Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Сәукеле

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шеті шыр айналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкереді, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.

Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіп, ақ желек жабатындар да кездеседі. (165 сөз)


Ғаламтор материалы:


11. «Ұзатылған қыздар» деген тіркестің мағынасын ашыңыз.

А) Оқыған қыздар

В) Тұрмысқа шыққан қыздар

С) Қонаққа баратын қыздар

D) Іс сапарға аттанған қыздар

Е) Ұзақ жолға шығатын қыздар


12. Мәтіннен өлшем бірлігін білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Зер жіп

В) Ұзын құлақ бау

С) Негізгі бөліктер

D) Екі сүйем

Е) Кейбір жерлерде


13.Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

А) Әңгімелеу

В) Суреттеу

С) Баяндау

D) Сипаттау

Е) Дұрыс жауабы жоқ


14. Мәтіндегі «мақпал», «қара барқыт» деген ненің атауын білдіретінін табыңыз.

А) Әшекей атаулары

В) Қыз баланың есімдері

С) Салт-дәстүр атауы

D) Ауыл аттары

Е) Мата атаулары


15. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықтаңыз.


А) Ауыспалы мағына

В) Омоним сөз

С) Көркемдегіш құрал

D) Тура мағына

Е) Термин сөз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12