрастыр.

Дескриптор:

-Тарақты қолдану ережесін құрастырады. (не? Қашан? Қалай?)

-Сүлгіні қолдану ережесін құрастырады.

-Сабынды қолдану ережесін құрастырады

Тіс щеткасын қолдану құрастырады.

( Тазалық сақтау ережелерін құрастыру сабақ мақсатына жетемін, дәрігер бірге бағалайды)

Қалыптастырушы бағалау «Жылы-суық» әдісі

Дәрігер роліндегі топты Дәрігер критерийге сүйеніп бағалайды.

Дәрігер-оқушы жылы, себебі..................

Дәрігер-оқушы суық, себебі ..................



Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Бағалау критерийі :

Жеке бас гигиенасына қатысты ережелерді атайды.

Рисунок 1

1-тапсырма

Суретке мұқият қара. Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды боя .











Дескриптор:

- Суреттен тарақты бояйды;

-Суреттен сабынды бояйды;

-Суреттен тіс щеткасын бояйды;

Мұғалімнің бағалауы.


Бекіту

«Шыныдағы сөздер» әдісін қолданамын.

Топтарға 4 сөзден беріледі. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес сөздерді 1 банкаға,сәйкес емесін 2 банкаға саламыз.

Берілетін сөздер:

1.тазалық

2. денсаулық

3 сабын

4. ағаш

5. сыйлық

6. қағаз

7. таза су

8. кәмпит

9. орамал

10. үстел

11. қалам

12. щетка











Мұғалімнің бағалауы



Интерактивті тақта

https://www.youtube.com/watch?v=WrqFRBuZN9U
































Қоржын, сабын, тіс жуғыш щетка, тарақ, қайшы, сүлгі, ыдыстағы су.



Аудиожазба














Оқулық

Ермексаз



































































Дәптер


























Банкалар


























Сабақтың соңы

3 минут




Қорытынды

Сабын бізге неге керек?

Щетка бізге неге қажет?

Сонымен таза жүру неге қажет?


Кері байланыс «СМС хабарлама»

Бүгінгі өткен сабақ бойынша алған әсерін смайлик суретін салу арқылы досына хабарлама жазады.





Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Мойдодыр» мульфильмінен үзінді тамашалаудан кейінгі саралау сұрақтары:

А. Баладан қашқан заттарды ата.

С. Бала бәрімен дос болу үшін қандай ақыл айтасың?


Доп бейнесін жасауда шығармашылық қабілетіне сай саралау.

А . Қағаздағы доп суретін бояйды.

С. Ермексаздан доп жасайды.


Рөлдік ойын мұғалімнің бағалауы бойынша сараланады.




ҚБ «От шашу» әдісі «Сықырлаған қоржын» ішіндегі тазалық сақтау заттарын тапқан әр оқушыны бағалауда қолданылады.


ҚБ «Шапалақ» әдісі жеке бас гигиенасын сақтап қолдарын жуып, тазарғанда бағаланады.


ҚБ. «Жылы-суық» әдісі дәрігердің ролін сомдаған оқушыны бағалағанда қолданылады.


Мұғалімнің бағалауы сабақты бекіту кезеңінде өткізіледі.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дескриптор арқылы бағалау.


Футбол добын жасауда қағаз, қайшымен жұмыс жүргізілгенде

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі :


1: «Мойдодыр» мульфильмін тамашалаған сәтте оқушылар сабаққа белсене араласып, сараланған сұрақтарға нәтижелі жауап бергені оқу мақсатына жетуге бірден-бір көмек болды.


2: «Сылдырлақ қоржын» әдісінде қоржын ішіндегі заттардың сипаттарын анықтауда оқушылар жасырын затты сипап сезу арқылы да, өзгелерге сыр-сипатын түсіндіріп жеткізу арқылы өзіндік ой-толғамдары қалыптасты.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


1: Тазалық тақырыбына байланысты тиімді зерттеу жұмысы болса;


2: Бағалаудың тиімді әдістерін қолдану;


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кері байланыс арқылы оқушылардың көңіл-күйінен қаншалықты түсінгенін аңғаруға болады. Сондықтан жекелеген оқушылардың барынша көбірек жұмыстануына сараланған тапсырмаларды дайындау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!