Тақырыбы: Теледидардағы,интернет
желісіндегі түрлі мультфильмдер мен фильмдер видеороликтердің бала
психикасына әсері
Мақсаты: 1.Әлеуметтік желідегі
уөрсетілімдердің қаншалықты зияндылығы туралы толық
ашу. 2.Бала психикасының бұзылуына
себепші нәрселерді болдырмау жолдарын
ұсыну.
Өткізілетін шара түрі:
дөңгелек үстел
Қатысушылар: ұстаздар,
ата-аналар.
Өткізілу уақыты:
28.11.2016жыл
Дөңгелек үстелді
ұйымдастырушы:№5мектеп психологы А.Т
Махсотова
Дөңгелек үстелдің
жоспары:
1.Сәлемдесу
2.Баяндама
3.Бейне көрсетілім 4.Пікірлесу
сұрақтары
I. Кіріспе сөз:
Қайырлы күн , құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар
және ұстаздар ! Қош келдіңіздер!
ІІ. Психологтың
сөзі.
Бала тәрбиесінде теледидардың
алар орны бөлек. Бүгінде әрқилы ақпараттық технологиялар баланың
күтушісіне айналды. Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық
шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көк жәшікке телміріп,
сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі
мултьфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп
екен.
Теледидар жас жеткіншекке
эмоционалдық тұрғыдан, яғни бірде қатты қуануына, енді бірде
қобалжуына, мазасыздануына, үрейленуіне тікелей әсер ете алады.
Бұған қоса соңғы он-он бес жылдың көлемінде еліміздің ақпарат
кеңістігінде әр түрлі шетелдік басылымдардың, телеарналардың
көбейіп кеткені таңһғыда бар. Кабельді және спутниктік
телеарналардың өрісі кеңейе түсті. Өз кезегінде олар
жеткіншектердің өз иделогиясы шеңберінде «арбап» ұстайды. Әсіресе,
Батыста, кейінгі кезде Ресейде де көптен шығарылып жатқан
қатыгездікке толы фильмдер, мағынасы түсініксіз мультфильмдер,
айқай-шуға толы музыка жеткіншектер санасына, денсаулығына,
тәрбиесіне теріс әсер ететіні сөзсіз.
Қысқасы, кейінгі кезде
балаларды теледидар хабаролары мен әр түрлі бағдарламалар
тәрбиелеуде, «Бүгінде экран, әсіресе, телеэкрн адамзаттың негізгі
ақпарат көзі. Газет, кітап ондаған, жүздеген мыңға жетпей
шаршап-шалдығып жатса, заманауи экран құлашы кең , ол ондаған,
жүздеген миллонды бір-ақ қарамайды. Демек, қазіргі ұлт үлкен
экранды игермей, замана додасына төтеп бере алмақ емес.Тілден
бастау алатын ұлттық санаға ие болғыңыз келсе, үлкен экранға ие
болыңыз. Кино мен телевидениеге ие болыңыз» , дейді. Бұл пікірден
түйетін бір ой-бүгінгі күні телеарналардағы кейбір бағдарламалар
балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отырғандығы. Шетелдік
мультфильмдердің немесе бағдарламалардың жасалу технологиясы
өзгеше, балаларды қызықтыру өте жақсы ойластырылған. Шетелдік
дүниелер балалардың орнынан тапжылмай көруіне арналып жасалған
деуге болады. Ата-аналардың айтуына карағанда, балалар түгіл әлгі
мультфильмдердің ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері
күшті. Балаларға арналған тультфильм деген дүниенің ішінде
кәмелетке толғандар ғана білуге тиісті бірталай ақпарат айтылады.
Оны бала бірден түсіне алмағандықтан, ата-анасынан , болмаса өзінен
ересектерден сұрайды. Алған жауабына байланысты балаларда әртүрлі
түсінік қалыптасуы мүмкін және сол түсінік балалардың өмірінде кей
жағдайда шешуші рөл атқарып жатады.
-
Біріншіден, олар сол
мультфильмдердегі кейіпкерлердің терминдерімен сөйлеуге ұмтылады.
Және өздеріне қызық көргендіктенсол әрекеттерін дұрыс деп
ойлайды.
-
Екіншіден, бала ағзасына
пайдалы болып табылатын таза ауада серкендек, спортпен айналысу
сияқты қажетті шараларды кері ысырып қойып, бос уақытының барлығы
теледидардың алдында өткізеді. Демек, қазіргі балалар таза ауадағы
ойын мен спортты теледидардағы түрлі ұсқынсыз мультифильм
кейіпкерлеріне ауыстырды деп есептеуге
болады.
-
Үшіншіден, теледидарды
тапжылмай көру баланың денсаулығына міндетті түрде кері әсер
етеді.Тағы бір айта кетерлігі, балалардың көпшілігінің кеңестік,
кейін қазақстандық мультикаторлар, киногерлер жасаған
мультфильмдерді , балаларға арналған фильмдерді, яғи гуманизмге
басымдық ьерілген туындыларды көруге құлықтарының төмендеп кеткені.
Оған басты себеп-тәрбиенің дер кезінде берілмегендігі салдарынан
батыстың арзанқол дүиелерінің бала санасын жаулап үлгеруінде.
Екіншіден, қандай жағдайда да, оның ішінде жеткіншек тәрбиесінде ең
ықпалды күш екенін әлі де толық
мойындамауымызда.
Қазіргі кезде қандаай
бағдарламаны болсын көруге, тындауға барлық, жағдай бар. Жаһандану
заманындасырттан келіп жатқан ақпараттарға ешбір тосқауыл қойылып
отырған жоқ. Шын мәнінде, оң мен солын әлі танып үлгермеген
балалардың қалыптасуына кері әсері бар зорлық-зомбылықты
насихаттайтын фильмдерді көруге мүмкіндік туғызу-үлкен қиянат.
Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, ата-аналар балаларына барлық
жағдай жасаса да оларды агрессиядан қорғай алмай отырғанын айтады.
Ал агрессия мен жаман қылық көбіне теледидардан берілетін
зорлық-зомбылыққа толы фильмдерді көргеннен соң пайда болады.
Жоғары да айтылған мәселелердің қай-қайсы да енді ғана қалыптасып,
дамып келе жатқан мемлекет үшін көкейкесті проблема болып табылады.
Өйткені жетпіс жылдан кейін тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізге,
ұлттық дәстүріміз бен салт-санамызға жан-жақты мән бере бастағанда,
жаһанданудың кері әсеріәсерінени немесе балаларға уақытында дұрыс
бағыт бермеуден оны қайта жоғалтып алу қаупі
бар.
Теледидардың бала
психикасына және тәрбиесіне кері әсері
Қазіргі уақытта теледидардан
күніне балаларымыздың орта есеппен 17 өлім, 37 мейрімсіздік
көріністер көреді екен. Мұндай эпизодтардың қандай сөздермен
көрсетілетінін болжау қиын емес. Және бұл көріністер таңертен де,
күндіз де көрсетіле береді. Мұндай хабарлар балалардың
дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер
ететіні сөзсіз. Осы күні балаларға қазақ тілді басылымдар, кітаптар
өте аз. Оларға оны көрме, мынаны көр деп ұсына қоятын отандық
өнімдер өте аз. Телеарналардың барлығынан қойылатын шетелдік
мультфильмдер балаларды ұлттық мінез-құлықтан алшақтатып,
қатігездікке үйретуде.
Шетелдің мультфильмдерінде
балаларды қызықтыру аясы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер
балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай. Тіпті,
балалар түгіл ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері
күшті. Осыдан барып сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген
балаларда жағымсыз мінез-құлықтардың белгілерін байқауға болады.
Олар мультфильмдердегі кейіпкерлердің жасаған қимылдарын айнытпай
салып, олардың айтқандарын айна-қатесіз қайталап
жатады.
Мультфильм-жас ұрпақты
тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп
қалмасын десек, ұлттық нақыштағы , бүлдіршіндердің қызықтыра
білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдерді түсіру
керек.
ІІІ. Бейне роликті
талдау. Теледидар мен инетернеттің
бала психикасына әсері.
ІҮ. Дөңгелек үстелде
талқыланатын сұрақтар:
-
Әлеуметтік желілердің зияны
қандай?
-
Балаларға қалай тойтарыс
беруге болады?
-
Ұлттық нақыштағы
мультфильмдер мен фильмдерді біздің балаларымыз неліктен көруге
қызықпайды?
Y.Әр сұрақтан соң
аудиториядағы адамдардың жауаптары мен пікірлері тыңдалып,
бейнекөрсетілім талданады.
ҮІ. Қортынды сөз. Ұсыныс
пікірлер айтылды.