Материалдар / Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар. 8 сынып . Биология
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2024
54
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы:Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.


Бөлім:

«Қозғалыс. Биофизика»

Педагогтің аты-жөні:

Налибаева

Күні:

12.02.2024ж

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты адамның қаңқа құрылысының ерекшеліктері. Тік жүруге байланысты бұлшықеттің маңызы. Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы. Адам денесіндегі иіндер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Көңіл күй» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- бірінен көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал туғызады.


Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-бірінің көңілдерін сұрау арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.




«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

презентация



Сабақтың ортасы





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.

«Мағынаны түсіну сұрақтары»әдісі

1.Адам және жануар қаңқасының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

2.Адам және приматтардың жалпы ұқсастықтары қандай?

3.Жүру үшін қандай бұлшық еттер жұмыс жасайды?

4.Қандай эволюциялық өзгерістерге байланысты адам сөйлеуді үйренген?

5.Адам және приматтардың тірек-қимыл жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

6.Тамақты отта пісіру қандай өзгерістер тудырған?

7.Тік жүру мен тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістер арасындағы байланыс қандай?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация

Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.

Тапсырма.

Биомеханика терминіне анықтама беріңіз.____________

Cуретке назар аударыңыз.

Адамның тік жүруін биомеханикамен байланыстыра түсіндіріңіз.


Бағалау критерийі:


-тік жүруге байланысты адам қозғалысының биомеханикалық ерекшеліктерін анықтайды;




Дескриптор:


-биомеханика терминіне анықтама береді – 2 балл;

-адамның тік жүруін биомеханикамен байланыстыра түсіндіреді– 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

«Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабылетін қалыптастыру;

Бағалау критерийі:


-адам және приматтардың жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерделейді;

Дескриптор:


-адам және приматтардың ұқсастықтарын сипаттайды – 2 балл;

-адам және приматтардың айырмашылықтарын атайды – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


«Ситуациялық сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;


1. Адамда табан күмбезінің қалыптасу себептері туралы пікірлерің қандай? Ол не үшін керек?

2. Адам білезігінің приматтардың білезігінен қандай айырмашылықтары бар? Мысалдар келтір.

3. Адамдарда пайда болған тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістерді приматтарға қатысты критерий бойынша жүйелеңдер?

4. S-тәрізді пішінді омыртқа жотасының рөлін бағалаңдар?

Бағалау критерийі:


-адам және приматтардың жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы мағынаны жинақтайды– 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


БЖБ (20-мин)

«Қозғалыс. Биофизика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау






Дескриптор:


-



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!