Материалдар / Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
163
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: А.Назарбеков атындағы №87 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мадиева Э.Р.

Сынып: 6

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарады, теңдеулерді шешудің тәсілдерін біледі.

Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығаруда тәсілдерді, қасиеттерді қолданады. Тапсырмалар орындау барысында бағытталған сұрақтар қою арқылы өмір бойы білім алуға үйренеді, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізе мүмкіндік беріледі, бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, ынтымақтастыққа, өзара қарым-қатынасқа тәрбиелейді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үйге тапсырмасын тексеру: №831(т), №834(т)

«Көршіңді тексер» әдісі бойынша екеу ара дәптерлерін алмасу арқылы, тақтадан жауаптарын тексереді.


Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында

«Сұраққа жауап» әдісі арқылы шолу сұрақтары қойылады.

а) Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.

ә) Білім алушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар тақтадан дұрыс жауаптарын тексереді.



Оқушылар тез жауап беріп өткен білімді еске түсіреді.

Рахмет айту



бағалау (+/-)


«Жарайсың!»

деп

ынталандыру

kundelik.kz







қима қағаздар

Негізгі бөлім

15 минут


Жаңа білімді қалыптастыру

(мұндағы айнымалы, қандай да бір сандар) түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екенін дәлелдеу.

Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмі:

1. Есептің шартына сәйкес теңдеу құру керек;

2. Теңдеуді шешіп, түбірін табу керек;

3. Есепте қойылған сұраққа жауап беру керек.


Мысалы:

1. Екі санның қосындысы 348-ге тең. Екінші сан бірінші санның 80%-інен 6-ға артық. Бірінші санды табыңдар.

Білім алушылар ережелерді тыңдайды.

Есептерді шығарады.

Математикалық тілде сөйлейді.








Тапсырмалар:

1. Тіктөртбұрыштың периметрі 48 см. Ұзындығы енінен 5 есе үлкен. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енін табыңдар.

2. Үш тізбектес санның қосындысы 354-ке тең. Осы сандарды табыңдар.

Бір-бірін бағалау (+/-)




«Жарайсың!»

деп ынталандыру

Оқулық,

дәптер, қима қағаздар

Оқулықпен жұмыс

20 минут

Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану

А деңгейінің есептері №784, №785

В деңгейінің есептері №786


Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кейбір жаттығуларда бір шешімге келе алмаған оқушыларға көмектесу арқылы бағалайды. Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалайды.


Ынталандыра-тын сөздерді жиі айтамын.

Жарайсың!

Өте керемет!

Керемет!

Жақсы!

Өткендегіден жақсы!

Үлестірмелі қағаздар,

оқулық

Соңы

5 минут

Сабақты бекіту:

Сабақ қортындылау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын:


Үйге тапсырма: №787, №788

Кері байланыс

Рефлексия: «Плюс, Минус, Қызықты»

Мұғалім ең соңында оқушыларда ненің сәтті шыққандығы және де әлі де нені жетілдіру керектігі жөнінде сындарлы кері байланыс береді.

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.

Рефлексия: «Плюс, Минус, Қызықты»

стикерге сабақтан алған оң әсерлерін жазады;

стикерге орындай алмаған тапсырмалар мен қиындық туғызған мәселелерді жазады;

сабақтың қызықты болған тұстарын жазады.


Оқушылар бәрі көрсету арқылы түсінгенін, түсінбегенін көрсетеді.

Белсенді оқушыларды бағалау


Kundelik.kz – ке бағаларын қою

6 сынып математика

2бөлім

Т.А.Алдамұратова

Алматы

«Атамұра»

2018ж


Kundelik.kz


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Жарайсың, керемет, жақсы деп ынталандырып отырамын.

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы


Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырмалар беру.

Тапсырмалар алгоритмін көрсету жеңілдетілген тапсырмалар беру,жеке көңіл бөлу.

Тапсырмалар:

1. Теңдеуді шешіңдер.

1)

2)

3)

4)

Дарынды оқушыларға жеке тапсырмалар беру.

Логикалық, функциональдық тапсырмалармен баланың ой өрісін дамыту.

Тапсырмалар:

1. Сымбат тақтаға 1 : 3 : 9 қатынасындай үш сан жазды. Егер бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 120-ға тең болса, осы сандарды табыңдар.

2. Үшбұрыштың бір қабырғасының екінші қабырғасына қатынасы 3 : 4 қатынасындай. Үшінші қабырғасы екінші қабырғасынан 3 см артық. Үшбұрыштың периметрі 36 см болса, бірінші қабырғасын табыңдар.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау.

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөліп, қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!