Материалдар / ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мазмұнында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік құзыреттілік бойынша оқытудағы негізгі функциялар жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
1428
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫҚАРМАҚШЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



















«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VІІІ облыстық еңбек форумы аясында «Модульдік – кредиттік технологиялардың талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту» № 2 секциясы бойынша



БАЯНДАМА



Тақырыбы: ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Орындаған: Өндірістік оқыту шебері: А. Досболов

















Техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде модульдік оқыту технологиясын пайдалану арқылы білікті кәсіби маман даярлаудың маңызы

Қазіргі кезде елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді (бұдан әрі – ТжКБ) білім беру үдерісінің барлық мүшелерінің: жұмыс берушілердің, студенттердің, ата-аналардың, оқытушылардың және жалпы қоғамның мүдделерін ескеретін білім сапасын қамтамасыз етуші нормативтер мен аспаптарды әзірлеуді талап етеді. Өмірдің шынайылылығы, адамның кез келген жетістігі – жеке немесе кәсіби – еңбек қызметінде қай саласын алмаса да өз құзыреттілігін дәлелдей алуға негізделеді.Еңбек нарығының өзекті мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жаңарту және өндіріске инновациялық технологияларды енгізу Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (ТжКБ) маңызды тапсырмалар қояды – жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығының конъюнктурасына жылдам көңіл бөлу және әлемнің стандарттарына сай мамандарды даярлау. ТжКБ жүйесіне енгізілетін модульдік оқытудың технологиясы - студенттердің жұмысқа орналастыру сұрақтарына көп оң нәтижелер әкеледі және жұмыссыздық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше біліктілігі бар адам бірнеше жыл бойы білім алуға және басқа мамандық бойынша біліктілікті алу үшін қайта дайындықтан өтуге қажеттілігі жоқ. Ол аталған біліктілікті қысқа мерзімде алып, жұмысқа орналаса алады.Оқытудың модульдік технологиясы – үздіксіз білімді қамтамасыз ететін икемді жүйе, ең бастысы оқытушыда, студентте оқыту нәтижесіне нақты бағытталған. Оқыту материалдарына қатысты – модульдік тәсіл негізінде оқытуда ол аяқталған элементтерден тұратын құрылым ретінде қарастырылады. Оқыту материалдарының ауыспалы бөлімдерінің бөлімшелері бір-біріне тәуелді емес және әрбір бөлімнің оқыту материалдарын тез арада өзгеріп, толықтыруға мүмкіндік береді, ол қызмет түрлерінің және әрекет тәсілдерінің түрлеріне тез үйренуге мүмкіндік береді. Дұрыс құрылған модульдік бағдарламаның құрылымы білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне оқыту мазмұнын студенттердің меңгеруін және бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оперативтік білім студенттің жеке қызмет кезінде алған білімін қолдану және меңгерген білімнен тыс жағдайларда өзгеше жағдайда қолдану барысында меңгеріледі. Оқыту материалдарына берілетін ақпарат оқыту мазмұнын меңгеруге бағытталуы тиіс. Модульдік-құзыреттілік тәсілі процесінде оқытушы кеңестік-бағыттаушы рөлін атқарады. Танымдық қызметін басқару функциясы студентке беріледі және өзіндік басқару функциясы ретінде қаралады. Ең бастысы – бағалау критериі оқу процесінің барлық қатысушылары – студенттер, оқытушылар, әкімшілік және ата-аналар үшін оқыту процесін айқын және түсінікті етеді. Міндетті жүргізу қажет: кіріс диагностикасы, өзіндік бақылау, өзара бақылау және шығыс бақылауы.Модульдік оқытудың түйіні оқыту процесін дербес мазмұнды-технологиялық бірліктерге (модуль) бөлуге болады, оған студеттерге арналған әдістемелік нұсқаулық, бағалау жүйесі мен мақсатты әрекет бағдарламасы ақпараттар бланкі енеді.Жұмыс оқу бағдарламасын құру кезінде практикалық қызметте бөліп жарып айтатын модульдік оқытудың басты элементтері:— оқыту мазмұнының нақты құрылымы;— блок мазмұндарының толықтығы және дербестілігі;— әрбір студентке арналған визуалды түсінік беретін әдістемелік нұсқаулық;— оқыту материалдарымен жұмыстың дербес жылдамдығы;— әрбір студенттің оқыту материалдарының әрбір порциясын меңгеруді бақылау. Студенттердің кешенді білім алуы үшін модульдік оқыту технологиясын әрбір тақырыптар мен тақырыпшаларды бөліп оқытуға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілерден алынған сауалнамалар еліміздің аймақтарының кадрларға деген сұраныстарын дамытудың жаңа тенденцияларына куә болады: кәсіптік білім беру сапасы түлектердің «білімі» форматында ғана емес, сонымен бірге қызметтің форматында; кәсіптік қызметке дайындықтың құрамдастары бар барлығына ортақ кәсіптер мен мамандықтар бойынша байланысты жұмыскерлерге қойылатын бұрындары өзектендірілмеген, қосымша талаптардың пайда болуы (мысалы, командалық жұмысқа, ынтымақтастыққа, әлеуметтік байланыстарды реттеуге, үздіксіз өз бетімен білім алуға қабілеттілік, шешім қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеу машығы және т. б.). Білім беруші оқу бағдарламалары оқу жоспарының әртүрлі пәндерін оқыту мазмұнын, әдістерін, түрлері мен құралдарын айқындаушы ТжКБ ұйымдарының негізгі нормативтік құжаттары болып табылатындықтан, оларға модульдік құрылым беру оны ары қарай жетілдіруге бағытталған білім беру үдерісінің әртүрлі тұстарын барынша жаңғыртуды тұспалдайды. Осы жүйе жұмыс істеуі үшін еңбек саласының талаптарын білім беру саласының тіліне аудару қажет, яғни өмірдің ақиқатына оқыту мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау қажет. Білім беру мен бизнес бір тілде – өнеркәсіп пен елімізді дамытудың нақты сұраныстарын қанағаттандыру үшін оқытудың нақты нәтижелілігі тілінде сөйлеуге машықтануы тиіс. Бұл кәсіптік стандарттардың талаптарын іске асыру және модульдік бағдарламаларды әзірлеу арқылы мүмкін. Білім беру ұйымдары көбіне жылдам өзгеретін экономикаға және тұрақты әртараптандыруға бейімделмеген. Модульдік құзыреттілік оқытуды енгізу арқылы инновациялық орта құру шындығында әрбір студентке белсенді әрі нәтижелі оқу-танымдық қызметке қосылуға, мазмұны бойынша сараланған бағдарламамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл оның заманауи білім берудегі өзектілігін арттырады. Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде модульдік оқытуды бойынша енгізу тәжірибесі әрбір сабақтың кәсіптік біліктіліктерді қалыптастырудағы жоғары маңыздылығын көрсетті. Мұнда әрбір кезеңде интербелсенді технологияларды қолдануды атап өткен маңызды. Негізгі әдістемелік тәсілдер мен материалдарды «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктілігі бойынша «Өндірістік оқыту» сабақтарында оқыту мысалында қарастыруға болады. Аталмыш технология бойынша оқытуда ең алдымен студенттердің білім сапасын бағалауда кретиралды бағалау жүйесін пайдалануға мүмкіндік болады. Сонымен қатар модульдік құзыреттілік технологиясы арқылы оқытуда студенттерге әрбір модуль бойынша тапсырмалар (тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар т.б.) беріліп, тарау бойынша студенттердің алған білімдерін байқауға мүмкіндік болады. Бұл дегеніміз еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлаудағы үздік технология. Ең алдымен кәсіби маман даярлау үшін оқу үлгілік жоспарына сәйкес білім алушыларға арналған оқу материалдарын даярлау және жоспарлау қажет. Оқу материалдарын даярлауда заманауи технологиялар мен әдістерді, оқу-жаттығу жұмыстардың түрлерін пайдаланған жөн. Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға  берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Білім алушының мүмкіндігіне қарай  модульдік оқытуда мәтіннің  мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып,  оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.   Модуль арқылы оқыту нәтижесінде жұмыс беруші талаптарынан шыға алатын бәсекеге қабілетті, білікті кәсіби маман қалыптасады.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!