Материалдар / «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толу мерейтойына арналған әдеби кеш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толу мерейтойына арналған әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған мерейлі жыл әдеби кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
34851
28 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толу мерейтойына арналған әдеби кешЗалдың безендірілуі: А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мысал өлеңдері,мына эпиграф жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. Әбіш Кекілбаев Кештің барысы:Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар! Білім құмар өсер ұрпақ! Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған мерейлі жыл. Оған қоса Елімізде әр жылы тойланатын 22 қыркүйек «Тіл мерекесі» күні.Мерекелеріңіз құтты болсын! Біз осы қос мерекеге орай, бүгін әдеби кеш оздырғалы отырмыз. Сіздерден кешке белсене қатысып, жақсы өтуіне ат салысуларың сұралады. Ендеше кешімізді ашық деп жариялаймын.Көркемсөз оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым; Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. А. БайтұрсыновМұғалім: А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да еңбек етті.Оның “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы… Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Өмірбаяншы : Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

Көркемсөз оқушы: Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса, Сап- сары аяқтары ұзын маса, Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Өмірбаяншы : А. Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Торғай қаласында, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылуға әкеп соғады. Ахметтің әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақытта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: “Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.Өмірбаяншы : Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.Өмірбаяншы : 1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көредіКөркемсөз оқушы: Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет Байтұрсынов:

… Я, құдайым! Аққа жақ! Өзіңе аян- мен нақақ. Мені ұстатып, айдатып, Зығырданды қайнатып, Масайрасып, мәз болып, Қуанғанды өзің тап!…-

деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың дұшпанын жазалауды арман тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын нұрлы етуді жалынып сұрап былай деген еді: …Аз күндікке алданып, Аз нәрсеге жалданып, Адасқанын алаштың Түзу жолға түсір, хақ!

Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани көсемі, міне, осындай “тілек батасын” айтқан болатын. Өмірбаяншы : Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй кешеді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінеді. Көркемсөз оқушы: Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: “Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр… Падрес апа жылап отыр екен… Содан соң: “Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті қара машинаға салып. “Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: “О дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр… Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді…” Өмірбаяншы : 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

Асықпаңдар! Артымызда қазы бар, Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…- деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.

… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-

деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.
А. Байтұрсыновтың Өлеңдері: «Жұртыма», «Қазақ қалпы», «Туған тілім», «Көк есектерге», «Ау қазақ», «Тілек батам», «Екі шыбын»,. «Туысыма»,«Досыма хат», «Қазақ қалпы», Жұртыма», «Ақын ініме», Анама хат».Мысалдары: “Аққу, Шортан һәм Шаян”,“Қарға мен түлкі”,“Өгіз бен бақа”,“Есек пен Бұлбұл”,Жинақтары: «Қырық мысал», «Маса»Кітаптары: «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» кітаптарының ішінде тіл білімінің терминдері, кәсіптік терминдер, әдебиеттану терминдері бар.





Мұғалім: Оқушылыра сіздердің алган білімдеріңді, мәліметтеріңді бекіту мақсатында тапсырмалар әзірленді.Олар мына үстелдің үстіндегі конверттерге салынған. Балалар оларды кезекпен алады, ал ішіндегі тапсырмаларды жүргізуші оқиды.

“Ақындар шықты сайысқа…“ Ахмет атаның өзіңе ұнайтын мысал өлеңін оқып бер. (Мысал өлеңдері қағазда жазылып, ілініп турады)

“Білгірлер” байқауыБалалар мына сөзжұмбақты шешуі керек. Осы сөзжұмбақты дұрыс шешкенде А. Байтұрсынов талантының бір қыры ашылады.

К


Ө

т

қаЗ





ыш

ақІ

қ

ры

рқЛБа

нмм
ауДАрмашы
с

ІҚғо

ыс
у

РАай

қы


І



н



қ


К



А











қ





Сұрақтар: 1.Ілгері жылжымайтын, талап ойлап талпынбайтын жұртты ақын қандай суға теңейді?2.Жегіліп жүк тартқан кейіпкерлердің бірі.3.Көзі нашар көріп, қартайған Маймылдың сатып алған құралы.4.“Өгіздей болам” деп суды іше беріп қарны жарылып өлген кейіпкер?5.Түлкінің мақтағанына алданып ірімшігінен айрылып қалған кейіпкер?6.“Төрткөзбен” дос болып, серт айтысқан төбеттің аты.6Тамағына сүйек тұрып қалып қиналған қасқырға кім көмек көрсетеді?7.Көгершінді табалап отырып өзі торға түсіп қалған кім?8.Аңшылардан қашып ауылды сағалаған қасқыр кімнен ақыл сұрайды?

“СандықшаЖүргізуші: Мына сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?Балалар: АйнаЖүргізуші: Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.Балалар: КөзілдірікЖүргізуші: Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.Балалар: Әмиян

Тақырыптық бөлімдерге арналған сұрақтарАхметтің ақындығы

1.А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)

Я құдайым! Аққа жақ! Өзіңе аян- мен нақақ. Аққа деген жолымның Абыройын ашпай, жап!

Бұл шумақтар қай өлеңнен алынған? (“Тілек- батам”) 2. Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат” өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға?(Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)

3. Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы? (“Ер Сайын” жыры)4.“Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді? (Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді) 5.А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?(Міржақып Дулатовқа арналған)

Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген? (1873 жылы)2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған? (Орынбор)3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған? (“Қазақ” газеті)4.А. Байтұрсынов ең алғаш сауат ашқан оқу орны? (Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ училищесі)

5.Сібірге айдалып кетіп бара жатқан әкесі Ахметке қандай өсиет айтады?(…қандай қиыншылық көрсең де, аш болсаң да, қандай қорлық көрсең де- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын,- деген)

6.Ахмет Байтұрсыновтың балалары бар ма? (Өз балалары болмаған. Туған інілері- Қали, Кәкіш, Мәкендердің екі ұл, екі қызын бауырларына салады. Олар: Шолпан, Кәтез, Аумат, Қазихан. 7.Ахмет Байтұрсыновтың ардақты есімі қай жылы ақталды? (1988 жылы 4 қарашада)7.1917-1919 ж. А. Байтұрсынов рухани көсемдерінің бірі болған партия қалай аталды? (“Алашпартиясы)

Аудармалары

1. А. Байтұрсыновтың аудармалар жинағы қалай аталады? (“Қырық мысал”)

2. А. Байтұрсынов аудармаларының И. А. Крылов аудармаларынан ерекшелігі неде?(Қазақ оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, ғибрат сөзді ақын өз жанынан қосады)

3. Өкініп өткен іске Ат келеді: “Мен қате еткем екен ғой, аһ!”- деді

Ат пен есек” мысалындағы ат неге сонша өкініп келеді? ( “Біраз жүкті ауыстырып ал” деген есектің сөзіне ат құлақ аспай жүре береді. Ақыры, есек зорығып өледі де, оның бар жүгін атқа салады)

4. Шошқаға сол уақытта сөз айтады Ағаштың басындағы құзғын көріп:Тамырын қазып, аршып тастаған соң, Қалмай ма … қурап, кеуіп, семіп?”

Бұл мысалда қай ағаш туралы айтылады? Емен»)

5. Бұл сөзге жәбірленіп Бұлбұл қатты, Сөз тыңдап онан әрі тұра алмапты.Есекке сынатпасын құдайым”,- деп, Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.

Есек Бұ
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!