Материалдар / Тест: Өнер алды – қызыл тіл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест: Өнер алды – қызыл тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
тест мәтіні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
320
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

13-мәтін . Өнер алды – қызыл тіл


Қазақ халқы шешендік сөзді жоғары бағалаған. «Өнер алды – қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз «от ауыз, орақ тілді» нелер ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы ақындардың толғау, термелерін әлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, оны ойын-тойда қайталап айтып, ұрпақтар тәрбиесінің пәрменді құралы еткен. Асыл сөздің қоғамдағы тәрбиелік мәніне ертеден ерекше назар аударып, «ақылдың көзі – аталы сөз» деп ұққан ата-бабамыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Осы пікірді «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген», «Сөз сүйектен өтеді», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жарақты жауды жайратқан – сөз», «Тіл қылыштан өткір», т.б. мақал-мәтелдерден байқауға болады.

Жігін тауып сөйлей білудің, логикалық ойды жүйелеп айтып жеткізе білудің өзі шеберлікті, шешендікті, ойлылықты, ақыл-парасатты қажет етеді.

Ақылдың көзі ойда жатыр. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу дұрыс жүйелеп сөйлей білу мәдениетін қалыптастырады.

Аз сөйлеп, көп ойды бере білу де логикалық шеберлікті қажет етеді. Осыны жастардың зердесіне ұялата білуді қажет деп ұққан қариялар: «Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Ақылдының сөзі қысқа, көпке болар нұсқа» деп үнемі ескертіп отырған. Халқымыз шешендік өнерді құрметтеп, оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән берген. Сөзшең, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар қойған. Шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған. Ойын-тойда қыз бен жігіттер бір-бір ауыз өлеңмен айтысып, сөз қақтығыстырып ақындыққа, тапқырлыққа талпынған. Сол жеңіл айтыс түрлерінен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкіл ауылдың, рудың, елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысына түсіріп, сыннан өткізген. Сөзден жеңгендерге ат мінгізіп, шапан кигізіп дәріптеген. (252 сөз)


Ғаламтор материалы:


1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.

А) Шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған

В) Халқымыз шешендік өнерді құрметтеген

С) Ақылдың көзі ойда жатыр

D) Сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған

Е) Жастық шақ – жалынды шақ


2. Төмендегі сөйлемге сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз.

Аз сөйлеп, көп ойды бере білу де логикалық шеберлікті қажет етеді.

А) Ақылдың көзі – аталы сөз.

В) Сөз сүйектен өтеді.

С) Жақсы сөз жан семіртеді.

D) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Е) Өнер алды – қызыл тіл.


3. Жігін тауып сөйлей білу нені қажет ететінін белгілеңіз.

А) Үлкендерді тыңдай білуді

В) Қариялардың айтқанын орындауды

С) Үздіксіз жаттауды

D) Мәдениеттілікті

Е) Шешендікті, ойлылықты


4. «Назар аудару» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Бақылау

В) Айту

С) Тексеру

D) Зерттеу

Е) Зейін салу


5. Жиын-тойда қошемет көрсетілетін адамдарды табыңыз.

А) Ерте келген адамдар

В) Көп сөйлейтін адамдар

С) Сөзшең, өнерлі азаматтар

D) Әдемі киінген адамдар

Е) Топтасып келген адамдар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!