Материалдар / Теңге ілудің даму тарихы және адам ағзасына әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Теңге ілудің даму тарихы және адам ағзасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті





«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы



ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ





Тақырыбы: Теңге ілудің даму тарихы және адам ағзасына әсері





Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Шавдырбаев Ж.С

Жетекші: PhD қауымдастырылған профессор Мендигалиева А.С



























Орал,2023

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Теңге ілудің пайда болуы

3.Теңге ілудің Қазақстандағы дамуы

4.Теңге ілудің адам ағзасына әсері

5. Қорытынды











































1.Кіріспе

Расында, ескі қисса-дастандарды оқып отырсақ, ат жалын тартып мінген баланың жігіт болу жолындағы сынақтарда осы ойын жиі кездеседі. Қазақ бұл ойынды тек жаужүректікті ғана көксеп ойнатпаған. Көбіне салт жүретін сал, бозбала жігіттердің көп көзіне түсуі, әсіресе қыз көңілінен шығуына таптырмас құрал. Теңге ілу бұл ат үстіндегі ептілікті һәм жүректілікті талап ететін экстремалды спорт түрі. Бұл ойынға ертеректе ат құлағында ойнаған балиғат жастан асқан бала қатысатын болған дейді тарих. Ал, қазір 18 жастан асқан жасаң жігіттер ойнайды. Теңге ілуге қамданған шабандоздың ат ерттеуі де өзгерек. Көкпардағыдай жалғыз тартпа тартпаған. Тартпаға айыл қатар тартылып және айылы аттың кіндік тұсына қарай тартылуы керек екен. Бұл шабандоз ат үстінде түрлі қимыл жасағанда ері аттың мойнына не сауырына кетпесі үшін.

Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды. [1]



1-сурет.Ербол Еділбаев- Ресей Федерациясының Алтай Республикасына қарасты Қосағаш ауданынан.

2.Теңге ілудің пайда болуы

Кең сахараны мекен еткен еркін халықтың күнделікті тұрмысында ойын-сауықтың түрі көп болған. Әрбір ойынның шығу негізінде ұлтымыздың дүниетанымы, тарихы жатыр. Себепсіз ештеңе пайда болмайтындығына ойындардың шығып-қалыптасуы айқын мысал бола алады. Бұған бір мысал келтірелік. Бала кезімізде ұлы қариялар жау айбындырған айтулы ерлер туралы көп әңгімелеуші еді. Сондағы әңгімелердің бірінің ұзын ырғасы мынадай:

- Бірі жас жігіт, екіншісі айтулы сақа азамат, жол жүріп келе жатқанда алдарынан бір топ қарақшы шығады. Бозбалаға сақа жігіт айтады:

- Атың жүйрік, сен анау орманға қарай қаша бер. Мен мыналарға тойтарыс берейін!

Сөйтеді де, қойын-қоншына тас толтырып, айылын мықтап тартып, тастақтау жазыққа таман көлденеңдейді. Қарақшылардың көбін аттан ұшырып жіберген соң, өзгесі кері қашады. Сонда әлгі жігіт қандай әдіс қолданған?

Бұл қарапайым ғана әдіс еді – қарақшылар таяп келген кезде тізені, тобықты т.б жанды жерлерін көздеп, жақындатпай тас лақтырып отырған. Тастақты жазықта айнала шауып, жерден іліп алып лақтырып, дегеніне жетіп отырған. Міне, осылайша, шоқпар, қамшысыз-ақ жаудың бетін қайтарған. Бұл қандай ойынның пайдасы еді? Әрине, «теңге ілудің». Мінеки, «теңге ілу» ойынын ойнаудың түпкі негізінде ат үстінде жүретін қазақтың кез келген қысылтаяң мезетте қауіп-қатерден қорғана білуге дайын болу мақсаты жатыр.[2]

3.Теңге ілудің Қазақстандағы дамуы

Теңге ілу ұлттық спорты біздің елімізде жақсы дамыған.Қазақстан бойынша бұл спорт түрінен Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Теңге ілу өз ішінде бірнеше санаттардан тұрады. 23 жастан асқандарға үлкен санаты,23 жасқа дейінгілер жастар,18 жасқа дейін жасөспірімдер санаты. Әр облыстан 2 адам қатысады.

Теңге ілу — ержігіт сайысына ұқсас қазақтың ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Теңге ілу ойыны тегіс жерде өткізіледі.

Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны 5-еу. Теңгелердің ара қашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп лақтырып тастауы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қортындысы шығарылады.[3]

Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақытжанов Төрехан 1999 жылы Орал қаласында туылған. 2016 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Бақытжанов Нұрбек 1997 жылы Орал қаласында туылған. «Призер Казахстан» жеңімпазы.

2-сурет. Ғазизов Жанәділ-Теңге ілу спортының шебері.





4.Теңге ілудің адам ағзасына әсері

Бұл ұлттық спорт түрі ептілікке,мықтылыққа,физикалық тұрғыда жүректі болуға үйретеді. Ат үстінде отырған спортшының белі қатайып,қан айналымы дұрыс жүреді.«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану».Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.Теңге ілу спорты яғни ат үстінде жүргендіктен қан айналым жүйесіне пайдасы орасан зор.Атқа мінген кезде 110 тербеліс туады, яғни барлық буын қозғалып қан жүреді,массаж деуге де болады. Жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары. Атқа отырған кездегі жылу қызу қан айналымның жылдамдығын арттырып,бойдағы тараған қан саусақтың ұшына дейін айналып шығады. Иппотерапия әсіресе жұлынға зақым келгенде,миға қан құйылғанда,жабық бас сүйек ми жарақатын алғанда,мінез құлық өзгеріске ұшырағанда ,көңіл күй төмендегенде,ұмытшақтық пайда болғанда,тірек қимыл аппараты қызметі бұзылғанда,бір сөзбен айтқанда адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданады.[4]


3-сурет. Иппотерапия әдісі






5.Қорытынды

Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын- сауықтар жиі атқарылады. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.


6.Қолданылған әдебиеттер


  1. Өркениетті Қазақстан газеті,2019

  2. ttps://egemen.kz/

  3. . Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.

  4. https://bugin.kz/5507-atqa-minudinh-paydasy























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!