Материалдар / Тиімді оқыту- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мызғымас беріктігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тиімді оқыту- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мызғымас беріктігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне, жас мамандарға көмекші құрал ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы

«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Педагогикалық идеялар фестивалі»



Жобаның аты:

«Тиімді оқыту- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мызғымас беріктігі »

Бағыты: Жаратылыстану бағытындағы математика пәні.





Аты-жөні: Карсыбаева Нургул Тулегеновна

Мекен-жайы: Жетісай қаласы, Қорқыт-Ата көшесі№9 үй

Тел: 8- 747-156-80-24

e-mail: nurgul.karsibayeva@mail.ru



Педагогикалық идеялар фестивалі
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский.

Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді», − деп Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты мақаласын қорытындылаған болатын.










«Тиімді оқыту- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың

мызғымас беріктігі »


Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін Елбасымыз «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім беру», «Компьютерлік сауаттылық», «Шет тілдерін білу», «Мәдени ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз және сапалы дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану кезеңінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет».

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты. Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі

негізгі тұлға-Ұстаз.











Мақсатым: Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерім мен стратегияларымды таныстыру, бұл әдіс-тәсілдерді өз пәніме ыңғайластырып жаңадан қайта құрастырып оқушыларыма пәнді және тілді терең меңгеруіне жағдай жасау. Мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін қалыптастыру арқылы оқушының талдау жасау, зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

Алдыма қойған міндетім: жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізу. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуын ұғыну барысында игерілетін білімді оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру.

Ұсынылып отырған әдістерді сабақтарда қолданып келемін. Жоспарлаған кезде оқушыларға жаңа тақырыпты барынша тиімді тәсілдермен түсіндіріп жеткізуге және оқушылардың ынтасын оятуға ерекше көңіл аудардым.

Өзектілігі: Компьютерлік сауаттылықты тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін қадамдар, түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы және жауабы, логикалық ойлау арқылы неге қол жеткізе алатынын көрсету.

Шығармашыл мұғалім –жаңашыл тұлға. Қажет ету мотивтері жоғары болуына байланысты жаңа идея ойлап табу, қолданып көру-оның күнделікті кәсіби міндеті екенін түсіне отырып, оқушыларды цифрландыру жүйесі және тілді білу өте қажет екендігіне жетеледім.


Оқу-жүйесінде тиімді оқыту теориясын қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:


  • оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады;

  • алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдаланады;

  • оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді;

  • жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылады;

  • оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынады;

  • кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінеді.

  •  оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

  •  зерттеу дағдылары дамиды;

  •  оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

  •  әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында.





«Кір жуу» 

(әдісті қолдану барысында оқушыларды жауапкершілікпен жұмыс жасауға, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу)



Формулаларды қатесіз жаттау үшін «Кір жуу» әдіс-тәсілін қолданған өте тиімді. Формуланы жатқа білмеген оқушы есептер шығаруда мүлде қолдана алмайды. Оқушыларға жұптық тапсырма ретінде формуланы жаттап дағдылану үшін, осы тәсілді қолданған өте тиімді. Себебі, оқушы «кірді таза жуу» керектігін біледі. Таза киім ғана жіпке ілінетіні шарт. Олай болса оқушылар формуланы қатесіз жаттап жазса ғана , «жуған кірін» жіпке ілетінін біледі. Жұптық жұмыс кезінде ұсынуға болады. Оқушылар бірнеше киімдерді жууға даярлайды, яғни қағазға бірнеше киім үлгісін қиып даярлап, жаттаған формуласын жазып шығуы тиіс. Кірді жууып біткен оқушы болғанын айтады. Жұптар бір-бірінің кірлерінің таза жууылғанын тексереді, яғни киім үлгісіндегі формулалар қатесіз жазылса жіпке ілінеді; ал қате жазылса, ол формуланы қайта қарап жаттайды. Жұптар бір-бірінің формулаларының қатесіз жазылғанын тексеру арқылы , бір сөзбен айтқанда бірін-бірі бағалауын іске асырып, түзету жұмыстарын жасатады. «Кір қашанғы таза жуылғанша», яғни формула дұрыс жатталғанша жалғастырылады.





Мозаика әдісі

(топқа бөлуде асықтарды қолданану арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру)

Мақсаты:

Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.

Ұйымдастыру :

Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.

Жаттығудың сипаттамасы :

«Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .

Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі . Үлестірме материал немесе есепті бөліп беремін ұсынылған. Оқуға немесе орындауға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады . Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі . Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.


Оңай тиімді, түсінікті тілмен түсіндіру.

Есептің шығару жолын түсіндіргенде оқушы тез есте сақтау үшін ең оңай тиімді түсінікті тілде жеткіземін. Мысал ретінде:

7-сыныпта «у=ах2 функциясының графигі және қасиеттері» тақырыбында графикті қазанмен теңестіріп, а коэффиценті оң болғанда қазанымызда тамақ бар оң қарап тұрады, ал а коэффициенті теріс болғанда қазан бос деп түсіндіремін.


Жақшаларды ашу есептерінде оқушылар көбіне қателесіп жатады. 12(4а+5в) Мына есептерді шешуде көпшілік оқушылар тек бірінші қосылғышпен ғана көбейтіп екінші қосылғыштың өзін жазып қояды. Содан ең қарапайым қателіктерге жол береді.

12(4а+5в) бұндай өрнектерді былай түсіндіремін: жақша сыртындағы сен өзің деп алсақ жақшаның іші үйің дейік 4а сенің әкең 5в анаң үйге кіргенде сен тек әкеңмен ғана амандасып, анаңмен амандаспай қарап тұрмайсың сол себептен сырттағы санды екеуіне де жеке-жеке көбейтеміз деп күнделікті өмірдегі әрекеттермен байланыстырып отырамын.

6-сыныпта «Сан аралықтары» тақырыбын да оқушылар өте баяу меңгереді.

  1. Мыс; 2< х <7 теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілеуді қарастырайық интервал

  2. -4≤ х ≤3 қатаң емес қос теңсіздік

Кесінді

Интервалды түсіндіргенде 2 саны Айнұрдың үйі болса, 7 Асхаттың үйі болса қонаққа Айнұрдың үйінен бері және Асхаттың үйіне дейін шақырамыз. Осы екеуінің арасындағы көршілерді қонаққа шақырамыз,қонақтар тізіміне Айнұр мен Асхаттың үйі енбейді деп түсіндіремін.

Ал кесіндіні түсіндіргенде Айнұр мен Асхатты қосып арасындағы барлық көршілерді шақырамыз деп түсіндіремін. Жалпы сабақты жоспарлап дайындалу барысында балаға осындай тиімді, түсінікті тілде жеткізуге балама тәсілдерді қолданамын.

Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!