Материалдар / Тері туындылары.

Тері туындылары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің оқу қабілеттерін және білімдерін тереңдете отырып, тері туындыларының құрылысы және маңызымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қапланбек жоғары аграрлық – техникалық колледжі

Арнайы пән оқытушысы:Шынәсіл Фатима Садуақасқызы

Сарыағаш қаласы

Сабақ жоспары

Модуль/пән атауы

«КМ 01. Жануарлар жасушасының құрылысы және жануарлар ағзасы мен жүйесінің топографиялық ерекшелігін анықтау»

Сабақтың тақырыбы

Тері туындылары.

Оқытушы

Шынәсіл Ф

Курс

1

Тобы

Вет/бакалавр

А11





Сабақтың өткізілетін күні

23.11.2022






Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Студенттердің оқу қабілеттерін және білімдерін тереңдете отырып, тері туындыларының құрылысы және маңызымен таныстыру

Бағалау критерийлері

Жануарлар жасушасының құрылысын құрамын, топографиялық ерекшеліктерін тану, табиғи байлықты оңтайлы пайдалану жолдарын білу

Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі, дағдылар

1. Тері жабыны туралы түсінік.

2. Тері жабыны жіктелуі.

3. Тері жабынының құрылысы танысу.

4. Тері жабынының жануарлар организміндегі маңызы


Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

1. К.Жаңабеков «Жануарлар анатомиясы»;

2. Т. Несіпбаев «жануарлар физиологиясы» 2005ж;

3. Г.Төртқарынов, К.К.Базымов, К.И.Есенғалиев «Мал анатомиясының практикумы» Ана тілі 1992ж;

4. Қ.Бозымов, Қ.Есенғалиев, Е. Дурткоринов «Мал анатомиясы».

Техникалық құралдар, материалдар

Жануарлар, тері туындылары(түк,тұяқ, мүйіз), презентация, плакаттар,муляж, видео


Сабақ кезеңдері


1 Ұйымдастыру кезеңі:

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі

а)Сабақта жоқ оқушыларды тізім бойынша белгілеу

б)Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) Оқушылардың өткен сабақтан түсінбеген сұрақтарына жауап беру

г)Оқушыларға сабақтың мақсатын баяндау

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

20 минут

Тері жабыны және негізгі қабаттары

1. Жануарлардың тері жабынының морфологиясы

2. Тері жабынының құрылысы

3. Тері жабынының жануарлар организміндегі маңызы

4. «Аукцион» ойыны

«Аукцион» ойыны

Топ екіге бөлінеді, өз топтарына өздері ат қояды.

Өткен сабағымыз «Тері жабыны және оның құрылысы» туралы оқып келу тапсырмасы берілген болатын. Үй тапсырмасын еске түсіру үшін «аукцион» ойыны арқылы студенттердің қаншалықты үй тапсырмасына дайын екенін анықтаймыз.

Аукцион ойынының шарты:

Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Топ екі топқа бөлінеді. Интерактивті тақтада сұрақтар жасырылған жануарлар суреттері тұрады, әр топ кез-келген жануарды таңдап жасырылған сұраққа жауап беруі тиіс.

Егер команда дұрыс жауап берсе, оқытушы жауапқа толық қанағаттанса таңдалған жануар топтың қорына көшеді. Егер жауап толық емес болып, келесі топ жауапты толықтыратын болса жануар екінші топтың қанжығасына байланады. Ең көп жануар жинаған топ жеңімпаз атанады.

1.Тері жабынына сипаттама беріңіз.

2.Терінің маңызына тоқталыңыз.

3.Тері жабынының қызметі.

4.Терінің құрылысын атаңыз.

5.Эпидермис құрылысына анықтама беріңіз.

6.Дерма қабатының құрылысына тоқталыңыз.

7.Теріасты қабаты немесе шел қабатының құрылысы мен қызметі.

8.Тері туындалары анатомиялық ерекшеліктері.

9.Тері түктері, орналасу орындары.

10.Түктің дамуы.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі(жаңа тақырыпты болжау)5 минут

Тақырыбы: Тері туындылары

  1. Түк

  2. Мүйіз

  3. Тұяқ

  4. Майтабан

  5. Тері бездері(тер бездері,май бездері,сүт безі)

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

30 минут

Тері туындылары организмнің даму процесі барысында тері қабаттарынан жетілетін мүшелер. Оларға: тері түктері, тер, май және сүт бездері, майтабан, мүйіз тұяқ, мүйіз және әр түрлі жануарларға тән арнайы бездер жатады.

Түк (ріlі) омыртқалы жануарлардың ішіңде тек сүтқоректілерге тән тері туындысы. Түк әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Тіпті, бір организмнің өзінде де, терінің түрлі аймақтарында кұрылысы әр түрлі түктер кездеседі. Мысалы, түйе терісінде қасиеттері әр түрлі 5 түрлі түктер өсетін тері аймақтары ажыратылады. Түкті жабын жануарлар терісін сыртынан жауып, организмді суықтан, ылғалдан, әр түрлі механикалық және т.б. әсерлерден қорғап, денедегі жылулықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Үй жануарларында тері түктерінің бірнеше түрлері кездеседі: қылшық, қыл, түбіт, жүн, ал пішіні мен мөлшеріне байланысты ұзын, қысқа, жуан, жіңішке түктерге ажыратылады.

Түк тығыз да, иілгіш және серпімді мүше. Ол мүйізделген эпидермоциттерден құралған. Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы (scapus pili), тері ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix pili) — деп атайды. Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне үқсас жуандап аякталатын бөлігін түк баданасы (bulbus pili) — дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бүл жерде түкті құрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді құрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі (papilla pili) болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады.

ТЕРІ БЕЗДЕРІ (glandulae cutis)

Үй жануарларының тері бездеріне май, тер және сүт бездері жатады.

Май бездері (glandulae sebacae) терінің емізікше қабатында орналасады. Ол құрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий құрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Безді торшалар гландулоциттерге сол болу үшін қажетті заттар борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырларымен келеді. Бездің шеткі жағында бөліну арқылы көбейіп жатқан жас торшалар орналасады. Без ортасындағы ірі гландулоциттерде торша ядросы болмайды. Олардың цитоплазмалары қоймалжың майлы секретке толып, үлкейіп жарылады (голокринді бөліну) да, майлы секретке айналады. Май безінің секреті тері майы (sebum) — эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқпен мүйізде болмайды.

Тер бездері (glandulae sudoriferae) құрылысы карапайым түтікше бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді безді эпителий құрайды. Секрет бөлу кезінде гландулоциттер не жартылай бұзылып, олардың сөлге толған апикальды (қуысы жағындағы бос үшы) ұшы үзіліп, тер тамшысына айналады (апокринді боліну), не олардың бүтіндігі бұзылмай, тер тамшылары сүзіліп шығады (мерокринді бөліну). Безді сыртынан бір қабатта орналасқан, пішіні себетке ұқсас миоэпителий торшалары қаптап жатады. Без көпіршігінің (альвеоласының) қуысы терге толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығып, жиналған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Терді бөлуге керекті заттар без сыртындағы борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қан тамырлары арқылы жеткізіледі. Түкті теріде бездің шығару өзегі түк қынабына, ал түксіз теріде ол тікелей терінің сыртқы бетіне ашылады. Тер безінің секреті тер арқылы денеден артық су, тұздар, дәрі-дәрмектер, белоктық алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар шығарылады. Сонымен қатар, ол тері түктері мен эпидермисті сулап ылғалдандырып, оларды кеуіп қалудан сақтайды. Тер бездері дене қызуын реттеуге де қатысады.

Сүт безі (glandulae lactiferae) желін (uber) сүтқоректілер сыныбына (класына) жататын жануарларға тән тері туындысы. Желін әр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамиды. Ол іш төлінде төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы аяқтар аралығында бірнеше жұп төбешік ретінде эпидермистен қалыптасады. Бездің стромасы мезенхимадан дамиды. Жануарлардың түрлеріне байланысты төбешіктер әр түрлі дәрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан қалыптасады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі көпіршік түтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және стромадан құралады. Паренхиманы сүт безінің безді бөлігі, ал строманы паренхима бөлікшелері аралықтарындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды.

Майтабан (torus pulvinus) тұяқтың артқы жағында орналасқан тығыз, серпімді тері туындысы. Ол тері сияқты үш қабаттан: эпидермистен (epidermis torali), дермадан (corium toruli) және шел қабатынан (subcutaneum pulvinar) тұрады. Теріден айырмашылығы: 1) эпидермистен қалың мүйіз қабат түзіліп, майтабанды сыртынан кaптайды; 2) шел қабатының борпылдақ дәнекер ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дәнекер ұлпасы талшықтарымен бірге қосылып, борпылдақ серпімді майтабан жастығын құрайды. Жылқыда тері асты жастығында майтабан шеміршектері (cartilago pulvini) болады. Олар тұсамыс, топай және тиекше сүйектермен байламдар арқылы берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен қоршап, екеуі бір тұтас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі қызметін атқарады; 3) майтабан сезімтал жүйке ұштарына бай болғандықтан, ол аяқтың сезім мүшесінің қызметін атқарады.

Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта тізе майтабаны (torus carpalis), алдыңғы жіліншік майтабаны (torus metacarpeus) және тұяқ майтабаны (torus digitalis), артқы аяқта тілерсек майтабаны (torus tarseus), артқы жіліншік майтабаны (torus metatarseus) және тұяқ (саусақ) майтабаны болып бөлінеді. Итте аталған майтабандардың барлығы жақсы жетілген. Олар башпай майтабандары деп аталады. Жылқыда тұяқ майтабаны өте жақсы жетілген, ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде қалған. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ майтабаны ғана болады.

Тұяқ (ungula) теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол аяқ ұшындағы тері эпидермисінен жетіледі. Тұяқ 4 бөліктен: тұяқ көбесінен, тұяқ жұлынынан, тұяқ қабырғасынан және тұяқ ұлтанынан тұрады.

Тұяқ көбесі (limbus ungulae)

Тұяқ жұлыны (corona ungulae)

Тұяқ қабырғасы (paries ungulae)

Тұяқ ұлтаны (solea ungulae)

Мүйіз (cornu) мүйізді ірі қара және ұсақ малдардың мүйіздері бассүйектің маңдай сүйек мүйіз өсіндісін қаптап жатқан тері эпидермисінен дамып жетіледі. Мүйіздің терісі екі қабаттан: эпидермистен және дермадан тұрады. Шел қабаты болмайды. Тері дермасы маңдай сүйектің мүйіз өсіндісі сүйек қабымен бірігіп кеткен. Мүйіздің өсуінде жылдық сақиналарды байқауға болады.


5. Жаңа материалды бекіту кезеңі/

20 минут




Берілген термин сөздердің қазақша, латынша атауларын жазып жаңа сабағымызды бекітеміз

Студенттердің тапсырманы орындау барысы

6. Сабақты қорытындылау және рефлексия

8 минут


Білетінім

Білгенім

Білгім келеді

1




2




3




БББ кестесі бойынша студенттерді екі топқа бөліп,бүгінгі өтілген сабақтың барысын өз ойларымен талдау




7. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі

2 минут

Оқулық «Жануарлар анатомиясы және латын терминологиясы»

А) К.Жаңабеков 92-102 беттер

Б) Берілген лекцияларды оқып келу





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ