Материалдар / Тіл дамыту "Музыкалық ойыншықтар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл дамыту "Музыкалық ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2681
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

23 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта.

Тәрбиешінің аты-жөні: Тасқараева А.Т 15.02.2017 ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар» (сипаттау, әңгіме құрастыру)

Мақсаты:

Білімділік: Ойыншықтар туралы 2-3 сөйлем құрастыруға үйретуді жалғастыру. Таныс ойыншықтарды, олардың сапасы мен белгілері (түсі мен көлемі, дыбысы) арқылы ажыратуға үйрету(мысалы: сыбызғы гуілдейді, қоңырау сыңғырлайды, дауылпаз дүңгірлейді).

Дамытушылық: Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс анық айтуды үйрету, бекіту.

Тәрбиелік: Музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру. Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: №23 демонстрациялық материалдар (сыбызғы, дауылпаз, қоңырау суреттері).

Сөздік жұмыс: сыбызғы, дауылпаз, қоңырау.

Қостілділік: сыбызғы-дудка, дауылпаз-барабан, қоңыпау-колокольчик.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!


Өлең жолдарын хормен қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

23 демонстрациялық материалды қолдану.

-Балалар, мына сутте түрлі музыкалық аспаптар көрсетілген, олар түрлі дыбыс шығарады екен.

-Мынау-сыбызғы. Бұл-музыкалық аспап. Ол-дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше. Түтікшені үрлейді, сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.

-Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.

-Балалар, дауылпаз-бұл да музыкалық аспап, ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.

-Мынау-қоңырау. Қолға ұстайтын айна тәрізді, көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.

Қостілділік: сыбызғы-дудка, дауылпаз-барабан, қоңырау-колокольчик.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

«Шапшаң-шапшаң» дидактикалық ойыны.

Балалар шеңберге тұрады.

Тәрбиеші қоңырауды көрсеткенде балалар жүгіреді.

Тәрбиеші дауылпазды көрсекткенде бір орында тұрып, аяқтарын тарсылдатады. Тәрбиеші сыбызғыны көрсеткенде, балалар сыбызғы тартқандай болады.





Суретке қарайды,жауап береді.


Тәрбиешінің көмегімен «сыбызғы» сөзін бірнеше рет қайталайды.

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

«Дауылпаз» сөзін айтады.

«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

«Қоңырау» сөзін қайталайды.




Балалар қайталайды:

Сыбызғ-дудка, дауылпаз-барабан, қоңырау-колокольчик.


Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.


Шеңбер бойымен жүгіреді.

Аяқтарын тарсылдатады.


Қолдарымен қимылдар көрсетеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан бүгін қандай музыкалық аспаптармен танысқандарын сұрау.

-Сыбызғының дыбысы қандай екен?

-Дауылпаздың дыбысы қандай екен?

-Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

-Музыкалық аспаптар сендерге ұнады ма?

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

-«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

-Сыңғырлайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша музыкалық аспапты сипаттауға арналған тапсырманы

Игереді: муз аспаптардың атында кздесктін дыбысты дұрыс,анық айтуды,

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!