Материалдар / Текше, параллелепипед, пирамида және оларды оқыту әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Текше, параллелепипед, пирамида және оларды оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Текше, параллелепипед, пирамида және оларды оқыту әдістемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
2104
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән атауы

Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі

Сабақтың тақырыбы :

Текше, параллелепипед, пирамида және оларды оқыту әдістемесі

Күні:13.12.2018

Оқытушының аты-жөні

Смагулова Ақмарал Райханқызы

Топ

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың мақсаты

Бастауыш сынып математикасында текше, параллелепипед, пирамида ұғымдарын студенттердің теориялық білімдерін қолдана отырып оларды оқыту әдістемесін меңгертудің әдіс- тәсілдері жайлы білімдерін жетілдіріп, сабақты тұжырымдау үлгісі бойынша өзіндік талдау жасату және топтық жұмысқа ықпалдастыру

Күтілетін нәтиже


Текше, параллелепипед, пирамида ұғымдарын бастауыш сыныпта игертудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Студенттер сабаққа қысқа мерзімді жоспар құру жолдарын игеруді жетілдіреді.

Ресурстар

Дәріс, оқулық, тақта, дескриптор арқылы бағалау, слайд, кеспелер т.б құрал жабдықтар

Алдыңғы оқу (үй тапсырмасы)

Көпбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелек және оларды оқыту әдістемесі. Кеңістік және жазықтық фигуралары, текше, параллелепипед, пирамида ұғымдарының анықтамалары мен элементтерін қайталау

Жоспар

Іс-әрекеттің кезеңі

Сабақ барысында жоспарланған іс әрекеттер

Студенттің когнитивтік іс-әрекеті

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

Басталуы

- ұйымдастыру







Студенттердің қабілетін, көңіл-күйлерін жақсарту мақсатында

Шеңберге тұрып фишкалар арқылы тілек айту.

Осы сан жақсылық әкесін

Осы сан саған байлық әкелсін

Осы сан саған ... т.б. игілі тілектер айтыла береді.


Оқытушы нұсқауымен бірге орындайды

«Сүйікті сан» әдісі

-топқа бөлу

Топты «Фишкалар» әдісі арқылы 4- шағын топқа біріктіремін.

  1. «Пирамида» тобы 11, 12,13,14,15

  2. «Параллелепипед» тобы 21, 22, 23, 24, 25

  3. «Текше» тобы 31,32, 33, 34, 35

  4. «Геометрия» тобы 41, 42, 43, 44, 45

топтарына бірігеді

Топ басшыларын сайлау

Топты бағалаушыны сайлау

Топ бағалаушылары алдыларыңыздағы дескриптор бойынша топты бағалап отырасыздар.

«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы аудитория ішіне сұрақтар орналастырылады. Студенттер бүкіл топ ішінде қозғала жүріп, берілген берілген сұрақтарға жауаптар жинайды.

Сұрақтар

  1. Пирамида дегеніміз не?

  2. Параллелепипед дегеніміз не?

  3. Текше дегеніміз не?

  4. Үшбұрышты пирамиданың қанша төбесі бар?

  5. Параллелепипедтің қанша төбесі бар?

  6. Текшенің қанша төбесі бар?

  7. Үшбұрышты пирамиданың қанша бұрышы бар?

  8. Параллелепипедтің қанша бұрышы бар?

  9. Текшенің қанша бұрышы бар?

  10. Үшбұрышты пирамиданың қанша қыры бар?

  11. Параллелепипедтің қанша қыры бар?

  12. Текшенің қанша қыры бар?

  13. Үшбұрышты пирамиданың қанша жағы бар?

  14. Параллелепипедтің қанша жағы бар?

  15. Текшенің қанша жағы бар?

  16. Бастауышта геометриялық түсініктер қай сыныптан оқытылады?

  17. Кеңістікте қандай геометриялық фигуралар қарастырылады?

  18. Жазықтықта қарастырылатын фигураларды ата

  19. Геометриялық шамаларды ата

  20. Геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдарды ата.

  21. Текше мен параллелепипедтің айырмашылығы неде?


Топқа бірігеді.








Сұрақтарға жауап береді

Топ басшысымен танысады

«Фишкалар» әдісі







«Броундық қозғалыс» әдісі бойынша сұрақтар

Ортасы

Сабақтың мақсатын қою

Мақсаты: Бастауыш сынып математикасында текше, параллелепипед, пирамида ұғымдарын оқыту әдістемесін яғни оқушыларға түсіндіру жолдарын көрсете отырып әдіс- тәсілдер қолдану және сабақ кезеңдеріне үзінді құру


Мақсатпен танысады, талдайды



Топтарға тапсырмалар беріледі.

Топтың мақсаты|: Әр топтың алдына әр-түрлі іс-әрекеттер орындауға қажетті құрал-жабдықтар қойылады. Сол құрал жабдықтарды қолдана отырып тақырыпты оқушыларға қалай түсіндіруге болатын әдіс-тәсілдерді көрсетіп, тұжырымдамалар жасау ұсынылады. Топ басшылары топтың барлық мүшелерінің қатысуын қадағалайды.

Топтарға жұмысты барлығының бір уақытта аяқталып әр топтың жауабына қосымша жауап беру арқылы білімдерінің бағалануында ескерілетіндіктері айтылады

Топ өз жұмысын қоғауда «Жетістік» әдісін қолданады

Мен мына үш жағдайда жетістікке жетім деп ойлаймын...

Мен келесі жолы мұны тіпті жақсы орындай алар едім егер...

Мен мұны қайта орындайтын болсам және оны өзіме тиімді етіп бейімдейтін болсам онда мен... жасар едім


Тапсырмаларды ұсыныс бойынша талқылай отырып орындайды

Топтық жұмыс

«Жетістік» әдісі

Аяқталуы


Кері байланыс ретінде топ жұмысын талдау үшін «Континум» әдісін қолданайық

Келісемін...

Сенімді емеспін...

Келіспеймін...


«Континум» әдісі топтар талдау жасайды

«Континум» талдау

Бағалау



Үйге тапсырма


Топ дескриптор арқылы бағаланады.


Сабақ жоспарын құру




Балдық бағалау

Рефлексия


«ҚҚҚ» (қиын-құнды-қызық) әдісі бойынша топтардың бір-біріне

  • Не қызық болды?

  • Не нәрсе құнды болды?

  • Не қиындық болды?

Өз ойларын жасауы ұсынылады




«ҚҚҚ» әдісі






Әдіскер:

Оқытушы:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!