МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тест

Материал туралы қысқаша түсінік
тест ұбт
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы

1. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам айтылатын еңбектер:

А) Тарих, Жаратылыстану тарихы

В) География, Тарихи жазбалар

С) Авеста, Махабхарата

Д) Авеста, Ригведа

2. Б.з.б. II ғасырда ғұндардың қысымымен солтүстік-батыс Қытайдан батысқа қарай кетіп, шығыс және оңтүстік шығыс Қазақстан аумағына қоныстанған :

А) Үйсіндер

В) Юэбань мемлекеті

С) Юэчжилер

Д) Сақтар

3. Қытай деректері бойынша Сырдарияның орта ағысында Шаш облысында орналасқан ежелгі мемлекет:

А) Үйсін

В) Сармат

С) Қаңлы

Д) Сақ

4. Жаппай ұжымдастыру саясаты кезіндегі орын алған тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:

1. Бесеудің хаты;

2.Қазақ байларын тәркілеу;

3. Ф.И. Голощекиннің билікке келуі;

4. Т. Рысқұловтың И.В.Сталинге жазған хаты;

А) 3,2,1,4

В) 1,2,4,3

С) 2,1,3,4

Д) 2,3,4,1

5. Қара нәсіл түсінігінің орнына жиі қолданылады:

А) антропологиялық үлгі ұғымы

В) палеоантропологиялық үлгі ұғымы

С) археологиялық үлгі ұғымы

Д) этнологиялық үлгі ұғымы

6. Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі өркениеттері туралы жазба деректерді авторлармен сәйкестендіріңіз:

1) «Жаратылыстану тарихы» А) Геродот

2) «География» Ә) Птоломей

3) «Тарих» Б) Үлкен Плиний

4) «Тарихи жазбалар» В) Сыма Цянь

А) 1-Ә, 2-Б, 3-А, 4-В

В) 1-В, 2-Ә, 3-А, 4-Б

С) 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-В

Д) 1-Б, 2-Ә, 3-А, 4-В

7. Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, «Орынбор өлкесінің Колумбы» атанған ғалым:

А) И.Г.Андреев

В) П.И.Рычков

С) Г.Ф.Миллер

Д) В.Н.Татищев

8. 1929-1933 жылдары болған көтерілістер қарсы бағытталды:

А) еңбек міндеткерлігіне

В) тыл жұмыстарына алуға

С) күштеп ұжымдастыруға

Д) әскери коммунизмге

9. Қазақ жерінің аумақтық тұтастығының сақталуына еңбек сіңірген қоғам қайраткері:

А) М. Сембин

В) Б. Тайжан

С) Ж. Тәшенов

Д) М. Тәтімов

10. «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» енгізуге қарсы туындаған Орта жүз қазақтарының көтерілісін басқарды:

А) Саржан Қасымұлы

В) Досан Тәжіұлы

С) Жоламан Тіленшіұлы

Д) Иса Тіленбайұлы

11. Алаш қозғалысының мүшесі, ақын, жазушы, драматург Қошке Кемеңгерұлы бастамасымен шығарылған мерзімді баспасөз:

А) Сарыарқа газеті

В) Алаш газеті

С) Айқап журналы

Д) Балапан журналы

12. 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген ескерткіш:

А) Берел қорымы

В) Тамғалы петроглифі

С) Ботай қонысы

Д) Тасмола ескерткіші

13. 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды ақтау, көтерілістен зардап шеккен аудандарға көмек көрсету, әскерге алынғандарды қайтару туралы шешім қабылданды:

А) Қазан төңкерісінен кейін

В) Ұжымдастыру жылдарында

С) Ақпан төңкерісінен кейін

Д) Азамат соғысынан кейін

14. Орта Азияның ежелгі тоғыз өркениетінің бірі Соғды өркениетінің қамтыған аумағы:

А) Мұрғаб жазирасы

В) Сырдария мен Әмударияның арасы

С) Шыршық пен Ангрен өзендері алқабы

Д) Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасы

15. Қалмақтармен күресте Жәңгір хан одақ құрды:

А) қырғыздармен

В) орыстармен

С) парсылармен

Д) гректермен

16. Қалмақтармен күресте Жәңгір ханға қолдау көрсетті:

А) Қашқария моғолдары

В) Қытайлар

С) парсылар

Д) Қоқан бектері

17. Қалмақтар құрған Ойрат одағының тарихи мерзімі:

А) XV ғ басы- XYI ғ. басы

В) XIV ғ басы- XYII ғ. басы

С) XI ғ басы- XII ғ. басы

Д) XI ғ басы- XYI ғ. басы

18. Бүкіл билік құрған кезеңі жоңғар шапқыншылығына қарсы күреспен өткен хан:

А) Тоқтамыс

В) Жәңгір хан

С) Керей хан

Д) Қасым хан

19. Қарахан мемлекетінде ислам дінін бірінші қабылдаған хан:

А) Мұса

В) Сатұқ боғра

С) Сүлеймен Арслан

Д) Қасым хан

20. Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған:

А) Мұса

В) Сатұқ боғра

С) Сүлеймен Арслан

Д) Қасым хан

21. Қарахан мемлекеті мен Ғазнауилер арасындағы шекара болған өзен:

А) Сырдария

В) Арыс

С) Әмудария

Д) Жайық

22. Режиссер Ақан Сатаевтың 2011 жылы жарыққа шығарған кинотуындысы:

А) Жаужүрек мыңбала

В) Көшпенділер

С) Алпамыс

Д) Менің атым қожа

23. 1740 жылы Абылай мен Әбілмәмбет патша үкіметіне ант берген жері:

А) Мәскеу

В) Орск

С) Семей

Д) Петербург

24. Қ.И. Сәтбаевтың ежелгі ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесі:

А) Ежелгі алтын кен орындарын зерттеді

В) Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан

С) Ежелгі кен істері мен мыс қорыту өндірісін анықтаған

Д) Көне темір кен орындарын ашты

25. Сарыарқадағы неолит пен энеолит дәуіріндегі мекендер, қола дәуіріндегі қоныстар мен қорғандар, сақтардың және түркі заманындағы жерлеу орындарымен орта ғасырлардағы қалаларды зерттеді:

А) Ә. Марғұлан

В) Қ. Сәтбаев

С) Ж. Тәшенов

Д) М. Тәтімов

26. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы осы қаланы бағындырды:

А) Сайрам

В) Ташкент

С) Сығанақ

Д) Сауран

27. Қимақтардың 16 қаласы туралы айтқан араб ғалымы:

А) Әл-Идриси

В) Марвази

С) Ибн-Хәукәл

Д) Әл-Якуб

28. Б.з.б 670 жылы Ассириялықтармен соғыста қаза тапқан скиф патшасы:

А) Ишпакай

В) Томирис

С) Скунха

Д) Анахарсис

29. Хақназар билігінің соңына қарай Қазақ хандығының батыстағы шегарасы өткен аймақ:

А) Ертіс

В) Есіл

С) Сырдария

Д) Жайық

30. Хақназар билігінің соңына қарай Қазақ хандығының шығыстағы шегарасы өткен аймақ:

А) Ертіс

В) Есіл

С) Балқаштың арғы жағы

Д) Жайық

31. Соғдының сақтар мемлекетімен шекарасында Курушката қаласын салдырған:

А) Ишпакай

В) I Дарий

С) Кир

Д) А. Македонский

32. Невель қаласы үшін шайқаста Кеңес одағының батыры атағын алған:

А) М. Ғабдуллин

В) М. Мәметова

С) Н. Әбдіров

Д) Ә. Молдағұлова

33. Скифтердің өздері де олардың аттары да сауытпен қорғалған деп жазған:

А) Страбон

В) Арриан

С) Геродот

Д) Анахарсис

34. Энеолит және қола дәуірін қамтитын Ұлы Даланың батысындағы мәдениет:

А) Петров

В) Ботай

С) Көнешұңқыр

Д) Сынтасты

35. 1. Жаратылыстану тарихы

2. География (XI кітабы)

3. Тарихи жазбалар

4. Тарих

5. География

А- Геродот, В- Сыма Цянь, С-Страбон, Д-Үлкен Плиний, Е-Птоломей

А) 1-В, 2-С, 3-А, 4-Д, 5-Е

В) 1-Д, 2-С, 3-А, 4-В, 5-Е

С) 1-А, 2-Е, 3-В, 4-С, 5-Д

Д) 1-Д, 2-С, 3-В, 4-А, 5-Е

36. Ежелгі көшпелілерде күнге табынудың болғанын растайды:

А) Аржан қорғаны

В) Пазырық кілемі

С) Тамғалы петроглифтері

Д) Сынтасты қорымы

37. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы кезінде «Өмір жолын» салуға қатысты:

А) Днепр

В) Мәскеу

С) Ленинград

Д) Брест

38. 1. Көне түрік ескерткіші

2. Шығыс түрік қағаны

3. Түрік жазуының құпиясын ашқан

4. Түрік жазба әдебиетінің көшбасшысы

5. Күлтегін жазуын қалдырған мемлекет

А-Томсен, В-Иоллығ тегін, С-Бұғыты, Д-ШТҚ, Е-Білге

А) 1-А, 2-В, 3-С, 4-Д, 5-Е

В) 1-С, 2-Е, 3-А, 4-В, 5-Д

С) 1-А, 2-Е, 3-В, 4-С, 5-Д

Д) 1-С, 2-Е, 3-Д, 4-А, 5-В

39. Қола дәуіріне жататын әскери арба табылды:

А) Арқайым

В) Сынтасты

С) Тасты-бұтақ

Д) Есік

40. XX ғасырдың 60-жылдары Қазақстан картасына енген жаңа қала:

А) Петропавл

В) Атырау

С) Степногорск

Д) Риддер

41. Қазақстанды археологиялық зерттеу тарихын сәйкестендіру:

1. Н.Н. Пантусов;

2. Ә.Х. Марғұлан;

3. В.Ф. Зайберт;

4. М. Қадырбаев

5. К. Ақышев;

6. Қ. Сәтпаев;


А) Жылқының алғаш қолға үйретілгенін дәлелдеді;

В) Алғаш рет Жетісуда тасқа қашалған кескіндерді суретке түсірді;

С) 1970 жылы петроглифтерге зерттеу жұмыстарын жүргізді;

Д) Ежелгі кен істері мен мыс қорыту өндірісін анықтады;

Е) 1969 жылы Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапты;

Ғ) Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына жетекшілік етті;

А) 1-А, 2-В, 3-С, 4-Д, 5-Е, 6-Ғ

В) 1-В, 2-Ғ, 3-А, 4-С, 5-Е, 6-Д

С) 1-А, 2-Е, 3-В, 4-С, 5-Д, 6-Ғ

Д) 1-С, 2-Е, 3-Д, 4-А, 5-В, 6-Ғ

42. Дұрыс жауаптарды сәйкестендіру:

1. Сардоба;

2. Ертедегі тастан қашалған мүсін;

3. Хайуанат пішінді өрнектер;

4. Түріктерге сіңіскен Орта Азиялық халық;


А. Балбал;

В. Соғды;

С. Құдық;

Д. Зооморф

А) 1-А, 2-В, 3-С, 4-Д

В) 1-В, 2-Д, 3-А, 4-С

С) 1-А, 2-Д, 3-В, 4-С

Д) 1-С, 2-А, 3-Д, 4-В

43. Қытай, иран, түркілік деректерді сәйкестендіру:

1. Чжан Цянь;

2. Сыма Цянь;

3. Авеста;

4. Бехустин жазбасы;

5. Орхон-Енисей


А. Зороастризмнің қасиетті кітабы

В. Ежелгі түркілік руна жазуы

С. I Дарий патшаның жазбалары

Д. Тарихи жазбалар

Е. Ферғана, Жетісу, Қаңлы және Бактрия жеріне сапар жасаған саяхатшы

А) 1-А, 2-В, 3-С, 4-Д, 5-Е

В) 1-В, 2-Ғ, 3-А, 4-С, 5-Е

С) 1-Е, 2-Д, 3-А, 4-С, 5-В

Д) 1-С, 2-Е, 3-Д, 4-А, 5-В

44. Б.з.б 200 жылы Хань әулетінің негізін қалаған Гаоди жорық жасады:

А) ғұндарға

В) сақтарға

С) сарматтарға

Д) қаңлыларға

45. Шыңғысхан дінаралық қарсылықты пайдаланып, халқын өзіне тарту үшін әскерге зорлық пен тонауға тыйым салған өлке:

А) Сырдария

В) Хорезм

С) Жетісу

Д) Ташкент

46. 1513 жылы Қасым ханға ұрыссыз берілген қала:

А) Ташкент

В) Сайрам

С) Түркістан

Д) Алмалық

47. 1716 жылы қазақ даласына елшіліккке келген Тобыл бояры:

А) А. Левшин

В) А. Тевкелев

С) Б. Брянцев

Д) Н. Белоусов

48. 1877 жылғы Сібір мен солтүстік-батыс Түркістанға саяхаты кезінде Семейде болған. Осы сапары жөнінде «Қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы мен отбасы», «Дала көшпенділері-малшылар» атты еңбектерін жазған неміс зоологы, саяхатшысы:

А) А.Э. Брем

В) А. Тевкелев

С) Н. Потанин

Д) З. Фрейд

49. Сапаллин мәдениеті орналасқан аймақ:

А) Армения

В) Қазақстан

С) Қырғызстан

Д) Өзбекстан

50. Ресей империясының Орта Азиядағы иеліктері аталды:

А) Сырдария өлкесі

В) Хорезм өлкесі

С) Түркістан өлкесі

Д) Ташкент өлкесі

51. КСРО ыдыраған соң, Ресейде Орта Азия ұғымы қолданыла бастады:

А) 1990 жылы

В) 1991 жылы

С) 1989 жылы

Д) 1992 жылы

52. КСРО кезеңінде «Орта Азияға» енбей өз алдына жеке экономикалық аймақ болды:

А) Армения

В) Қазақстан

С) Қырғызстан

Д) Өзбекстан

53. Орталық Азия ұғымын алғаш рет қолданған неміс зерттеушілері:

А) И. Таулер, В. Вайгель

В) К. Риттер, А. Гумбольдт

С) Ф. Рихтгофен, Г. Георги

Д) Р. Густав, А. Гумбольдт

54. Орталық Азия ұғымы алғаш рет қолданылды:

А) XVIII ғ аяғында

В) XIX ғ ортасында

С) XVI ғ басында

Д) XVII ғ ортасында

55. Ресей империясы кезінде Орталық Азия ұғымы аталған аймақ:

А) Мұрғаб жазирасы

В) Қазақстан мен Ауғанстан арасы

С) Дешті Қыпшақ жері

Д) Ресей мен Қырғызстан арасы

56. Орталық Азияны ішкі ағынды өзендер алабымен анықтауды ұсынған неміс географы:

А) И. Таулер

В) К. Риттер

С) Ф. Рихтгофен

Д) А. Гумбольдт

57. Орталық Азия термині алғаш рет неміс география ғылымында пайда болды:

А) XVIII ғ аяғында

В) XIX ғ бірінші жартысында

С) XVI ғ басында

Д) XVII ғ ортасында

58. Орталық Азияның климаттық ерекшелігі:

А) ылғалдылық

В) қалыпты белдеу

С) аридтілік (қуаңшылық)

Д) субарктикалық белдеу

59. Монотондылық, яғни мәдени тәжірибені үнемі қайталау тән:

А) индустриялық өркениет

В) капиталистік өркениет

С) социалистік өркениет

Д) дәстүрлі өркениет

60. 1893 жылы көне түркі жазуын зерттеп оқыған:

А) В. Томсен

В) В. Радлов

С) Ф. Рихтгофен

Д) А. Гумбольдт

61. XX ғасырдың 20-30 жылдары археологиялық зерттеулер қай дәуірмен байланысты болды:

А) тас

В) қола

С) дала кеңістігін игеру

Д) темір

62. Жылымық кезеңінде ақталған мемлекет қайраткері:

А) А. Байтұрсынов

В) Ә. Бөкейханов

С) Ш. Құдайбердіұлы

Д) С. Меңдешев

63. А. Байтұрсыновтың мұғалімдерге арналған тәжірибелік нұсқаулық еңбектері:

А) Қырғызды орыс тіліне үйретуге алғашқы басшылық

В) Мұсылмандық шарт, Ер Сайын

С) Жазу тілі, Қырғыз хрестоматиясы

Д) Тіл жұмсар, Баяншы

64. Торғай қаласына шабуыл жасауға Күйік, Құмкешу, Доғал соғыстарына қатысқан Амангелді батырдың серігі:

А) Әбдіғаппар Жанбосынұлы

В) Әліби Жангелдин

С) Кейкі Көкембайұлы

Д) Ұзақ Саурықов

65. Ұлы Отан соғысы қызып тұрған кезде іске қосылған республика қара металлургиясының тұңғыш зауыты:

А) Жезқазған мыс қорыту

В) Ақтөбе ферроқорытпа

С) Өскемен қорғасын-мырыш

Д) Текелі полиметалл

66. Андронов мәдениеті таралған дәуір:

А) тас

В) қола

С) мысты тас

Д) темір

67. Ботай мәдениетін ғылыми айналымға енгізген ғалым:

А) В. Зайберт

В) А. Тевкелев

С) Н. Потанин

Д) З. Фрейд

68. Едіге батыр жырына алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанған ғалым:

А) Қ. Сәтбаев

В) М. Әуезов

С) Ә. Марғұлан

Д) Н. Байғанин

69. Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ:

А) Нишапур

В) Герат

С) Хорезм

Д) Шаш

70. Орталық Азия өркениеттерінің көптүрлілігіне және мәдени ұқсастықтарына қарамастан өзара байланыстың үзіліп қалмауының себебі:

А) Ұлы Жібек жолы бойында орналасып, сауда байланысына тартылуы

В) Орталық Азияның барлығыда жазық жерде орналасты

С) Тек Қытаймен сауда-экономикалық, дипломатиялық байланыс орнатуы

Д) Климаттық өзгерістерге бейімделіп жиі қоныс аударып отыруы

71. Тастарға қашалған ежелгі петроглифтер туралы жазып, оларды бірінші болып суретке түсірген:

А) Қ. Сәтбаев

В) М. Әуезов

С) Ә. Марғұлан

Д) Н. Пантусов

72. VIII Михаилге Византия империясын қалпына келтіруге көмек берген Алтын Орда ханы:

А) Берке

В) Бату

С) Менгу Темір

Д) Нұраддин

73. 1833 жылы Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып сайланды:

А) фон Штемпель

В) В. Перовский

С) Рукин

Д) Н. Пантусов

74. XX ғасырдың басында Қазақстанда химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны:

А) Доссор кәсіпшілігі

В) Спасск мыс кеніші

С) Шымкент сантонин зауыты

Д) Елтон тұз өндіру

75. Бірінші қазақ конституциясының жобасын дайындаған Алаш қайраткері:

А) А. Байтұрсынұлы

В) М. Тынышпаев

С) Б. Сыртанов

Д) Ә. Бөкейханов

76. 1996 жылы Елордада Елбасының бастамасымен құрылған оқу орны:

А) Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

В) Қазақ мемлекеттік медициналық институты

С) Қазақ мемлекеттік өнер академиясы

Д) Қазақ мемлекеттік институты

77. А. Әмірқұловтың халықаралық дәрежеде танылған фильмдері:

А) Көшпенділер

В) Сұлтан Бейбарыс

С) Алтын Орда

Д) Отырардың күйреуі

78. 1845 жылға дейін хан билігі сақталған патша империясына толық тәуелді мемлекет:

А) Алтын Орда

В) Ақ Орда

С) Әбілқайыр хандығы

Д) Бөкей Ордасы

79. Қазақ халқының XVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңі:

А) Ерлік дәуірі

В) Күміс ғасыр

С) Темір дәуірі

Д) Найза мен қылыш дәуірі

80. 1929 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Менің мақсат-мұратым- қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін»,- деген:

А) А. Байтұрсынұлы

В) М. Тынышпаев

С) Б. Сыртанов

Д) Ә. Бөкейханов

81. XX ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары:

А) дін қызметкерлері

В) мұғалімдер

С) соғыс ардагерлері

Д) болыстар

82. Қарқаралы петициясы жолданған патша:

А) II Екатерина

В) II Александр

С) II Николай

Д) II Павел

83. 568 жылы келген түркі елшісі қаған атынан жазылған хат әкелген:

А) император Юстинианға

В) император Алексей Комнинге

С) император IX Константин Мономахқа

Д) император VIII Михаилға

84. 1830 жылы орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланған басылым:

А) «Отечественные записки»

В) «Известия»

С) «Записки»

Д) «Отчеты»

85. Ш. Уәлихановтың Черняевтің Оңтүстік Қазақстанға әскери экспедициясы кезінде әскер қатарынан кету себебі:

А) Денсаулыққа байланысты

В) Генералдың жергілікті халыққа қатыгездік жасауы

С) Патша II Александрдің тапсырысымен өзіне шақыртуы

Д) Көкшетау округінің басқарушысы болып тағайындалуы

86. XX ғасырдың бас кезінде мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеген:

А) казак атамандары

В) жәдитшілдер

С) татар молдалары

Д) ортаазиялық фельдшерлер

87. Жоңғардың басқыншылығы суреттелген Шәкәрім Құдайбердіұлының дастаны:

А) Қалқаман-Мамыр

В) Айман-Шолпан

С) Алтын сақа

Д) Жамиат ат-тауарих

88. XIX ғасырда есімдері халық арасында кеңінен танылған билер:

А) Төле би, Қазыбек би

В) Өткел би, Аслан би

С) Асан қайғы, Тәтіқара

Д) Ақжол би, Әйтеке би

89. XIX ғасырда Ақмола уезіндегі атақты ірі жәрмеңке:

А) Константинов-Еленов

В) Петров

С) Ойыл

Д) Қарқара

90. Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, Қ.Халид-

А) қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады

В) қазақ жерінің жер қыртысын зерттеді

С) қазақ жеріндегі ауызша деректерді жинастырған шежірешілер

Д) зар заман дәуірінің өкілдері

91. XIX ғасырдың 40-жылдарында қазақтардан кен орындарын арзан бағаға сатып алған орыс көпестері:

А) Н. Ушаков, А. Рязанов

В) Юсупов, Безбородко

С) Рафаилов, Мадатов

Д) Ниязов, Юлдашев

92. XX ғасырдың 50 жылдарында қаладағы ірі металлургиялық комбинаттың құрылысында жұмысшылардың жаппай толқулары болды:

А) Жаңаөзен

В) Екібастұз

С) Теміртау

Д) Балқаш

93. М. Әуезов XX ғасырдың 60 жылдарында ұйымның идеялық дем берушісі болды:

А) «Жас тұлпар»

В) «Алаш»

С) «Үш жүз»

Д) «Жас қазақ»

94. Невада-Семей ірі қоғамдық қозғалысы өзінің басты мақсаты етіп қойды:

А) Егемендікке қол жеткізуді

В) КСРО-дан шығуды

С) Ядролық полигонын жабуды

Д) Желтоқсан қозғалысын қолдауды

95. Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясын ұсынды:

А) КСРО ғалымдары

В) Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы деңгейі

С) Қазақ КСР Ғылым академиясының ғалымдары

Д) Шетел ғалымдары

96. XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы тың және тыңайған жерлерді игеру мына мақсатпен ойластырылды:

А) Астық және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру

В) Жаңа ауылшаруашылық әдістерін апробациялау

С) Жұмысшылардың өмір сүру деңгейін көтеру

Д) Басқарудың әкімшілік әдістерінен бас тарту үшін

97. Неміс автономиясын құру комитеті әкімшілік орталық етіп белгілеген қала:

А) Жаңаөзен

В) Екібастұз

С) Ерейментау

Д) Балқаш

98. Генетика мен микробиологияда айтарлықтай жетістікке қол жеткізген ғалым:

А) Д. Сокольский

В) М. Айтхожин

С) У. Ахметсафин

Д) А. Бараев

99. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын үкімет былай деп түсіндірді:

А) Демократиялық әрекет

В) Қазақ ұлтшылдықтың көрінісі

С) Қарттар мен балалардың бейбіт шеруі

Д) Қазақ-орыс бірлескен қойылымы

100. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының сипаты:

А) Көп векторлы

В) Моновектор

С) Империялық

Д) Дұшпандық

101. Қазақстан, Ресей, Тәжікстан бірге халықаралық ұйымдарға мүше мемлекеттер болып табылады:

А) БҰҰ, Араб лигасы

В) ИКҰ, ЛАГ

С) ЕО, ШЫҰ

Д) ТМД, ҰҚШҰ

102. Бейбітшілк қаласы деген жоғары атаққа ие болған Қазақстан қаласы:

А) Жаңаөзен

В) Екібастұз

С) Астана

Д) Балқаш

103. Жезқазған кен орнын зерттеген академик:

А) Д. Сокольский

В) Ә. Марғұлан

С) У. Ахметсафин

Д) А. Бараев

104. 2000 жылдан астам тарихы бар ең ірі қалалардың бірі:

А) Жаңаөзен

В) Тараз

С) Астана

Д) Балқаш

105. Ұлы жібек жолы бойындағы ірі қала:

А) Испиджаб

В) Қарағанды

С) Астана

Д) Балқаш

106. Ұлы жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі:

А) Отырар

В) Қарағанды

С) Астана

Д) Балқаш

107. 1909 жылы жарық көрген әйел теңсіздігі мәселесіне арналған М. Сералиннің поэмасы:

А) «Бақытсыз Жамал»

В) «Маса»

С) «Қалың мал»

Д) «Гүлқашима»

108. Қоғамдық құрылыс мәселесімен айналысқан сақ ғұламасы:

А) Мөде

В) Анахарсис

С) Күлтегін

Д) Қорқыт

109. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезінде жоңғар мемлекетін басқарды:

А) Галдан-Бошокту

В) Батыр Қонтайшы

С) Цеван Рабтан

Д) Қалдан Церен

110. Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы:

А) Әмудария мен Сырдария

В) Алтай мен Дунай

С) Еділ мен Жайық

Д) Алтай мен Еділ

111. Алтын Орда қалалары қамал қорғандарының болмауымен ерекшеленетінін айтқан:

А) Ибн Батута

В) Марко Поло

С) Плано Карпини

Д) В. Рубрук

112. Қаңлы мемлекетінің тарихына қатысты дұрыс дәйекті анықтаңыз:

I. Мыңжылдықтың соңында қаңлылар жері сауда мен қолөнер орталығына айналды

II. Қаңлы өркениетінің ірі ошақтары Арыс пен Сырдария бойындағы Сарайшық қаласы

III. Сырдарияның орта ағысындағы аймақ Авестада қаңғы атауымен кездеседі

IV. Қаңлылар Қазақстанның оңтүстігіне солтүстік-шығыстан сарматтар ығыстыруынан келді

А) I, II

В) I, III

С) II, IV

Д) III, IV

113. Қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға қоныс аударған тайпа:

А) қарлұқтар

В) қимақтар

С) ұйғырлар

Д) оғыздар

114. Санкт-Петербург әскери медицина академиясын тәмәмдаған қазақ зиялысы:

А) А. Байтұрсынов

В) Ә. Бөкейханов

С) С. Асфендияров

Д) С. Меңдешев

115. Қимақтардың 16 қаласы туралы айтқан араб ғалымы:

А) Ибн әл-Факих

В) Әл-Идриси

С) Ибн Хордабек

Д) Ибн Баттута

116. Олжабай, Бөгенбай батырлардың жоңғарларға қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған жырау:

А) Тәтіқара

В) Доспамбет

С) Шалкиіз

Д) Жиембет

117. Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт қабылданды:

А) 1959 ж

В) 1961 ж

С) 1963 ж

Д) 1978 ж

118. Қимақтардың батысқа қоныс аударуына қатысты дұрыс дәйекті анықтаңыз:

А) Наймандармен қақтығыс

В) Ляо мемлекетінің ыдырауы

С) Араб шақыншылығы

Д) Ұйғыр қағанатының қысымы

119. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі темірді игерген алғашқы мәдениет:

А) Афанасьев

В) Ұйық

С) Пазырық

Д) Тасмола

120. Ең ауқатты тұрған казактар:

А) Жайық казактары

В) Семей казактары

С) Балтық казактары

Д) Алтай казактары

121. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің тәжірибесі пайдасын тигізді:

А) Кеңес өкіметін құруда, партияларды жоюда

В) Алаш әскерін құруда, 1918-1920 жылдары большевиктермен қарсыласуда

С) Патшалық билікті нығайтуда

Д) Сот билігін құруда

122. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің маңызы:

А) Ұлттық сана сезімнің артуы

В) революциялық ахуал

С) қару жарақтардың көптеп келуі

Д) Жайық өзені бойына қазақ шаруаларының қоныстануы

123. Қ. Мұңайтпасұлына «Қазақ даласының батыры» атағы берілді:

А) 1959 ж

В) 1961 ж

С) 1927 ж

Д) 1938 ж

124. Ұлы жібек жолы арқылы бүкіл әлемге паш етілген стиль:

А) аң стилі

В) полихром стилі

С) өрнектеу стилі

Д) темір стилі

125. Талас өзенінің жоғарғы ағысында ашылған кен орны:

А) Қола кені

В) Күміс кені

С) Алтын кені

Д) Темір кені

126. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің құлау қарсаңында бой көтерген Алаш қозғалысының өкілдеріне қазақ даласының әртүрлі аймақтарының дәулетті азаматтары қаржылық қолдау көрсетіп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз үлестерін қосқан тұлғалар: Қаражан Үкібаев, Медеу Оразбаев, Үкі Әділов, Хасен Ақаев, ағайынды Бекметовтер, Ыбырай Ақбаев, Маман байдың балалары, Иса Көпжасаров, Салық Омаров, Тобанияз Әлниязов

127. Еуроцентристік тұжырымдама дегеніміз: Адамзат өркениетінде еуропалық немесе батыс халықтарының үстемдігі мен дамуын басқа ұлттардан жоғары қоятын философиялық ұғымдар жиынтығы

128. Қазақстан жеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі төрт мың жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келгенін дәлелдеген академик:

А) А. Байтұрсынов

В) Ә. Бөкейханов

С) О. Смағұлов

Д) С. Меңдешев

129. Ел арасында темір ұсталардың үлкен абыройға ие болған уақыты:

А) XVIII ғ аяғында

В) XIX ғ соңында

С) XVI ғ басында

Д) XVII ғ ортасында

130. Байлық пен молшылықты, дәулет пен еркіндікті білдіретін ою: қошқармүйіз

131. XIV ғасырдың соңы- XV ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастаған қала: Түркістан

132. Сауран қаласын «Сауран- бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан»,- деп сипаттаған : Әл-Макдиси

133. Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен декларациясында Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынған жыл: 1996 жыл

134. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлы жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру туралы жарлыққа қол қойған жыл: 1997 жыл

135. Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау мемлекеттік бағдарламасы бекітілген жыл: 1998 жыл

136. Моңғол қағандарының куәлікке беретін ерекше белгісі: Пайза

137. Оларда (қыпшақтарда) егістіктің көлемі өте шағын және бидай мен арпа аз егіледі. Негізінен тары өсіріледі, сонымен тамақтанады,- деп жазған: Әл-Омари



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!