Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест Тіл тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тіл – адамдардың ұлы жетістігі, өзара қатынасының ұлы құралы. Ол – қоғамдық құбылыс, тарихи табыс. Жаңа ұрпақ ата-бабасының дәстүрі мен салтын, мәдениеті мен мұрасын өзінен бұрын өткендерден тіл арқылы алады. Тіл халықпен бірге жасасып, бірге дамиды. Кез келген халықтың тілі мен сол халықтың қауымдасып, қоғамдасып тіршілік ете бастаған кезінен бергі тарихының бәрін бойына сіңіріп, бар қадір-қасиетімен сақтап келген тамаша қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, ішіне кіру, қазынасын танып білу – әр кезде де саналы ұрпақтың мұратты ісі, абыройлы міндеті болған, болып қала бермек.

Көне тілдердің сонау ғасырлар тереңінде қалған балаң шағын бар болмысымен танытар нақты дерек көзін жоқ деуге болады. Ал ержетіп, есейген шағынан естелік берер көнекөз куәлердің бірі – көне жазбалар. Өткенін бүгінгімен салыстыра, сабақтастыра отырып, суыртпақтап сыр тарта білер зердеге олар берер мағлұмат аз болмауға тиіс. Бұл орайда алфавиттік жазулардың алар орны ерекше.

Алфавиттік жазу – дүние жүзі мәдениетінің баға жетпес зор табысы. Сол алфавиттік жазудың бір тармағы – руникалық көне түркі жазуы бұрынғы ата-бабалардың жоғары тіл мәдениеті мен биік білім өресі болғандығының өлшемдік көрсеткіші. (164 сөз)

Қ.Салғараұлы


Ғаламтор материалы:


6. Мәтін қандай стильге жататынын табыңыз.

А) Ауызекі сөйлеу стилі

В) Публицистикалық стиль

С) Ғылыми стиль

D) Көркем әдеби стиль

Е) Ресми іс-қағаздар стилі


7. Мәтінде саналы ұрпақтың абыройлы міндеті деп нені меңзеп отырғанын табыңыз.

А) Тілді сақтау

В) Тілді келешек ұрпаққа аманат ету

С) Алфавиттік жазуды зерттеу

D) Тарих қазынасын танып білу

Е) Тіл мәдениеті туралы білу


8. Мәтінде тіл тарихы туралы қай азат жолда берілгенін белгілеңіз.

А) 3

В) 2

С) 1

D) 1, 3

Е) 2, 3


9. Мәтіндегі «көнекөз» сөзінің мағынасын ашыңыз.

А) Қарт

В) Ескі

С) Тозығы жеткен

D) Тәжірибелі

Е) Ежелгі


10. Руникалық көне түркі жазуы қазақ халқының қандай қасиетін білдіретінін табыңыз.

А) Аңғалдығын

В) Ер жүректігін

С) Батылдығын

D) Өнерлілігін

Е) Білімділігін

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12