Материалдар / тест 9-сынып

тест 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
білім тексеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2017
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК 9 класс1 вариант
Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных. Выбранный ответ необходимо отметить на листе ответов путем полного закрашивания соответствующего кружка». 1. Антонимдер.A) Ержүрек-батыл.B) Қу-асау.C) Батыл-қорқақ.D) Озбыр-өжет.E) Момын-жуас.
2. «Сырт киім» сөз тіркесінің антонимі.A) Ескі киім.B) Ауыр киім.C) Іш киім.D) Тозған киім.E) Нашар киім.
3. Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын түрі.A) Тұйық буын.B) Аралас буын.C) Ашық буын.D) Бітеу буын.E) Дыбыстық буын.
4. Туынды сөз.A) Өнерлі.B) Аласа.C) Әдеп.D) Зерек.E) Күзде.
5. Заттың атын білдіретін сөз табы.A) Зат есім.B) Сан есім.C) Үстеу.D) Етістік.E) Сын есім.
6. Болымды етістік.A) Күлме. B) Барды.C) Барма.D) Аударма.E) Келме.
7. Берілген сөйлемдегі бастауыш.Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.A) Мемлекеттік.B) Тоғыз.C) Бар.D) Қорық.E) Қазақстанда.
8. Хабарлы сөйлем.A) Жолсерік нені тексердіB) Сапарыңыз оң болсынC) Қыркүйек айында қандай мерекелер барD) Сапарыңыз сәтті болсынE) Абайға ертегі, аңыз үлгілері өте ұнайтын
9. Мақал-мәтелдердегі антоним.A) Еңбексіз өмір жоқ, білімсіз күнің жоқ.B) Жақсылыққа жақсылық – Әр кісінің ісі дүр.C) Еңбек өмірді ажарландырады.D) Аз сөз-алтын, көп сөз-күміс.E) Еңбексіз өмір-сөнген көмір.
10. «Ә» дыбысының жіктелуі.A) Қатаң, ұяң, үнді.B) Жуан, езулік, қысаң.C) Жуан, еріндік, ашық.D) Ашық, жіңішке, еріндік.E) Жіңішке, ашық, езулік.
11. Мақал-мәтелдердегі қос сөз.A) Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ.B) Болмағанға болыспа.C) Кәрі-жас құрдастықтан білінер.D) Алыссаң атаңды жық, аясаң қоя бер.E) Жарлы болсаң, арлы бол.
12. Туынды етістігі бар сөз тіркесі.A) Кітап оқы, дәптерге жаз. B) Ойланып отыр, дұрыс бағала.C) Шешілген іс, көрші қыз.D) Ұшып кетер, қонып отыру.E) Биіктікке секіру, көйлек жуу.
13. Бастауышы тұйық етістіктен, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлем.A) Ата қоныс – алтын мекен.B) Өз үйім – өлең төсегім.C) Отанды қорғау – әр азаматтың міндеті.D) Жақсы жігіт – елдің көркі. E) Ер жолдасы – тәуекел.
14. «Қорқақ» сөзінің антонимі.A) Жұбын жазбау.B) Тас жүрек.C) Жер болу.D) Ақ жүрек.E) Жүрек жұтқан.
15. Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігі.A) Мен бәрімен бірге театрға бардым.B) Ол тапсырманы бәрімізге түсіндірді.C) Жер бәріміздің анамыз.D) Оқытушы бәрінен бірдей сұрады.E) Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады.




Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и правильно выполните задания к тексту».Ақыл, қайрат, жүрек және ғылымҚайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: – Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?Ақыл айтыпты: –Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды екен?Жүрек айтыпты: –Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайын да ойлайтын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: –Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.–Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да бәрі сенен шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.


16. Автордың ойынша қасиетті адам деген қандай адам екенін анықтаңызA) Аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын адам. B) Жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін адамC) Өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын адам.D) Пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере алмайтын адам.E) Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болатындығын түсінетін адам.
17. Шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз.A) Ақылдың сөзінде.B) Жүректің сөзінде.C) Ғылымның сөзінде.D) Бастың сөзінде.E) Қайраттың сөзінде.
18. Ғылымның айтқан ойларынан мағыналары жақын сөздерді анықтаңызA) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен».B) «Жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен».C) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».D) «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ».E) «Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да бәрі сенен шығады».
19. Мәтіннің тақырыбына сай келетін мақал-мәтелA) Жақсы аттың тісін ашпа.B) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.C) Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.D) Адаспаймын деген ер тал түсте жолдан адасады.E) Досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас.
20. Қайраттың өзі туралы айтқан пікіріA) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен».B) «Әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не?»C) «Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?»D) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен».E) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет».


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ