400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тиімді оқытудың мәні неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседа сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерден пайдалана отырып, нәтижелі және тиімді сабақтарды жоспарлау және жүргізу туралы пікір айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кембридж бағдарламасының мәні неде?


Бүгінгі білім беру саласындағы болып жатқан елеулі өзгерістер мұғалімнің үнемі өз білімін жетілдіріп баруын талап етеді. Мұғалім заманмен бірге өмір сүруі, сабақта жаңа әдіс-тәсілдерден ұтымды пайдалануы, сандық технологияларды өз пәнінде қолдана алуы ең қажетті мәселелердің бірі болып табылады. Сол орында мен өз білімімді жетілдірген ІІ-деңгей бағдарламасының мазмұны мен маңызы, мақсаты мен мүддесі туралы ой қозғасам және бұл туралы қысқаша тоқталсам.

Екінші деңгей бағдарламасының негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуына үлес қосу, коучинг жүргізу және тәлімгерлік ету арқылы әріптестерінің тәжірибесін жетілдіруге ықпал жасау, сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдер және АКТ-нан ұтымды пайдалана алумен бір қатарда көшбасшылық қасиеттерін көрсете алуына бағыттау екендігі белгілі. Сондықтан, осы мәселелерді ескере отырып, мен жұмыс барысында коучинг және тәлімгерлік арқылы әріптестерімнің кәсіби дамуына ықпал жасауды, оқытудың жеті модулінен пайдалануды және оқушылардың сабақ, тақырып мәнін терең түсінуге көмектесуді өз алдыма мақсат еттім. Енді сөз қозғалып тұрған коучинг және тәлімгерлік, оқытудың жеті модулі туралы мәлімет беріп өтсем.

Коучинг – ағылшын тіліндегі «сoaching» сөзінен алынған болып, тәлім ету, дайындау, жаттықтыру деген мағынаны береді. Коучингте коуч мұғалімдердің оқыту тәжірибелерін жақсартуға және кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіруге көмектеседі.

Тәлімгерлік – (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгермен тәлім алушы арасындағы сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Коуч және тәлімгердің түйінді рөлі – тәлім алушыларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген.

Оқытудағы жеті модуль туралы жеке-жеке тоқталсам:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Деңгейлік Бағдарлама мазмұнына терең ұңілетін болсақ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйрену» қарастырылады. Себебі олар оқытудың әлеуметтік-сындарлы теориясымен тығыз байланыста. Диалог арқылы оқыту – бұл оқушылардың мұғаліммен, оқушылармен сұхбаттасуы, өзіндік ой-пікірінің қалыптасуы және оны баяндауы болып табылады. Қалай оқу керектігі немесе метасананы үйрете отырып, оқушылардың өздігінен білім алуға жетелейміз.

  2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды өңдеу, олардың шынайылығы туралы ойлану және басқалардың ой-пікіріне күмәнмен қарау қабілетін реттеу екендігін терең түсінуіміз қажет.

  3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту барысында бағалаудың маңызы зор. Оқушының пән бойынша алған білім, түсінік және дағдысын мұғалім және оқушының өзі де бағалай алуы және бағалап баруы керек.

  4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Мұғалім өз пәні бойынша терең білімге ие болуымен бірге, оқыту әдістемесін де жете меңгеруі және сабақта АКТ-нан тиімді пайдалана алуы қажет.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Мектепте талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқыту және оларды қолдау аса маңызды мәселелердің бірі.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Білім беру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу мазмұнын құру, қажетті әдіс-тәсіл және тапсырмаларды таңдай алу мәселелері осы модульде үйреніледі.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқыту барысында мұғалім көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуі керек.


Оқушының оқу барысында өзі де қатысуы керектігін түсінетін ортаны мұғалім қалыптастырады. Сол себепті мұғалімде Шульманның «үш көмекші» деп атаған қасиеттерінің болуы маңызды. Мұнда «бас» – кәсіби түсінік болып, оқыту мен оқу, оқушылар туралы теориялық түсініктің болуы деп қаралса, ал «қол» – оқытудың тәжірибелік дағдылары, яғни, оқытуды іске асыру барысында тәжірибелік дағдының болуы деп түсініледі. Шульманның ілімі бойынша «жүрек» - кәсіби-адамгершілік тұтастық болып, мұнда ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады.


Александер мен Мерсердің диалогтік оқыту, ал Л. Выготскийдың ЖАДА ұғымын ескере отырып, жұмыс тәжірибемде әріптестерімге коучинг және тәлімгерлік жүргізу; оқушыларға біліммен тәрбие беру барысында, өз сабақтарымда оқыту мен оқудың жеті модулін кіріктіруді, аталған әдіс-тәсілдерді үнемі және тиімді қолдануға әрекет жасаудамын. Біздің №92-«Ақсу» жалпы орта мектебімізде мұғалімдердің деңгейлік бағдарламаның мәнін терең түсінуге қызығуы жоғары. Мұңы коучинг жүргізу барысында мұғалімдердің жоғары белсенділік танытып қатысуынан, білдірген жағымды ой-пікірлерінен аңғару қиын емес. Алдағы уақытта оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ой-пікірлерін ашық айтуға дағдыландыру, тақырыпты терең түсінуге бағыттау – менің өз алдыма қойған маңызды МАҚСАТТАРЫМ болып табылады.


92-«Ақсу» жалпы орта мектебінің

сертификатталған ІІ-деңгей мұғалімі

Убаева Артугай Сайрам қызы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі