400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып география пәні бойынша тест сұрақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тест 9 сынып

1.Еліміздің өзіне тән климатымен, топырағымен өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленетін табиғат зоналарының саны:

А) 14 в) 5 с) 4 Д) 13


2.Орманды дала зонасы еліміздің ..................алып жатыр.

А) оңтүстігін в) орталығын с) батысын д) солтүстігін


3.Қазақстандағы ең алғашқы ашылған қорықты атаңыз?

А) Наурызым в) Алматы с) Ақсу-Жабағылы д) Барсакелмес


4.Орал тауының Қазақстан жеріне кіретін бөлігінің атауы.

А) Маңғыстау тауы в) Қаратау тауы с) Мұғалжар тауы д) Жем үстірті


5.Елімізде ұйымдастырылған қорықтар саны:

А) 41 в) 5 с) 10 д) 16

6.Қазақстан аумағы қанша табиғи-аумақтық кешендерге бөлінеді?

А) 6 в) 9 с) 12 д) 8


7.Ноосфера терминін ғылымға енгізген ғалым ?

А) Ш.Уәлиханов в) Эдуард Леруа с) Докучаев д) А.Гумбольдт


8. Өсімдіктер жамылғысы өзіне осы зонаға тән емес өсімдіктерді қосып алуы қалай аталады?

А) зоналылық в) азоналылық с) заңдылық д) табиғилық



9.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне адам ықпалының түрлі формалары енетін экологиялық факторлар тобы қалай аталады?

А) табиғатты қорғау в) антропогендік факторлар с) антропогендік кешендер

д) антропогендік ландшафт


10. Антропогендік ландшафт дегеніміз не?

А) адам әрекетімен біршама өзгеріске ұшыраған ландшафт

В) аз өзгеріске ұшыраған ландшафт

С) жақсартылған топырақ

Д) жаңадан пайда болған жер бедері


11.Тікелей антропогендік факторларға не жатады?

А) жою, енгізу, акклиматизация, қорғау

В) жыра, саяз, топырақтың отыруы

С) суармалы жерлерді жүйелеу

Д) бүлінген жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру


12.Наурызым қорығы орналасқан облыс?

А) Оңтүстік Қазақстан в) Шығыс Қазақстан с) Қостанай облысы д) Алматы облысы


13.Қазақстандағы ұлттық парктер саны?

А) 4 в) 15 с) 9 д) 5


14.Елімізде ең алғаш ұйымдастырылған ұлттық саябақ?

А) Баянауыл в) Көкшетау с) Алтынемел д) Қарқаралы

15.Қазақстанның ұлттық саябақтарын атаңыз?

А) Алтынемел, Баянауыл, Бұйратау

В) Ақсу-Жабағылы, Үстірт, Барсакелмес

С) Қорғалжын, Қаратау, Марқакөл

Д) Алматы, Алакөл, Батыс Алтай


16.Тұран жазығының табиғат зоналары?

А) дала, шөлейт, шөл

В) шөлді, шөлейтті

С) орманды дала, дала

Д) таулы, шөлді


17.Шығыс Европа жазығының Қазақстандық бөлігінің ірі өзендерін көрсетіңіз?

А) Нұра, Сарысу в) Есіл, Тобыл, с) Жайық, Жем д) Еділ, Сарысу


18.Солтүстік Қазақ жазығының ірі өзені?

А) Нұра в) Тобыл с) Есіл д) Ертіс


19.Шөл зонасында ұйымдастырылған қорықтар қатарын көрсетіңіз?

А) Наурызым, Қорғалжын қорықтары

В) Батыс Алтай, Алакөл қорықтары

С) Үстірт, Барсакелмес қорықтары

Д) Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтары


20.1984 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған республикадағы ауданы жөнінен ең үлкен қорық?

А) Алматы в) Үстірт с) Батыс Алтай д) Марқакөл


21.Жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы:

А) рекультивация в) мелиорация с) ландшафтылық дизайн д) өзгертілген ландшафт


22. «Адам өзіне берілген күшті өзін құртуға емес, жақсылыққа бағыттап қолдана алады ма?» деп айтқан кім?

А) Докучаев в) Вернадский с) Н.Назарбаев д) Эдуард Леруа


23.Адам ықпалына түсіп, өзгеріске ұшыраған биосфераның бөлігі, мақсатты бағытта дамитын,ой-сана дамуы, адам қызығушылығы, оның болашағы аясында басқару мүмкіндігіне ие болатын биосфераның қалыбы:

А) жаңа технология в) биосфера с) ноосфера д) биота


24.Қазақстан аумағында антропогендік ландшафтыларды жетілдірудің қандай жұмыстары жүргізілуде?

А) топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, мелиорация, ландшафтылық дизайн

В) беткейлерді сатылау,құлату, суармалы жерлерді жүйелеу

С) құм –жыраларды көгалдандыру

Д)демалыс аймағын, спорт алаңдарын, басқа да шаралар өткізу алаңдарын ұйымдастыру


25.Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қаматамасыз ету тәртібін жақсартатын, топырақты жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік беретін шаралар жиынтығы қалай аталады:

А) рекультивация в) мелиорация с) геопластика д) дизайндық өзгеріс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі