Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тіл білгірі 11-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 12.12.2015ж
Сыныбы: 11 а,б
Түрі : Сыныптан тыс жұмыс
Пән мұғалімі : Разақова М
Тақырыбы: Тіл білгірі
Мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған
білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау
қабілеттерін қалыптастыру, теориялық білімдерін практикамен
ұштастыру.
Көрнекілігі: интербелсенді
тақта
Сабақтың әдісі: сұрақ -
жауап, көрнекілік
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
ІІ. Топтармен таныстыру
- Қайырлы күн, құрметті
көрермендер, сайысқа
қатысушылар!
Өздеріңізге белгілі, қазір бізде қазақ тілі апталығы жүріп жатыр. Міне, бүгін осы апталыққа байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Тіл білгірі» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.
Бүгінгі «Тіл білгірі » атты білгірлер сайысында 11 «А» және 11 «Б» сыныптарынан құралған «Алғырлар» және « Білгірлер» топтары сіздердің алдарыңызда.
Осы сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.________________________________________________________
2.________________________________________________________
3.________________________________________________________
Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Алғашқы айналым «Бәйге»
2. Екінші айналым «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі
3. Үшінші айналым «Ескірмейтін есті сөз»
4. Төртінші айналым « Мақал – сөздің мәйегі»
5. Бесінші айналым «Жорға»
Өз тілінде сөйлеп өсті сан
ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге
сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы айналымын
бастаймыз.
Алғашқы айналым «Бәйге»
І топ: Алғырлар
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
-
Жалғаудың неше түрі бар? 4
-
Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйінін не дейміз? Тақырып
-
Сөздің түпкі бөлшегі қалай аталады? Түбір
-
Сөйлем мүшесі неше топқа бөлінеді? 2
-
Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз? Сұрақ қою арқылы
-
«Дала» сөзін III — ші жақта тәуелде? Даласы
-
Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады екен. Осы сөздер қалай аталады? Қаратпа сөз
-
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? Қатаң, ұяң, үнді.
-
Итмұрын, Әбдіқадір, тасбақа – қандай сөздер? Біріккен ІІ топ: Білгірлер
1.Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? 42
2.Түбірге жалғанатын қосымша қалай аталады? (Жұрнақ пен жалғау).
3.Жұрнақтың неше түрі бар? ( 2 )
4.Лексика қай елдің сөзі? ( гректің )
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері нешеге бөлінеді? ( 4)
7. Қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағай сөздер қандай сөздерге жатады? ( Оқшау)
8.Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм) 9. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин) 10. Басқа тілден енген сөздер (кірме) (Ұпайы төмен 1 оқушы шығады)
Екінші айналым «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі І топ: Алғырлар
-
Жырды айтушы адамды қалай атайды? Жыршы
-
Алпамыс батырдың қарындасының аты? Қарлығаш
-
Өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы қалай аталады? Аңыз әңгіме
-
«Қырғызбаев» болып аталып кеткен кім еді? Кімнің қандай шығармасы?
(«Қырғызбаев» болып аталып кеткен – Т. Рысқұлов. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» Бала Тұрар).
5.«Қарлығаш әулие» атанған бидің аты. Төле би
6.Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?
а) Мақалда қорытынды, тұжырымды түиін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады.
ә) Мәтелде ой тікелей білдірмей, тұспалдап, жанамалдап айтылады. 7.Достықтың екі түрі болады. «Бірі – адал достық та, екіншісі-амал достық» — деген сөзді кім айтып еді? (Әйтімбет шешен) 8.Жұмбақ. Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзін, 9.Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйде есеңе түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғызсырап келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді. Үзінді кімнің, қандай шығармасынан алынған? (Жетім. М. Әуезов) 10.Жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті қай малға айтылған атаулар? Жылқы атаулары
ІІ
топ: Білгірлер 1. А.Байтұрсынов қай жылы
дүниеге келді? (1873 18
қаңтар)
2. Түркі елі киелі жер, екінші
Мекке деп түсінген қала (Түркістан)
3. «Қамар сұлу» романының
авторы кім? (С.Торайғыров)
4. «Еңлік-Кебек» трагедиясы қай жылы
сахналанды? ( 1917, мамыр
)
5. Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге
келді? ( Павлодар обл,
Баянауыл ауд)
6. Жамбыл пір тұтқан
ақын (Сүйінбай)
7. Құлагер кейінгі буынның алдында еді.Мөңке екі тұманның ортасында
алдағы төрт аттылының шаңы жайылып қосылғанша ашық алаңқаймен атына
шаң қаптырмай келеді.(«Ақан сері» романы .Сәкен
Жүнісов)
8. Аңыз бойынша Асанқайғы
қайда дүние салған? (Ұлытауда)
9. «Мырқымбай» өлеңінің авторын ата?
(Б.Майлин)
10. Жігіттің «үш жұртын» ата?
(өз жұрты, нағашы жұрты, қайын
жұрты)
— Сіздер ойынға жақсы қатыстыңыздар?
Алда бұдан да биік шыңдарға жетіңдер.
Қошемет көрсетіп, шығарып салайық!
(Ұпайы төмен 1оқушы шығады)
Үшінші айналым «Ескірмейтін есті сөз»
— Бұл тур бойынша күнделікті өмірде ата-әжелерің айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кәне, кім көп біледі екен. Экраннан қандай сөз шықса, сол сөзге байланысты айтамыз. І топ: Алғырлар
От, мал, пышақ, үй, күл, жақ, бас киім. ІІ топ: Білгірлер Нан, айт, қамшы, сыпырғыш, бесік ыдыс.
-
Сіздер де жақсы ойын түрін көрсеттіңіздер. Осыншама жетістікке жеттіңіздер.
Алдағы уақытта қиындықты жеңе білулеріңе тілектеспін. (Ұпайы төмен 1 оқушы шығады)
Төртінші
айналым « Мақал – сөздің
мәйегі»
Әр командаға конверт беріледі. Оның ішінде
қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы
бар. Тапсырма: Мақалдардың жартыларын
табу.
І
топ: Алғырлар
1.Өнер алды (қызыл
тіл)
2. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел
болмас)
3. Отансыз адам ( ормансыз
бұлбұл)
4. Атаңа не қылсаң (алдыңа сол
келер)
5.Бақытсыз өмір (сөнген
көмір)
6. Отан (оттан да
ыстық)
7. Тау мен тасты су бұзады ( адамзатты сөз
бұзады)
8. Тоқсан ауыз сөздің ( тобықтай түйіні
бар)
9. Көз қорқақ (қол
батыр)
10. Көп сөз – көмір ( аз сөз – алтын
)
ІІ
топ: Білгірлер 1.Өмір-үлкен .....
(мектеп)
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)
4.. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір)
5.Ұстаздан шәкірт .... (озар)
6.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)
7......жолдастан таяғым артық (жаман)
8..Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)
9.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым) 10.
Дос ..... айтады, дұшпан
күлдіріп айтады (жылатып)
(Ұпайы төмен 2 оқушы шығады)
Бесінші
айналым «Жорға»
Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру
арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай
жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ
тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.
1-ші сайыскерге қойылатын
сұрақтар:
1.Тілдер күні (22 қыркүйек)
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астанасы (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам
(бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Қазалы)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен
Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші
Қалдаяковтың).
2-ші сайыскерге қойылатын
сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет
кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады?
(пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек
Мәлібеков).
Қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.