Тақырыбы: "Тіл – халықтар достығының
кепілі"
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы
туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы
өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы
халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып
жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың
бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап
мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қ. Р. мемлекеттік рәміздері,
слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық
аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты
сөздер.
Әдісі: Сайыс
түрінде.
Жүру
барысы:
Салтанатты әуен
ойналады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма, құрметті
көрермендер! «Өссе тілім, менде бірге өсемін» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы
қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу,
дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін
білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет.
Осындай мақсатпен біздің балабақша ішіндегі топтардың арасына «Тіл
– халықтар достығының кепілі» атты сайысы ұйымдастырылып отыр.
Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатынасатын әр топтың тәрбиешісі мен
тәрбиеленушісін қол соғып қошеметпен қарсы алайық.(әуенмен
сайыскерлер өз орындарына келіп отырады)
Жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр
тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.( Әнұран орындалады)
Жүргізуші:
Ана тілім - ерлігім
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл
мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен
таныстырып өтейін.
Сайыс 5 - кезеңнен тұрады. Әр
кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне байланысты 1 - 5
ұпайлармен бағаланады.
Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстыру.
1 - кезең «Таныстыру»
2 - кезең «Бәйге» (сұрақ жауап)
3 - кезең «Кім зерек»
4 - кезең «Мақал - мәтелдер» (орыс тіліне аудару)
5 - кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың
бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
1 - кезең: Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Әділқазы алқаларынан әр топтың
ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады.
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі
бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақта бар.
2 - кезең
«Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер
қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс. Әрбір дұрыс
жауап - 1 ұпай.
Қойылатын сұрақтары:
Тәрбиешіге: Балаға:
1. Қ. Р «Тіл туралы заңы» қай
жылы шықты? (1997 ж 11 - шілде)
1. Сенің атың кім?
2. Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы кім? (Ы. Алтынсарин)
2. Сенің ұлтың кім?
3. Қай қалада тұрасың?
3. 100 - жасаған ақын кім? (Жамбыл)
4. Жасың нешеде?
4. Үш кемеңгерді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
5. Тәрбиеші апайыңның аты - жөні кім?
5. Алғашқы қазақ тілінің жазбаша түрі қай тілде жазылды?(Латын
тілінде жазылды)
6. Өскенде кім болғың
келеді?
6. Тіл мерекесі нақты қай күн? (22 - қыркүйек)
7. Қандай Республикада тұрасың?
8. Қ. Р. елбасы кім?
7. Тіл мерекесіне биыл неше жыл?
(21
- жыл)
8. Қ. Р. егемендікті қай жылы алды? ( 1991 ж. 16 желтоқсан)
Жүргізуші:
Қуан халқым, күшіне енді «Тіл
заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Сайысымыздың келесі 3 - ші бөлімі
«Кім
зерек» деп аталады.
Теледидардан тақтадан жануардың суреті беріледі сол суретке қарап,
бала жануардың атын атап, және сол жануардың төлінің атын атау
керек.(баланың тапсырмасы)
Тәрбиешіге өлең жолдарынан үзінді беріледі. Ол кімнің өлеңі және
атын айту керек?
1. Абай «Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
2. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар жерде мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
3. Қ. Мырзалиев
«Ана тілің арың бұл»
«Ана тілің – арың бұл»
Ұятың боп тұр бақта.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
4. Махамбет «Мен, мен едім мен
едім»
Мен, мен едім мен едім,
Мен нарында жүргенде
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім.
5. Ы. Алтынсарин
«Кел, балалар, оқылық»
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеннің алдынан
Іздемей - ақ табылар.
6. Қ. Мырзалиев « Қазақ осы»
Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал - саңғал жауапсыз,
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
7. «Мен қазақпын» Ж. Молдағалиев
Мен қазақпын - мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Жүргізуші: 4 - бөлім: «Сөз
- мәйегі - мақал» деп аталады.
Берілген мақал - мәтелге
орысша мағыналас мақал – мәтел айту.
1. Жолдасы көптің - олжасы көп (Друзей много - шире дорога)
2. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл (Человек без
Родины, что соловей без леса)
3. Отан оттан да ыстық (Родина горячее огня)
4. Өнер алды қызыл тіл (Основа слова как выпущенная пуля)
5. Ел іші - алтын бесік (Родная земля - золотая колыбель)
6. Айна - айна емес - халық айна (Зеркало правда народ)
7. Күш білімде (Сила в знание)
8. Айтылған сөз атылған оқпен тең (Сказанное слово как выпущенная
пуля)
Жүргізуші:
Ана тілім - күшім менің
қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын - деп сайысымыздың соңғы бөліміне
де келіп жеттік. Бұл 5 -
бөлім:«Сөз тапқанға қолқа
жоқ» деп аталады. Берілген суретке
қарап сөйлем құрау.(баланың тапсырмасы)
Тәрбиешінің тапсырмасы:
1. Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын.
2. Оқу білім бұлағы.
3. Оқу - инемен құдық қазғандай.
4. Таяқ еттен өтеді - сөз сүйектен өтеді.
5. Өнер алды қызыл тіл.
6. Еңбек түбі береке.
7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
8. Дос жылатып айтады - дұшпан күлдіртіп айтады.
Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне
таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты
анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.(Әділқазы
алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды
марапаттайды)
Жүргізуші: Міне осылайша «Тіл – халықтар
достығының кепілі» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл
әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде
болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз
жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп
рахмет!