Сабақтың тақырыбы: Теңдеу арқылы есептер шығаруСабақтың мақсаты: Есептерді теңдеу құру отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Міндеттері:- теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау;- логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту,өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру;- өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже:- Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді;- оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады;- оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.Сабақтың типі: пысықтау, жинақтауСабақтың түрі: ойын сабағыСабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, кері әсер парағы.Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, ватман,стикер Көрнекілігі: слайд, қима қағаз, тірек сызба.Жоспар: І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық серпілісІІ. Топқа бөлу. (түрлі-түсті конфет арқылы)ІІ. Үй тапсырманы тексеру.ІІІ. Ребус шешуІV. Мағынаны тануV. Ой шақыруVІ. Сергіту сәті V. Үнтаспадан ертегі тыңдауVІ.Қорытындылау, бағалау.VIІ.Үйге тапсырма.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық серпіліс"Бір сөзбен әдісі" - оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. Төзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рахаттану.
ІІ. Қызығушылығын ояту. (түрлі-түсті конфет арқылы топқа бөлу)ІІІ. Ребус шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады= + Домбыра+елік+уық = теңдеу. СУРЕТ КОЯМЫНІV. Мағынаны тану. «Кірпіні үйіне жетуге көмектесейік» Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.- Белгісіз сан немен белгіленеді?- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.- Теңдеу шешу дегеніміз не?- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.- Олай болса, мына суретке назар аударайық:- Бұл не? - Таразы.- Ол қайда қолданылады, не үшін?- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:- Бұл таразы. Таразының сол жағында 15 кг, 9 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?- Бұлар тең. 15 - 9+х=30- Бұл қандай теңдеу? Күрделі теңдеу.- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма? Жәй теңдеуге айналдыру керек.Ол үшін не істейміз? Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін, барлық ықтимал есептеулерді орындап, алдымен оның бір жақ бөлігін жеңілдету керек. Яғни, әуелі есептеуге болатын бөлігін орындап аламыз.15+9+х=3024+х=30х=30 - 24х=6---------------15+9+6 =3030=30V. Ой шақыру. /суреттерді құрастыру арқылы/1 топ: №4 а)Болғаны - 56 мҚиып алғаны - 19м14мҚалғаны -?2 топ: ә)1 - 19 м2 -? 7 м (ұзын)3 -? 11 м (қысқа) -?3 топ: Б) Болғаны - 56мҚиып алғаны - 19 мСоншаҚалды -?VІ. Сергіту сәті. "Қыдырып қайтайық"V. Үнтаспадан ертегі тыңдау. /бірлесе іздеп, талқылау/ Сандар мен белгілер патшалығы қайғыға тап болыпты! Өрнек отбасының бір ханшасы жоғалып кетіпті. Ханшадан еш хабар болмапты. Сонда патша жар салыпты: Кімде - кім белгісіз ханшаны тапса, соған ханшаны әйелдікке беремін және жарты патшалығымды сыйға тартамын. Көптеген патша балалары мен серілер ханшайымды тапқысы келіп іздейді, бірақ біреуі ғана ханшаны тауыпты. Ол қалай тапты екен? Қане, сіздер де тауып көріңіздер:900: х=9х=900: 9х=100Теңдеулерді шеш:300 - а=160 -------- 240 - х=130 ------------ 680: а=10 ------------ 630: а=9а=300 - 160 --------- х=240 - 130 ----------- а=680: 10 ----------- х=630: 9а=140 ----------------- х=110 ------------------ а=68 ------------------ х=70VІ. Бекіту. тестVІІ. Бағалау. /алма ағашы әдісі/Оқушыларға сабақ басында екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма- мен бүгін бәрін жақсы орындады деп ойлаймын: менің көңіл -күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.VІІІ. Үйге тапсырма.