400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Темір және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Темір және оның қосылыстары тақырыбын түсіндіріп тапсырмалар орындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Периодтық жүйедегі орны бойынша темір атомының құрылысы, қасиеттері, қосылыстары күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарастарын арттыру.

Дамытушылық: Химиялық заттармен   жұмыс  іcтей  білу  дағдысын  дамыту, өмірден  көрген  деректерді  пайдалана  білуіне   және  шығармашылықпен  жұмыс істеуге  дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды химия талап ететін ережелерге баули отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға баулу.Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша,баяндау, түсіндіру

Көрнекіліктер: периодтық кесте, слайд
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау (Үй тапсырмасын сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ

IV.Кім білімпаз?  (бекіту)

V.Бағалау

VII.Үйге тапсырма


I.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысымын түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (Үйге берілген есепті тексеру тестпен жұмыс жасау)

1.Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді. Қоспаның құрамы?

Шешуі: Сu + 4HNO3→ Cu(NO3)3 + 2NO2↑ + Н2О

М(Cu)= 64 г/моль

m(Cu) = ν · М(Cu) = 1 моль · 64 г/моль = 64 г

Vm = 22,4 л/моль

V(NO2) = ν · Vm = 2 моль · 22,4 л/моль = 44,8 л

х г Cu -----13,44 л NO2

64 г Cu ----44,8 л NO2

Shape1 Shape2

m(АІ) = 30 г – 19,2 г = 10,8 г

m(Cu) = 19,2 г; m(АІ) = 10,8 г

Тест тапсырмасы:

1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?

а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 5

2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

а) HNO3, NаСl, KOH

ә) H2О, СuСl2, NаOH

б) HСl, SО2¸KOH

3.Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан бастап жұмыс жасайды?

А) 2000;     ә) 1998;      б) 2007;     в) 1992

4.Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:

а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен

ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау

б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру

5.Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:

а) Nа¸Mn¸Al

ә) Ni¸Cr¸Zn

б) Cu¸Nа¸Сr

Жауабы: 1. ә;   2. ә;  3. б;   4. б;   5. а:

 III.Жаңа сабақ.
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен,
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен.(ТЕМІР)
Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойласыңдар?

ТЕМІР химиялық таңбасы - Fе. VIII топтың қосымша топшасының элементі.Қосымша топшадағы d- элементтеріне жатады. Атом құрылысы +26) 2) 8) 14) 2)
Электрондық формуласы: 1s
2, 2 s2, 2p6, 3 s2, 3p6, 3d6, 4 s2. Темір – алюминийден кейінгі табиғатта ең көп таралған металл. Табиғатта таралуы жағынан төртінші орында тұрады. Жер қыртысында массалық үлесі - 4,2% .Темірдің биологиялық маңызы. Темір тірі организмдердің құрамында да кездеседі. Ересек адамның денесінде 4-5 г темір бар. Оның 65% -ы қандағы гемоглабиннің құрамына кіреді.

Физикалық қасиеттері: Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы 7,87 г/см.Балқу температурасы 1539 С.Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады.
Химиялық қасиеттері: Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe0 + 3Cl20 = 2Fe+3Cl3-1

Fe0 + S0 = Fe+2S-2

Темір - химиялық реакцияларда 2 және 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсетеді:

Fe0 – 2e- → Fe+2

Fe0 – 3e- → Fe+3

Темірдің тотығу дәрежесі +6 (K2 FeO4– калий ферраты)

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe0 + H2+O = Fe+2O + H20


Темірдің оксидтері – қара түсті ұнтақ, суда ерімейді.Негіздік қасиет көрсетеді.


FeO + H2SO4= FeSO4 + H2O

Fe2O3- қызыл күрең ұнтақ, суда ерімейді.Оған да көбіне негіздік қасиет тән:


Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2

Темір гидроксиді.Темірдің суда ерімейтін гидроксидтерін, олардың сәйкес тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады:


FeSO
4 + 2КOH = Fe(OH)2↓ + 2К2SO4


Темір
 адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет  етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол адамды алғашқы құрал мен қару  жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.
Темір
 тіршіліктің  маңызды  элементі.  Қанның  қызыл түсі болуы құрамында те-мір болады.Ол оттекті тасымалдайды. Адамда 4- 5 г темір болады.

Өнеркәсіпте алынуы: Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

  • оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

  • алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

  • көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

Қолданылуы: Таза темір электромагниттік құралдардың тетіктерін даярлауда қолданылады, өйткені оларға тез магниттелетін және ол қасиет тез жойылатын қабілет қажет.

IV Кім білімпаз?  (бекіту)

Сәйкестендіру кестесі

1.Fe3O4 а)темір (III)гидроксиді

2. FeO ә) темір сульфаты

3. FeSO4 б) темір (II)оксиді

4. Fe(OH)3 в) темір қағы

Толықтыру тесті

1.Темір ------ түстес ------- металл.

2.Темір иілімді,------- қасиеті бар, тығыздығы-------.

3.Темір қосылыстарында ------- тотығу дәрежелерін көрсетеді.

4.Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.

Керекті сөздер: +2,+3, күміс, 7,87г/см , шойын, ақ, болат, магниттелетін.

Есептер шығару 1.Берілген айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2О3 → Fe

2. Қыздырылған Fe2О3 үстінен сутек жібере отырып, темір алуға болады. 2 моль сутек жібергенде түзілген темірдің массасын анықтаңдар. Өнімнің теориялық шығымын салыстырғанда 95%
Үйге тапсырма:§37



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі