Материалдар / Темперамент түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Темперамент түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Рахимбекова А.С.

10 ЖББОМ, Қарағанды қаласы.

Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу



  1. Кіріспе. Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін, әр оқушының темперамент түрлерін анықтап, сол темперамент түрлеріне байланысты оқушылармен педагог жұмыс жасай алуы тиіс. Педагог әр баланың темперамент типін біліп, онымен жекелей жұмыстар жасай алу қажет.

Енді, біз темперамент ұғымы және олардың түрлеріне толығырақ тоқталып кетсек.

  1. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл- қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде – ақ айтыла бастады. Ежелгі Грекияның белгілі ғылымы, дәргер Гиппократтың (б.з.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса – сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), шырын басым болса ( грекше «флегма» - шырын) – флегматик темперамент деп, қара өт басым болса, меланхолик ( «мелайне- холе» - қара өт), сары өт басым болса – холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми жолға салды.

Жүйке жүйесінің типтері мен ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісі - күші, тепе-теңдігі, қозғалғышытығы деп, олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Осы принципті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады.



Жүйке жүйесінің типтері

Күшті тип

Әлсіз тип




Күшті, қозуы Күшті, қозуы Күшті, қозуы

тежелуінен басым мен тежелуі мен тежелуі

Ұстамсыз тип тең баяу

Ширақ тип Баяу тип

И.П. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді – жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалуы баяу адамдар десе, меланхоликтерге – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттама берді.

3. Темперамент түрлері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Холериктер темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, шамданғаштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте- бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, сангвиник өткір қозғалғыш, қарым-қатынасқа тұрақсыз болып келеді.

Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезімін білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері – қимыл-қозғалыстың баулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селқос қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ, мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ, әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не болса, ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ, тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық - темпераменттің ең бір нашар жағы.

Меланхоликті көп нәрсе толқытпайды, әдетте терең, ұзаққа созылған әрі мейлінше күшті сезім болады.

Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді,көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ, біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар.Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым – ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы , қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқтыкейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да, сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы,, орынсыз асып- саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса, салпақтап, соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек,тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл- әрекетті сүйеді. Әдетте, оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысқа әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой –әрекетінің белсенділігі байқалады.Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қаттышығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, оның сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырыпесеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді.Ол кейде қызараңдап, ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса, мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы көбінесеөз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, «мен» ешқашан ұмтылмайды. О л ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент – адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы оның темпераментіне тәуелді емес.

Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанымен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден – бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын, тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

  1. Оқушы темпераментімен санасу.

Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып, тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге , флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моральдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез-құлықтың кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынуы керек. Мұғалім, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен,тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдылықты қажет етеді. Ал кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп бұзған болса (мұндай жағдай өте сирек болады әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс, тіптібір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өз еріктерімен қатысатыны өте жақсы әдет. Бірақ, оларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Әсіресе, сангвиниктерді қатты бақылағанабзал, өйткені олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын болады.

Темпераменттерді тәрбиелеуді баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін , мінез-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем берді.

Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да, темпераментердің өзгеріп отырғандығын, яғни, ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, нақтылы әрекеттігіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да есте ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасап, әсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып ортыруы қажет.















Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әдеп және жантану.Хрестоматия. – Алматы, 1996.

  2. Т.Т әжібаев Жалпы психология. – Алматы, 1993.

  3. Рувинский Л.И.,Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек? – Алматы, 1989

  4. Ж.Аймауытұлы. Психология. – Алматы:Рауан ,1995.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!