Тест Соғыс дабылы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Соғыс дабылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Соғыс дабылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Соғыс дабылы


Шырт ұйқыда жатқан Жомарт төрдегі үстел үстінде тұрған телефонның безектей шырылдаған дауысынан кенет оянып кетті.

Майор Жамалы мен Серігінің беттерінен сүйіп, киімдерін апыл-ғұпыл түзей салды да, үйден жүгіре шыға жөнелді.

Жамал мен Серік тез киінді де, үйдің ішін буып-түйе бастады. Жамал ойына әр түрлі қорқынышты күдіктер ұялай берді.

Бұл қала шекарадан небары қырық-ақ километр жерде болатын. Шекарадан өтіп кеткен жау бірнеше сағаттан соң осы қалаға, өздері тұрған зәулім биік үйлерге оқ атуы мүмкін. Сонда қайтпек? Жамал әрі ойлап, бері ойлап, Серікті атасы мен әжесінің қолынан алып келгеніне қатты өкінді. Жап-жас баласының ендігі күндері немен шектелмек? Көңілінде ешбір күдігі, алаңы жоқ сәби енді жау оғынан бұқпантайлап, бас сауғалап жүрмек пе? Бұл қалай болғаны сонда? Жамал әлсін-әлі балконға шығып, полк тұрған казармаларға, зеңбірек алаңдарына, ат қоралар жаққа көз жіберді. Қайда болмасын, абыр-сабыр, асығып-үсігіпқайшыласып жүгіріп жүрген солдаттар мен офицерлер.

Терезелерден, балкондардан бастары қылтиып, жан-жағына күдіктене көз жіберіп тұрған офицер семьялары, жай адамдар. Сонан соң тұрып тың тыңдады. Қаланың әр жерінен соғыс дабылы, анда-санда саңқ-саңқ еткен офицерлердің бұйыра айқайлаған даусы естіледі.

Тыныштық құшағында мүлгіген осы көркем қаланы мұнша әбігерлендіріп, шырқын бұзған кім? Неге өшікті екен осынша? Керегі не оған?

Қ.Қайсенов


6. Жамалдың қандай көңіл-күйін байқағаныңызды көрсетіңіз.

А) Қуаныш

В) Сағыныш

С) Өкініш

D) Өшпенділік

Е) Армандау


7. «Құлақ түру» тіркесінің мәтіндегі мағынасын анықтаңыз.

А) Буып-түйе бастады

В) Көз жіберді

С) Күдіктер ұялай берді

D) Тың тыңдау

Е) Бұқпантайлау


8. Мәтінге сай емес қатарды тап.

А) Майор Жамалы мен Серігінің беттерінен сүйді.

В) Сонан соң тұрып тың тыңдады.

С) Жамал мен Серік тез киінді.

D) Жамал ойына әр түрлі қорқынышты күдіктер ұялай берді.

Е) Серікті атасы мен әжесінің қолынан алмағанына қатты өкінді.


9. Жомарттың қызметтік шенін белгілеңіз.

А) Офицер

В) Солдат

С) Қарапайым жан

D) Майор

Е) Жау


10. Мәтіннің стиль түрін анықтаңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Көркем әдебиет стилі

С) Публицистикалық стиль

D) Ресми іс қағаздар стилі

Е) Ғылыми стиль



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі