Материалдар / Теннистің адам ағзасына әсері

Теннистің адам ағзасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Теннистің ағзаға әсері
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-техналогиялық университеті

Білім және менеджмент институты









«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы









ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Тақырыбы:Теннис спортының адам ағзасына әсері

















Орындаған:«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жақсылықов М.М

Жетекші:PhD қауымдастырылған профессор Мендигалиева А.С





















Орал,2023

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Қазақстанның теннис спортының дамуы

3.БҚО теннистің дамуы

4.Теннистің адам ағзасына әсері

5.Қорытынды





























































1.Кіріспе

Спорт әрбір адамның денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі. Қазіргі заманда теннис балалардың, студенттер мен жасөспірімдердің арасында өте танымал болып табылады, оған қоса адамның физикалық және психологиялық денсаулығына аса пайдалы. Теннис туралы айтпастан бұрын оның тарихын қарастырайық.

Теннистің қысқаша тарихы.Теннис бастауын Франциядан алады. Орта ғасырлардан бастап осы ойын түрі ақсұйектердің назарын аударған және айрықша корольдік спорт болып табылды. Көп ұзамай теннис бүкіл Еуропаға жайылды. Содан кейін барып Америкаға келді. Бұл ойын түрі Ресей империясында да ақсүйектердің сүйікті ойыны болып саналатын. Мысалы, соңғы орыс патшасы Николай II сүйікті ойындарының бірі теннис болған және оны ол өте жақсы ойнаған. Теннистен бір-ақ рет жеңіліс табу оған дәлел бола алады. Сол ойында оны жас ханзада Николай Юсупов басым түскен болатын. Николай Юсупов сол кезеңдегі Ресейдің нөмірі бірінші ракеткасы болған.

Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады. Теннис алаңының ұзындығы – 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр. Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден

а
спауы керек. Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.



1-сурет. Теннис ракеткасы




2- сурет. Теннис добы






3- сурет. Теннис ойнайтын корт



[1,2]

















2.Қазақстанның теннис спортының дамуы

ҚР теннис федерациясы ұсынған статистикаға сәйкес еліміз бойынша теннис корттарының саны соңғы 15 жылда 6 есе көбейді. 17 өңірде 344 теннис алаңы салынды. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірінде 38 теннис орталығы бар. Соңғы теннис орталығы биыл маусымда Түркістан қаласында ашылды. Ел аумағында жыл сайын теннистен 150-ден астам республикалық және халықаралық турнирлер ұйымдастырылады. Қазақстандық тенниске қатысты тағы бір дерек бүгінде аталған спорт түрімен 20 мыңнан астам адам тұрақты айналысады. Оның ішінде 5000 теннисші 10 жасқа дейінгі бала.Еліміздің теннис федерациясы спортшылардың денсаулығын күтіп, турнирден соң қайта қалпына келтіру мәселесін көтеріп отыр. «Теннисшілер үшін проблемалардың бірі турнирлерге дайындалып, қатысуға қаржы табу. Көптеген ойыншылар, әсіресе рейтингі жоғары емес спортшылар өз қалтасынан төлейді. Турнирге қатысамын деп ақшасын үнемдеп жүріп, басты байлық денсаулықты ұмытады. Спортшы өз денсаулығын 2 есе күту керек. Кәсіби спортшылар үшін денсаулықты қайта қалпына келтіруде жақсы маман табу оңайға түспейді. Қазақстанда бұл жағынан проблема жоқ. Біздің спортшылар әлемнің үздік мамандарына қаралу мүмкіндігі бар», - деген түсінік берді федерация.Федерацияның дерегі бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Өскеменде теннис спорты жақсы дамыған. Нұр-Сұлтан қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметіне сәйкес бүгінде елордада 5 теннис орталығы бар. Атап айтқанда, «Дәулет» теннис орталығы (Қордай 6), ұлттық теннис орталығы (Тұран 6/1), «Astana Solar» ЖШС («Қазатомпром» АҚ), «GoldenSet» теннис мектебі (Тәшенов көш.) және оқушылар сарайында аталған спортпен айналысу мүмкіндігі бар. Онда 50 жаттықтырушы 2500 теннисшіні тәрбиелеп жатыр. Елена Андреевна Рыбакина— қазақстандық кәсіпқой теннисші. Бес жасынан бастап тенниспен айналысқан. 2022 жылы Елена Уимблдондонда жеңіске жетіп, Үлкен дулыға турнирлерінің бірін бағындыра алған алғашқы қазақстандық теннисші болды.



4
-сурет. Алғашқы теннисшы Елена Рыбакина







3.БҚО тенистің дамуы

Оралда 2014 жылы ашылған теннис орталығы бүгінде толыққанды қызмет жасауда. Бүгінгі таңда оралдық 140-тан астам бүлдіршін аталмыш спорт түрін меңгеріп, жаттығып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Бапкерлер баланы тенниске алты жеті жастан бастап берген дұрыс,-дейді. Аталмыш спорт түрі баланың жан-жақты дамуына көмектесіп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ат салыспақ. Жазғы уақытта, аптап ыстыққа қарамастан жаттығып жүрген өрендердің қарасы қалың. Олар аптасына бес рет жаттығып, шеберліктерін шыңдауда. Олардың қатарында Аңсар Қайыржанов та бар. Жас спортшы бес жылдан бері теннисті жанына серік қылған. Жастайынан бұл спорт түрімен айналысып жүрген спортшы қазірдің өзінде түрлі сайыстарға қатысып, үздіктердің қатарынан табылыпты. Жас өрен әлемнің үздік ракеткасы болуды армандайды. Қазіргі таңда, оралдық спортшылар тамыз айында ұйымдастырылатын еліміздің басты аламанына дайындалып жатыр.

[4]
4.Тенистің адам ағзасына әсері

Теннис-аз жарақатты спорттың түрі. Жарақаттар спорттың бір бөлігі болғандықтан,теннистеде жарақаттар алу жағдайы кездеседі. Бірақ, басқа спорт түрлерімен салыстырғанда теннисте олардың сирек болатынын атап өту керек. Ең көп кездесетін жарақат түрлері ол сінірдің созылуы және қолдың шығуы.

Аэробты жаттығулар.Теннис ойнайтын кезде адамның көптеген дене мүшелері пайдалы жұмыс істейді. Одан басқа, дененің тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін жақсартуға ықпалын тигізеді, онымен қоса адамның қан айналамы жақсартылады.

Доп - реакция жаттықтырушысы.Теннис ойыны мынандай қасиеттерді дамытуға көмектеседі: жігерлік, қайрат, тез уақытта шешім қабылдау және күш қуаты. Оған қоса ойыншылар жұптанып ойнаса, жауапкершілікке және командада жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы кәсіпкой теннис ойыншыларының соққысы допты 200 км/сағ жылдамдықпен жібереді, сол үшін олар тез арада шешім қабылдау керек.

Теннис - денсаулықтың пайдасы.Күні бойы адамның бұлшық еттері қимылда болып, теннис ойнайтын кезде олар релаксация кезеңіне көшеді. Осы босаңсу процесі барысында эндорфин гормоны ағзаға бөлінеді, яғни ойыннан кейін демалыс уақытында адам өзін бақытты сезінеді.

Теннис сүйек сындыру қаупін төмендетеді.Британдық ғалымдардың айтуынша тенниспен айналысатын балалардың үлкен жаста сүйек сыну қаупі әлдеқайда төмен болып келеді. Мысалы, осы балаларда білек сындыру 40% аз, ал жалпы жарақат алу қаупі 63%-ға төмен. Теннис ойнау бүкіл дененің бұлшықеттерін тартады және секіру, жүгіру, соғу, иілу және т.б. сияқты әртүрлі қозғалыстарды орындайды. Бұл бұлшықет күші мен төзімділігін ғана емес, сонымен қатар жылдамдықты, ептілікті және үйлестіруді дамытуға көмектеседі. Теннис – аяқтың үлкен бұлшықет топтарын да, қолдың, арқаның және іштің бұлшықеттерін де жүктейтін күрделі қимыл спорты.Теннис ойнау сүйек затының қосымша жиналуы арқылы сүйектің беріктігі мен тығыздығын арттырады. Жас кезінде дене шынықтырумен айналысатын адамдардың кейінгі өмірінде остеопороз қаупі аз болады. Сонымен қатар, қартайған кезде теннис ойнау сүйектерді нығайтудың маңызды факторы болып табылады.

[5]

5.Қорытынды

Теннис – денеге де, ақылға да көптеген пайдасы бар спорт түрлерінің бірі. Нәтижесінде, ол барлық жастағы адамдар ұнататын танымал спорт түріне айналуда. Теннис – бүкіл дененің, жүректің және ақыл-ойдың бұлшықеттеріне арналған күрделі жаттығу, бұл оны денсаулық пен пішінді сақтау үшін сүйікті спорт түрлерінің біріне айналды.







































Пайдалынған әдебиеттер:

1.телеканал ТДК-42

2.викепидея

3.kaz.inform.kz Massaget.kz

4.bugin.kz

5.kk.1xmatch.com



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ