Тест Қазақ халқындағы жылқының маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Қазақ халқындағы жылқының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқындағы жылқының маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқындағы жылқының маңызы

Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қараған. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін «ат жалын тартып мінді» деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі - тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, «Ер Төстік», «Алтын сақа» т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері Н.Бахметьевтің (1870), С.Вогактың (1873), А.Гердердің (1875), А.Вилькинстің т.б. еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жылқылар бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. (195 сөз)


Ғаламтор материалы:


11. Мәтін қандай стильге жататынын табыңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


12. Жас баланың алғаш атқа отыру рәсімін белгілеңіз.

А) Тоқым қағар

В) Ат тұлдау

С) Шұбар тайым

D) Бәсіре

Е) Асау үйрету


13. Мәтінде кездесетін тұрақты тіркесті белгілеңіз.

А) Ат сүйек беріп құтқару

В) Ат шаппайды, бап шабады

С) Ат жалын тартып мінді

D) Тоқым қағар

Е) Атқа отырғызу


14. Мәтінде кездеспейтін сәйгүліктің атын көрсетіңіз.

А) Байшұбар

В) Қарақасқа

С) Тайбурыл

D) Ақтабан

Е) Нарқызыл


15. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректі 1875 жылы өз еңбегінде жазған зерттеушіні белгілеңіз.

А) А.Гердер

В) Н.Бахметьев

С) А.Вилькинс

D) Вогак

Е) Радлов



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі