Бекітемін:
Күні:
Білім беру
саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы:
Тақырыбы: «Сол жақта-оң жақта»
Мақсаты:1) Балалардың сол жақта-оң
жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру, өзінен тікелей бағыттағы
кеңістікті ажырата білуге үйрету.
1) Қайсысы
оң қол, қайсысы сол қол екендігін ажыратуды
қалыптастыру.
2)Педагогтің
тапсырмасын орындауға үйрету.
Қостілділік
компонент:оң жақ-сол жақ
Керекті
құралдар:Суреттер, ойыншықтар.
Оқу іс-әрекет
кезеңі
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Қане,қане тұрайық!
Үлкееен шеңбер құрайық!
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды соғайық,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға
Шапалақ та шапалақ,
Шапалақ та шапалақ!
.
|
Балалар қол ұстасып шеңбер
жасайды.
Қызығушылық білдіреді.
Қимылмен оң және сол жақтағы көршісімен алақан
соғысады.
|
Ұйымдастырушылық-
Ізденістік
|
-Балалар,біз жаңа ғана таңғы асымызды іштік.Таңғы асқа
Айдана апай бізге ботқа алып келді.Ботқаны жеу үшін біз қасықты оң
қолымызбен ұстадық,қане, қасық ұстайтын қолымызды
көтерейікші.
Педагог балаларға ойыншықтарды
таратады.
-Қане,менің оң қолымда қандай ойыншық бар? Сол қолымда
ше?
Менің оң жағыма Бейбіт келіп тұра ғой,ал сол жағыма
Мейіржан сен тұр.
Әрқайсысың өздеріңнің оң жақта және сол жақта отырған
көршілеріңді айта қойыңдар.
Билингвалды компонент:оң жақта-на правой стороне,сол
жақта-на левой стороне
Педагог балармен жеке жұмыс
жүргізеді.
Сөздің жұмыс: сол жақта-оң
жақта
Сергіту сәті:
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік!
Әдемі көйлек киіп алып,
Бәріміз бірге билейік!
|
Балалардың жауаптары.
Балалар дұрыс тұруға
тырысады.
Қасық ұстайтын қолымыз-деп оң қолдарын
көтереді.
Балалардың жауаптары.
Оң және сол жақтағы көршілерінің атын
атайды.
«сол жақта-оң жақта» сөзін
қайталайды.
Балалар қимылмен
қайталайды.
|
Рефлекциялық-
түзетушілік
|
«Қайсы екен қолымыз?
Оңымыз бен солымыз?
Міне,міне қолымыз!
Оңымыз бен
солымыз!»-тақпағын қимылмен көрсетіп балаларға
жаттатқызу.
|
Тақпақты қимылмен
қайталайды.
|
Біледі: «оң жақта-сол
жақта»сөздерінің мағынасын;
Игереді: әрекетті
орындай отырып,оны атай алу дағдысын;
Меңгереді: педагогтің
үлгісі бойынша тапсырманы қайталау және
орындауды.