Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТЕРМИННІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕРМИН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ТЕРМИННІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Термин түзуді күнделікті тіршілік барысында жүріп жататын, өздігінен қалыптасатын таза практикалық іс деңгейінде қалдыруға болмайтындығын, оған аса ыждахаттылықпен қарау керектігін көрсетеді. Қазақ елінің мәдени-рухани өмірінде ерекше із қалдырған А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Тынышбайұлы, С.Омарұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанұлы, Н.Төреқұлұлы сияқты асыл азаматтарымыздың өмірі мен еңбектері кейінгі кезде зерттеу жұмыстарының өзегі болып, халық олардың асыл мұраларымен қайта қауыпты. Олардың қатарында қазақ халқының қалаулы ұлдарының бірі, зор талант иесі Х. Досмұхамедұлы да бар. Халқына қалтқысыз қызмет еткен, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында соңғы деміне шейін күрескен, "Алаш" қозғалысының көшбасшыларының бірі, саяси-қоғам қайраткері, жан-жақты ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз соңында мол рухани мұра қалдырды.
Сондықтан бұл мәселені термин - ғылым тілі, ғылыми түсініктер атауы дегендей тар шеңберлі ойлар аясында қарау жеткіліксіз. Оны тілдің өз табиғатынан айнымай, бұған дейінгі тарихынан бөлінбей, қоғамның ішкі-сыртқы сұраныс-талаптарын толық қанағаттандырарлық тіл болып жетілуі және ұлттық діл мүдделері тұрғысынан қарастыру, осы мақсат-мұраттар үдесінен шығарлықтай жолға қою қажет.
Ал мұндай шешімдер арнайы, мақсатты зерттеулер нәтижесіне негізделеді. Қазақ терминдік жүйесін жаңа көзқарас тұрғысынан қайта қарап-жасау ісінде шетел сөздерін аудару-аудармау, термин түзуде қазақ тілі мүмкіндігін қалай пайдалану мәселелері маңызды орын алары белгілі. Батыс Еуропа тілдерінің де терминдік жүйесінің екі-үш ғасыр бойы қалыптасудан өткені және бұл жайт олардың ұлттық дамуында елеулі орын алғаны белгілі. Елдің ресми тілі болып қабылдануына сәйкес бүгінде қазақ тіліне де осындай түбегейлі жүйеленуден өту, тілдің қоғамдық қызметінің жан-жақты жетілдірілу мүмкіндігі туып отыр. Сондай-ақ терминдік жүйенің ұлт, ұлттық тіл, қоғам алдындағы маңызы мен бүгінде халықаралық, тіларалық қатынастардың күрт артуына орай тілге өзге тілдер мен тілден тыс ықпалдардың күшею жайлары да бұл салада жаңа міндеттер жүктейді.
Бүгінде анализ, синтез, фон, форма, авто, газ, гидро, метод, теория, практика, металл және био-, гео-, агро-, авто-лар беретін түсініктер негізгі ұғымға айналып барады.
Осы және белсенді қолданылып, тілдік қатынасқа, тілдің дыбыстық, грамматикалық жүйелеріне елеулі ықпал ететіндігі себепті терминге қатысты тілдік мүдде туады. Мұның өзі, бір жағы - тілдік қисындылық, сөздің тіл тұрғысынан алғандағы дұрыстығы. Кеңестік ғылым тікелей тіл бірлігі - терминге тілдік сипаттылық қана тағып, тілден тыс, онымен байланысы аса шектеулі, оған тәуелсіз өзгеретін құбылыстай бағалап келді. Қазақ терминологиясындағы талас мәселелерді ғылыми таразылау үшін Х. Досмұхамедұлы еңбектеріне жүгінудің маңызы өте зор. X. Досмұхамедұлы - медицина, зоология, биология, тарих, тіл, әдебиет және басқа түрлі ғылым салаларына қатысты 20-шақты кітап, 40-тан аса мақала жазған ғалым. Солардың бәрін жиып-теріп, оның ғылыми-теориялық пайымдауларын, практикалық ой-ізденістерін, қазақ тіл біліміне қосқан үлесін зерттеп, анықтау - кейінгі ұрпақтың парызы. Ұлт мәдениетінің осы саладағы зәру мәселелерін зерттеп, ілгері дамытудағы ғалымның құнды ғылыми еңбектерін елеп-екшеп, қосқан жаңалықтарын зерделі көзбен қарауды қажет етеді. Ғалым бір мақаласында: "Бұл дүниеде түрлі данышпаңдар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осыңдай адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі," -деп жазған екен [1, 58].
А.Байтұрсынұлы терминді қазақ тілі негізінде жасау және оның тілге, көпшілікке түсінікгі болу тиістігін әлеуметтік тұрғыда негіздеген де еді. Бірақ кейін тілден тыс себептер ықпалымен шетел сөздерін аудармай алу дәстүрге айналды. Мұның дұрыс-бұрыстығын ғылым, практика тұрғысында дәлелдеу мәселесі қойылмады. Бұл принциптің қайсысы қандай мақсатқа қызмет етіп, нендей қажеттілікті өтері, қаншалық қисындылығы ешқашан арнайы зерделенген емес. Бұларды жүзеге асырудың ғылыми-әдістік негіздері де жасалмады. Осы себепті бұл принциптер қабылданғанымен, қолданылмайтын ереже күйінде қалып келді. Термин түзу ісі орыс тілі сөзін қазақшалау деңгейінде ғана болды.
Терминнің табиғилығы мен өміршеңдігі ана тілі байлығын сарқа пайдаланудың тілдік тетіктерін оның ішкі даму зандылықтары мен тілден тыс себептеріне сүйеніп, тіл табиғатына сай жүргізумен тығыз байланысты. Мәселеге ғылыми қисын, үлттық мүдде тұрғысынан қарар болсақ, терминді қазақшалау-қазақшаламау ісі тілдің, терминнің шартты белгілерден айырмасы; ой-сезімге алыс-жақындығы; уәжділігі мен түсініктілігінің маңыздылығы; ғылымның әлеуметтік мұраты; терминге қойылар тілдік, қисындық талаптар; термин арқылы тілдің бұзылмай, түзелуі және өз сөзі мен құралдары негізінде дамуы; тілге қатысты ұлттық саясат дегендей жайларға байланысты шешілуі тиіс. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, әлеуметтік қызметтерінің жанданып-жанғыруы термин ісін өзекті мәселелер қатарына шығарды. Осы кезенде қазақ тілі терминдік жүйесі тақырыбына бірнеше докторлық, ондаған кандидаттық диссертация жазылып, қорғалды. Ол жұмыстар дені белгілі бір сала атауларын реттеуге, сөз жасау тәсілдері мен сөздің терминдену мәселелеріне, термин жасауға тілден тыс факторлар ықпалын сипаттауға арналды.
Ө.Айтбаев жұмысы қоғамдық-саяси термиңдердің қазақ тілінде қалыптасу тарихы, жасалу жолдарына, Б.Қалиев жұмысы - қазақ тіліндегі өсімдіктер атауының жасалу жолы, шығу тегін зерттеуге, Ш.Құрманбайұлы жұмысы - терминдегі шарттылық принципі, халықтық тіл сөздерінің терминдену тәсілдеріне, Ш.Біләлов жұмысы -математика саласы атауларының қазақ тілі сөзімен берілу мүмкіндігіне арналған.
Аталған жұмыстардың бәрінде дерлік терминді мүмкіндігінше қазақшалау ісі оң құбылыс ретінде бағаланып, бұл ниетті, принципті ғылыми негіздеу мақсатына қажетті ғылыми-теориялық алғышарттар жасалды. Алайда терминді неге қазақшалау керек деп мәселе қойып, оның дұрыстығын дәлелдеу, термин түзуден ұлттық мүлде көріп, оны үш топқа бөле қарау қажеті бар ма деген сұрақ тууы мүмкін.
Қазақ термині мүмкіндігінше қазақша болсын деу ғылыми дәлелге жатпайды. Термин түзуде "қазақ тілінің төл жене бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану" тұжырымын ұстанып, оны жүзеге асыру үшін осылай айту, ойлау, осы ойдың дұрыстығына күмәнданбау, қарсы болмау жеткіліксіз. Ойлау жүйесі тілді орыстаңдыру кезіндегі саясат ықпалынан шыға алмай отырған біздің қоғамда бұл принциптің мойындалып, нақты іске бастау болуы үшін оның дұрыстығы нақты түрде дәлелденуі, ғылыми тұрғыда негізделуі керек
Алайда ХҮІ ғасырда Еуропада ғылым және халықтық тілдерге негізделген тілдік дуализм туды әрі бұл кезде еуропалықтардың ұлттық санасы өсіп, ұлт мәдениетіне, тіліне деген көзқарас күрт өзгерген еді. Бұл жайттар Еуропада екі-үш ғасырға созылған ұлттық тілді дәріптеу, мазмұндық дамыту, латын тіліне қарсы күрес науқанын тудырды. Латын тілі ығыстырылды да. Бірақ олар жүздеген латын-грек сөздерінің ұлт тіліне өтіп кетуіне шек қоя алмады және бұл жайдан дұрыс сабақ алып, өз сөздерін өзге тілдерге өткізуде ұтымды қолдана біліп, термин "ғылым жетелеуімен" Еуропаға отар емес елдерде де аударылмай алынды. Ол сөздерді талғаусыз қабылдап, бәрін өз сөзі еткен тіл - орыс тілі. Тек бұл жайт кеңестік ұлт тілдерінің орыстануындай, мемлекеттік саясат күшімен емес, табиғи жолмен, объективтік жағдайлар негізінде жүзеге асты. Олар: өркениеттік дамуы бойынша Россияның көш кейін қалуы; оны билеп-төстеушілер мен ғылым, мәдениет тетігіндегілердің көбі еуропалықтар болуы; орыс ақсүйектері мен оқығандарының еуромәнерде сөйлеуге әуес болуы еді. Бұл жайт орыспен еншілес басқа ұлттар тілдеріне де тарады. Мұның өзі кеңес халқын бір тілді, бір ділді, бір ұлтқа айналдыруда таптырмайтын құрал еді. Термин "тілге жаңа түсініктер енгізу" арқылы Еуропа тілдері сөздерін жер үстіне жая түсу мүддесіне қызмет етіп келді. Бұл саясат салдары кеңестікқоғамда аталмын тілдік дуализмнен де асып түсіп, орыс тілінің толық үстемдігіне ұласты және ұлт оқығандары ғана емес, бүкіл қоғам орыс тіліне ауа бастады. Ұлт зиялылары орыс тіліне, діліне шын, риясыз беріліп, ұлт мүддесін ұмытып қана қоймай, өз халқын да солай болуға үйретіп-бақты.
Терминге қатысты тіл мүддесінен туатын талаптар.
Ғалымдардың дара тұрған сөздермен емес, сөйлем арқылы ғана тілқатысып, термин мәні де сөйлем контексі арқылы ғана толық анықтала аларына да күмән жоқ. Мысалы, 1. Азот иссіз, түссіз, оттектен жеңіл газ; 2. Азот Менделеев кестесінің екінші қатарында, бесінші топта орналасқан деулерде сөйлемдегі сөздер ықпалы арқылы азот-тың әрқалай мағыналары көрініп тұр. Ал сөздің бірнеше туындысы пайда болуы не оның күрделі сөз түзуге қатысуы - терминнің де тұлғалық икемделетінін көрсетеді. Аммон-ның аммоналы, аммоний, аммиак, аммофос, амид, амин, амино-, -имины сияқты түр-өзгерістері бар. Бір ғана психо түбірінің оңдаған туындысы бар. Жай сөз бен термин бірлігі неде? Екеуі де грамматикалық өзгерісті қабылдайды; синоним, полисемия екеуіне де төн; екеуі де сөйлемдегі басқа сөздер ықпалына және адамның табиғи қолданысына түседі, ал адамның ғалым болу-болмауы екінші ретті нәрсе. Термин тузу, түзілу жолдары да оның тіл бірлігі екенін кепілдендіреді. Яғни термин - тілдің толық мүшесі ғана емес, оның туабітті мұратын атқаруының және икемді, қоғам тарапы-нан сұранысты тіл болуының бір көзі. Негізгі және қолданыстық сөздік қорды құраушы сөздер тобының бірі болғандықтан, терминге қатысты тілдік мүдденің бірінші көзі - тілдің тіл болып қалуы, заман ағымына, адам ойына ілсе дамуы болып табылады.
"Терминді мүмкіндігінше қазақшалау керектігі" бұған дейінгі, бүгінгі ғылымда, практикада орын алып отырған бірден-бір, дара пікір емес. Терминді қазақшалау бұрыстығы мен шетел сөзін аудармай алу дұрыстығын қостап-дәлелдейтін саяси-әлеуметтік тұжырымдар мен мүдделер, лингвистикалық ғылыми негіздемелердің де бар екені белгілі. Олар басы ашық мәселедей көрінетін терминді мүмкіндігінше қазақшалау тұжырымын қолдайды деу қиын. Бүкіл кеңес ғылымы осы тұжырымдарды ақтауға, олардың дұрыстығын негіздеуге арналған дерлік. Терминді одақ бойынша стандарттау орталығы да болды. Бұл көзқарастың өз мамандарымызға да әсері аз болмай отыр. Әсіресе тікелей термин жасаушы және ғылымды тек "Еуропа"- мен астастыра қабылдауға дағдыланған сала мамандарының ойлары осымен үндес. Көптеген терминнің аударуға болмайды дейтін дәстүр бойынша сол күйінде алынып жатуы да термин мүмкіндігінше қазақшалансын, бұл ұлттық мүдде көрінісі деп қоюдың жеткіліксіздігінің көрінісі. Яғни үлттық мүдденің өзін ғылыми тұрғыда жіктеп-жіліктеу, оның неден тұратынын, қалай құралатынын, қандай пайда-зияны барын, қаншалықты мақыздылығын нақты көрсетуді керек етеді.
Бүгінде тілдегі жаңа сөздер негізін құрайтын қоғамдағы ең өзекті түсініктер атауы болуына байланысты, кейде тілден тыс тұрған, одан әлдеқайда маңызды, бөгде жүйедей қабылданатын терминнің бұлай айдарланып, арнайы сөз тобы ретіңде қаралуы ғылымның дербес кәсіп түріне айналып, әлеуметтік рөлі арту кезеңінен бастау алады. Термин алғаш рет арнайы түрде түзіле бастағанда қатардағы сөздердің мағыналық, тұлғалық түрленуі арқылы, яғни басқа жүйе емес, халықтық тіл, ол кездегі ғылым ордасы латын-грек тілдері, сөздері негізінде жасалды. Ол тұста дәстүр бойынша және ұлттық тілдердің ғылым ұғымдарын атауға, ғылыми баяндауға жарамсыз, кеміс саналуы себепті ғылым тек латын тілінде жазылды. Ғылымның латын аясында қалуы ел билеушілері, ақсүйектер, дін иелері үшін де тиімді еді. Ондай ортада болатын өз білгенін жасырып, өзгеден білімін асыруға тырысушылық та кез келген еуропалықтың өз отанында-ақ латын тілінде жазып-сөйлеуіне сеп болды. Сондай-ақ ғылым, ғылыми ұғымдар бар жұртқа ортақ және әр ел ғалымдарының тілдік кедергісіз қатынаса алу мүмкіндігі маңызды саналды.
Термин, термин қалыптастыру, өзге тілден терминдерді қабылдау принциптері 30-шы жылдарда қолға алынғанымен әлі күнге дейін толық шешімін таппаған аса көкейкесті де күрделі проблема. Қазан төңкерісінен кейін көптеген халық ғылымды ана тілдерінде игеруге мүмкіндік алды. 1920 жылдардағы қоғам дамуындағы ірі өзгерістер, оның ішінде түрлі жаңалық, ақпараттардың ана тілінде берілуі, ғылым, мәдениет, техниканың дамуы - жалпы қазақ тілін жаңа сатыға көтеріп, оның ғылым тілінің қалыптасуына, қолдану аясының кеңеюіне ықпал етті. 1920 жылдар мәдени-ағарту саласында өзгеше бір серпіліс туған дәуір болды. Бұл жылдары оқу-ағарту майданындағы практикалық мұқтаждықтан туған мәселелер ерекше қолға алынды. Ғылымсыз термин, терминсіз ғылым болмайтыны сияқты, әрбір жаңа құбылыс, өзгеріс, даму өзімен бірге жаңа үғым яғни жаңа сөз бен сөз тіркестерін туғызады. Бұл кезенде термин қалыптастырудың белгілі бір жүйесі, нормасы болмаса да, тілімізге сан-салалы ғылыми ұғымдағы сөздер енді. Қоғам дамуына, мәдениет, ғылым, техниканың өрістеуіне сай заттар мен құбылыстардың жан қасиеттерінің ашылуы, жаңа ұғым туғызып, лексиканың баюына септігін тигізді. Тіл тағдырына байланысты терминология мәселесін қайтадан қоғамдық-әлеуметтік өмірмен санаса отырып қарастыру туралы Ә.Қайдаров "Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқарас" атты еңбегінде терминология мәселесіне жарты ғасырдан кейін оралуға мәжбүрлік туғызып отырған үш себепті атап көрсетті. Осы еңбектегі айтылған пайымдаулар Х.Досмұхамедұлы еңбектеріндегі терминдер туралы айтылған пікірлерге сәйкес келеді. Жоғары оқу орындарына медицина, жаратылыстану саласына арнап алғашқы оқулықтар жазуда, терминдерді жасауда Х.Досмұхамедұлы А.Байтұрсынұлы көрсеткен принциптерді басты бағдар етіп алды.
Ғалым өзіне дейін А.Байтұрсынұлының "Тіл - құралынан" басқа ешбір ғылым жайында кітаптың болмағандығын ескерте келіп, алдында үлгі болмаған соң, ғылым кітабын жазу өте қиынға соққандығын айтады. Бірен-саран араб-парсы, орыс сөздерінен кірген атаулардан қашпай, оларды ғылым жолына салып реттесе, қазақ тілі ешбір жұрттың тілінен кем болмайтынын ескертеді Еуропа жұрттарының ғылым тілі ретінде алғаны латын тілі екенін айта келіп, ғалым "Латын тіліндегі терминдерді ешкім қалдыруға ниет қылған жоқ, қалдыруға қолдан да келмейді. Ғылым ұлғайған сайын латын терминдері де ұлғайып барады"- дейді [2, 3].
Ғылымды өз тілімізге аударғанда ең керекті нәрсе - ғылым тіліндегі атауларды (термин) түсінікті қылып аудару. Бұл жұмыстың өте күрделі, қиын іс, бірақ та болашақ үшін өте қажет екендігін айта келіп, сөйтсе де ғылым атауларына лайықты ат табу, қарастыру аса қажет деп есептейді. Ғалым ғылым тілін жасау жұмысының маңыздылығын айта келіп: "Біздің алған жолымыз мынау болды: ғылым атауларына ең әуелі лайықты сөздерді қазақ-қырғыз тіліндегі сөйленіп жүрген, аталып жүрген сөздерден алуға іздендік. Қолайлы сөз табылмаған қалде ескі ұмытылып қалған түрік сөздерінен, өзбек, ноғай, ғүсманлы сықылды ағайын түріктердің сөздерінен ыңғайлы сөздерді іздедік. Бұл ретте қолайлы сөздер табылмаған қалде қазақ тілінде сөйленіп жүрген сөзден лайықты туынды сөздер шығаруға тырыстық" - дей келіп жаңадан туынды сөз шығарудың қиындығын, жаңа сөз тілді көп бұзбайтын, жаңалығы көп сезілмейтін сөз болу керектігін, сөзді шамасы келгенше аз тудыруға тырысқандығын, қолайлы сөз табылмағанда, ғылым атауларын латын тілінен алғандығын айтады.
Х.Досмұхамедұлының терминология саласындағы шығармашылығын сөз еткенде оның қазақ терминологиясына қосқан екі түрлі үлесін атап өткен жөн. А.Байтұрсынұлы және тағы басқа ғалымдардың өз тұстастарының қолданған терминдерін қолданып, олардың қалыптасуына, тұрақтануына өз үлесін қосты. Өз тұсынан, әсіресе, медицина, жаратылыстану ғылым салалары бойынша жаңа терминдерді түғызып, қазақ терминологиясының баюына елеулі үлес қосты. Х.Досмұхамедұлы терминдік атауларды қолданғанда, оқушыға ұғынықты болу жағын қарастырып, ол сөздерді үш түрлі тәсіл арқылы түсіндіріп отырған:
1. Түсініксіз сөздерді, шет ел сөздерін кейде не орысша не қазақ сөздерімен түсіндіру: а) Шет тілдерден енген сөздерді орысша түсіндіру. Мысалы, әфсана (легенда), әһлі сәлиб (крестовые походы), ғұнсұр (элемент), риадиат (математика), дүниауи (светский), фрадис (гипотеза), фи алжұмлә (вообще), ләһже (наречие), кашфийат (открытие), истах (термин), тағы басқа; ә) Шет тілдерден енген сөздерді қазақша түсіндіру. Мысалы, филолог (тіл ғылымына жетік адам), классик (үлгі), оригинал (түп), асты, үсті (харакат), фазилат (артықтық), ибаре (текст).
2. Жақшаның ішінде кейбір терминдердің варианттары беріліп отырған. а) Қазақша жазып отырып, белгілі бір сөздің орысша баламасын жақшаның ішінде келтіріп отырады. Мысалы, түзетушілер (корректор), түп (оригинал), рухани мағына (духовное содержание), дүниауи мемлекет (светская власть), бұқарашыл (демократия), төңкерісшіл (революционер), назар (взгляд), деректі істер (практический). ә) Қазақша жазып отырып, белгілі бір сөздің түп нұсқадағы баламасын жақшаның ішінде келтіріп отырады: шамның қалпағы (абажуры), ақ шыны (форфор), жар (дуал), шаман (бақсы), ұйқының уы (токсині)
3. Х.Досмұхамедұлы термиңдерді түсіндіргенде тек қана сипаттама әдісін қолданумен шектелмей, көрнекі құралдарды, түрлі суреттерді пайдаланып отырған.
Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі - халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе, бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі. Бұл мәселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері әр түрлі. Осы мәселені арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың маңызы зор. Бұрын халықаралық термиңдер туралы біржақты пікірлер қалыптасқаны белгілі. Яғни, бірнеше тілде қолданылатын оңдай сөздерді «орыс тіліңде қалай жазылса, біз де солай жазайық, олар қалай айтса, бізде де солай айтайық» деп келдік. Ал, енді бүгін біздің тіліміз халықаралық болмаса да мемлекеттік мәртебеге ие болғаны баршамызға белгілі. Өзге тілден сөз қабылдағанда, оны ұлт тілінің фоно-морфологиялық заңдарына сәйкестеңдіріп алу қажеттігін қазақ зиялылары XX ғасырдың басыңда-ақ дұрыс атап көрсеткен болатын. Мәселен, 1923 жылы жазылған мақаласында Х.Досмұхамедұлының «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ылайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады» [3,24].
Х.Досмұхамедұлы шет тілден енген сөздерді қазақ тілінің айтылу заңына сәйкестеңдіріп жазу қажеттігін бір емес, бірнеше еңбектеріңде айтып кеткен. Мысалы, 1924 жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде сөйлеген сөзінде шет тіл сөздерінің түбірін ғана айтып, оның өзіңде сол түбірдің өзін де қазақ тілінің заңдарына бағыңдырып өзгертуді ұсынған. Х.Досмұхамедұлы Н.Төреқұловтың "Жат сөздер туралы" деген еңбегіне жазған сын мақаласында автордың шет жұрттан алынған сөздердің бәрі де қазақтың айтылу заңына сәйкес өзгертіліп жазылуы керек деген қағидасын қолдайды.
Ғалым тілімізге орыс тілі арқылы еніп отырған шет тіл сөздерін жазғанда орыс тіліндегі нұсқасын алмай, шет тілдегі түпнұсқасын үлгіге алу керек деп есептейді.
Ғалым тілдердің ауыс-түйіс процесінде кездесетін кейбір ұтымды, озық тәжірибелерді ұсынады. "Аурупа жұрты, - деп жазады ғалым, -латын сөздерін термин қылып қолданғанда бұлжытпай алып отырған жоқ. Әр сөзді әркім өз тіліне бейімдеп, өзгертіп қолданып жүр. Сөзді өзгерткендер әрқайсысы өз тілдерінің заңымен өзгертеді".
Сонымен қатар ғалым "аурупа" сөзін асыл нұсқасынан алып өзгертіп қолдану керек деді. Мысалы, аутор (автор), аурора (аврора), аутономиа (автономия), һиспание (Испания), һипноз (гипноз), һоризонт (горизонт), һоландия (Голландия) тағы басқа мысалдарды атап көрсетеді.
Ғалымның айтуы бойынша сингармонизм заңына байланысты:
«қазақ-қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп (ташдитеніп) келмейді. Сондықтан жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбысты қазақ-қырғыз не бір дыбыс қылып айтады, ең сонғысын бөтен дыбысқа аударады. Мысалы: молла-молда, уммет-умбет, алла-алда, аууал-әуел, жиннат-жендет, суннат-сундет». Ендігі жерде Х.Досмұхамедұлының және басқа да зиялылардың ұтымды тәжірибелерін пайдалана отырып, қазақ тілінің үндестік заңы негізінде тыңнан жаңа емлелік ережелерімізді жасауымыз керек. Б.Қалиев айтқандай: "Халықаралық терминдерді қазақша айтып, қазақша жазсақ қана біз қазақ тілінің терминологиясын жасай аламыз". Х.Досмұхамедұлы терминдердің қабылдау принциптеріне ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру мәселесіне де көп көңіл бөлді. Ғалым бұл жөнінде мынандай ұсыныс енгізген болатын. "Бүтін қазақ халқы үшін жалғыз Білім кеңесі болу керек. Ол Білім кеңесінің жанында әр пәннің мамандарынан сайланған кемесиелер болу керек. Пән сөздері әуелі тиісті кемесиенің сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып, көптің талкысына түсуге тиіс, ол пән сөздері сонан соң ғана барып Білім кеңесінің қарауына түсіп, бекіліп шығуға тиіс", деп ұйымдастыру жағынан бірден-бір дұрыс жол ұсынады. Біз осы күні Х.Досмұхамедұлының бұл ұсынысын басшылыққа алсақ ұтарымыз көп болар еді. Х.Досмұхамедұлы ұстанған принциптерін Қ.Жұбанов сияқты цифрмен санамалап бермегенмен, оның принциптері әр еңбектерінде, әр жерде айтылып отырған[4, 51].
Сондықтан біз бұл принциптерді жиып-теріп, текшелеп мынандай тізбекпен беруді жөн көрдік. Х.Досмұхамедұлы термин жасағанда халық тілінің байлығын сарқа пайдалану қажет деп есептейді. Шет тілдерден, оның ішінде орыс тілінен терминдерді қабылдау қажет екенін айтып, ұғынықты болу үшін оларды түсіндіру керектігін ескертеді. Шет тілдерден қабылданған терминдерді сол күйінде қабылдамай, қазақтың өзінің айтылым, сингармонизм заңына сәйкестендіріп алуды қажет деп есептейді. Термин жасауда Х.Досмұхамедұлы төл жұрнақтарды барынша мол пайдалануды талап еткен.
Терминді жасауда, қабылдауда, бекітуде міндетті түрде мемлекеттік қамқорлық болу керектігін ескертеді. Жарыспалы, вариантты біраз термиңдердің біреуін алып, біреуін тастамай екеуін де қолданып отырған (қала-шаһар, талқы-диспут, гонорар-қалам ақы, анатомия-тән тірлігі, термин-пән атаулары, факт-дерек, шиша-шөлмек-бөтелке). Бірақ, негізінде басым көпшілігі бір сыңарлы болуды қалағандығы еңбектерінен байқалып отыр. 7. Халық тілінен табылмаған сөздерді кейде өзбек, ноғай, түріктердің тілінен іздеуге көңіл бөле отырып, қазақ сөздерінен туынды терминдер жасауды жөн көрді.
XX ғасыр басында басшылыққа алынған бұл принциптерді ескірді деп айтуға болмайды. Кезінде солақай саясаттың салдарынан олардың орынсыз шеттетілгені белгілі. Кейінгі жылдары қоғамдық-саяси өмірімізде болған түбегейлі өзгерістер қазақ терминологиясын қалынтастыру мен дамытудың жаңа принциптерін белгілеудің қажеттілігін туғызып отыр. Х.Досмұхамедұлы шығармашылығындағы терминдер жөнінде пікір айтып жүрген ғалымдар аз емес. Олар: Ш.Сарыбаев, Б.Хабижанов, Ә.Шокин, Е.Керімбеков, Ә.Керімов тағы басқалары. Ғалымның туғанына 110 жыл толуына орай Ұлттық ғылым академиясында өткізілген ғылыми-теориялық мәслихаттың материалдары жарияланған. Бұл мәслихатта белгілі ғалымдарымыздың оннан аса баяндамасы тыңдалған (Ғ.Тәшенов, Ғ..Әнесов, Ә.Шокин, Е.Керімбеков, К.Нүрпейісов, Ш.Сарыбаев, М.Құлкенов, С.Өтениязов, Ш.Керімов, А.Мектептегі тағы басқа). Х.Досмұхамедұлының мұрасын бастырып шығару ісі кейінгі он жылдың ішінде қолға алына бастады. Осы мерзімде бірнеше жинақтар шықты. Соның бірі - ғалымның он бес шақты енбектерін қамтитын, көлемі 175 беттік «Аламан» атты жинағы (1991 ж). 1998 жылы Х.Досмұхамедұлының әр түрлі ғылым салаларындағы көптеген еңбектерін қамтитын «Тандамалы» атты 385 беттік көлемді еңбегі басылып шықты. 1996 жылы «Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» деген көлемі 173 беттік жинақ түгелімен ғалымның еңбектерін зерттеуге арналған. Кейінгі жылдары Х.Досмұхамедұлының мұрасы дипломдық жұмыстар деңгейінде зерттеле бастады. Х. Досмұхамедұлы шығармашылығының бір қыры - оның лексикографиялық еңбектері. Ол - медицина, зоология, ботаника салаларына байланысты қысқаша болса да тұңғыш сөздіктерді құрастырған ғалым. Әрине, Х.Досмұхамедұлына дейін де көлемді екі тілді сөздіктер басылып шыққан еді. Бірақ, арнайы кәсіби сөздіктерді жасау Х.Досмұхамедұлынан басталады. Ол сөздіктерін студенттерге арнап жазған оқулықтарының соңында беріп отырады.
Терминнің тілдегі басқа сөздерден айырмасы - соңғылар әуелі ауызекі тілде, ал термин жазу тілінде пайда болып, жалпы тілге жазу арқылы тарайды. Оның басқа сөздерден ерекшеленуіне түрткі болған екінші нәрсе - белгілі бір саладағы кәсіби әрекет барысында қолданылатын жаңа ұғымды білдіруіне және танымдық сипатты болуына байланысты оған қандай ой, не мағына жүктелгенін арнайы түсіндіру қажеттігі болды. Үшіншіден, сөз тұлғасы өзгертілмей, мағынасын түрлендіру арқылы жасалған терминдердің лексикалық және жаңа мағыналары шатастырылмас үшін жаңасының арнайы түсіндірілуі, түсінікке сай мағына ауқымы шектеліп көрсетілуі керек болды. Ал тілдегі жай сөздер мағынасын бұлай түсіндіру қажеті болмасы белгілі.
Кейінірек терминді ғылым сөзі ретінде ұлттық тілдерге аудармай алу үшін оларды арнайы түсіндіру аталғаннан да маңызды қажеттілікке айналды. Енді ол ескі мен жаңа мағыналардың шатастырылуынан емес, арнайы түсіндірусіз ол сөздердің басқа елгеу тілге тіпті де түсініксіздігінен, ешқаңдай ой туғызбайтындығынан болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Досмұхамедұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. Ташкент, 1924; Алматы, 1992. - 53 б.
2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). - Алматы: Ана тілі, 1992. - 447 б.
3. Қалиұлы Б. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминдері // Ұлттық рухтың ұлы тілі. - Алматы: Ғылым, 1999. - 409-416 бб; Байтұрсынұлы А. Тіл - құрал (қазақ тілінің сарфы). Бірінші жылдық. Орынбор, 1914.
4. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы: Рауан, 1997. - 240 б.