Материалдар / тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
916
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК 11 класс

1 вариант

Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Cинонимдер қатарын белгілеңіз.

A) білім, жаңалық

B) нышан, рәміз

C) шұғыла, әшекей

D) көше, жарнама

E) байлық, дәрігер

2. Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Терең білім

B) Терең мұхит

C) Терең өзен

D) Терең су

E) Терең көл

3. Бірыңғай жуан дауыстылары бар сөзді белгілеңіз.

A) қыркүйек

B) күз

C) көктем

D) қазан

E) сәуір

4. Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.

A) орман

B) мұғалім

C) дәрігер

D) жұмыс

E) желтоқсан

5. Туынды түбірді белгілеңіз.

A) Барды

B) Балық

C) Басшы

D) Балам

E) Батыс

6. «Жина» сөзіне түбірлес сөзді белгілеңіз.

A) жиһаз

B) жиырма

C) жидек

D) жиналыс

E) жиі

7. Осы шақтың күрделі түрінде тұрған етістікті анықтаңыз.

A) Бармақшымын.

B) Бара жатырмын.

C) Баратынмын.

D) Барармын.

E) Барамын.

8. Кейде, бірде, біресе жалғаулығының түрін анықтаңыз.

A) Ыңғайлас.

B) Кезектес.

C) Қарсылықты.

D) Себеп-салдар.

E) Талғаулықты.

9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Әкем жақсы біледі

B) Жиен – қыздан туған бала

C) Ауылға қашан барасың

D) Сен орысша сөйлейсің

E) Ата – әкенің әкесі

10. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

A) Жаңа мектеп маған өте ұнады.

B) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.

C) Мен мектепке тез жиналдым.

D) Кәсіпорынжұмысынбастады.

E) Күншықты.

11. Ауыспалымағыналысөздердібелгілеңіз.

A) Сөзанасы

B) Қазақхалқы

C) Табиғатсуреті

D) Көгілдіраспан

E) Мұздымұхит

12. Қосымшасы қатаң дауыссыздан басталып тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.

A) шаналар, шаңғылар, конькилер

B) өсімдіктер, саябақтар, қорықтар

C) бақшалар, гүлдер, жемістер

D) аталар, жылдар, адамдар

E) өзендер, мұхиттар, көлдер

13. Түбірлес сөздерді табыңыз.

A) Шар, шаршы.

B) Көргіш, көріс.

C) Жүз, жүзік.

D) Кесе, кесек.

E) Шешен, шеше.

14. Демеулік шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

A) Алдымен, тұсаукесер күні белгіленеді.

B) Тойға шақырылған құрметті әже баланың тұсауын кеседі.

C) Тұсаукесер тойына арнайы қонақтар шақырылады.

D) Баланың тұсауын кескен адамға сыйлық беріледі.

E) Сен тұсаукесерге жиі барасың ба?

15. Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз.

A) Оннау.

B) Сегізау.

C) Бесеу.

D) Тоғызау.

E) Он бесеу.


Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Менің ұлым авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.

Тау ішінде өз тілін қастерлемейтін адам сый-құрметтен жұрдай болады. Шұбар тілімен жазылған жырын да ешқашан тау-ана оқымайды.

Парижде бір дағыстандық суретшіні кездестірдім. Революциядан кейін Италияға оқуға кетіпті де, итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты. Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты. Бірақ қайда барса да, туған елін аңсап, зарыққан сезім соңынан қалмай қойыпты. Осындай сезімнің бояу арқылы бейнеге қалай айналғанын көргім келді де, «өзің салған суреттерді көрсетші» – деп өтіндім.

Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте байырғы авар киімін киген итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында тұр, қолында атақты гоцатлин шеберлері нақыштап жасаған күміс құмыра. Тау баурайында – қайғырып, тұнжырап тұрған тас ауылы. Ауыл үстіне төніп тұрған таулар – бұдан да бетер қайғырып, тұнжыраулы. Тау төбесін тұман басқан.

Тұман, – деді суретші, – көздің жасы. Таудың баурайын тұман басқанда, тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады ғой. Тұман – бұл мен.

Елге неге қайтқыңыз келмейді?

Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?

Парижден келген соң әлгі суретшінің туған-туыстарын іздеп тауып алдым. Оның шешесі әлі тірі екен. Олар оның тірі жүргеніне қуанды ма, қалай, кенеттен шешесі:

Сендер аварша сөйлестіңдер ме?

Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің балаң – французша.

Ұлының өлгенін жаңа естігендей боп, суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды. Үйдің шатырын тырсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварияда тұрмыз. Ал жердің екінші жерінде, Парижде, Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін дәл осы сәтте жаңбырға құлақ салып отырған шығар... . Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты:

Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің – менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.


1. Мәтіндегі анасының ұлынан айырылғанын көрсететін сөйлем.

A) Итальян қызына үйленіп, еліне қайта алмай қалыпты.

B) Үйдің шатырын тырсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр.

C) Оның шешесі әлі тірі екен.

D) Суретшінің шешесі бетін қара орамалмен жауып ала қойды.

E) Тастың тілім-тілім әжімін бойлап, мөлдір тамшы ағады.

2. Суретші анасының: «Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған» – деген сөзінің мәнін ашатын, себебін түсіндіретін ананың өз сөзін табыңыз.

A) Кеш қой... Енді еліме қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?

B) Тұман – көздің жасы... Тұман – бұл мен.

C) Сағыныш сезімінің суретке түскен бейнесін көргім келді.

D) Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес.

E) «Өзің салған суреттерді көрсетші» деп өтіндім.

3. Автор көрген суреттің аты.

A) «Елді аңсау»

B) «Елім, елім»

C) «Авар тілі»

D) «Парижде»

E) «Туған жер»

4. Мәтіннің тақырыбы.

A) Көне аңыз.

B) Туған жер.

C) Тордағы құс.

D) Дағыстандық суретші.

E) Ана тілі.

5. Мәтін тақырыбына сәйкес қанатты сөз.

A) Шешендік – ақылмен билеу өнері (Платон).

B) Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –

бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Б.Момышұлы).

C) Көп ойлап, жақсы сөйле – нұсқа болсын, қайтарар жауабың да қысқа болсын (Ж.Баласағұни).

D) Анық түсініктілік – сөйлеудің басты қасиеті (Аристотель).

E) Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды (Шәкәрім).




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!