Материалдар / Тіл дыбыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл дыбыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
ннннннннннннннннннннннннннннннннннллллллллллллллллллллллллшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшгггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггггщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщщлллллллллллллллллллллллллллллллллщщщщщщщщщщщщщщщщщ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1797
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары ( Фонетика )
Сабақтың мақсаты:

1) Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы, дыбыстау мүшелері туралы жалпы түсінік беру.


2) Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.


3) Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
Оқу - құралдарын тексеру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару:


ІІ.Үй тапсырмасына оқушылардың даярлығын тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Кестені жатқа сұрау

2. Мысалдарды орындату

ІҮ.Жаңа сабаққа даярлық
Ү.Жаңа сабақ
Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді?
Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

Фонетика-(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы-дыбыс,үн, дауыс.Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін,әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар , саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту.( слайд арқылы түсіндіру): тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұран қуысы мен иек, жақ жатады.
Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Үн- өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр-өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
“Әліпби” сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі –алив пен би атауларының бірігуінен жасалған.
Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Әліпбидегі көрсетілген таңбалар - әріптер. Әріп-дыбыстың жазудағы таңбасы.
Әзіл жұмбақ
Фонетикалық екі ұғым
Бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі – айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)

Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,
Жалпы қарауындағы әріптері
Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)

Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді
Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)


ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру

Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?

1.і, м, б, л, і (білім)
2.к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т(керемет,ұстаз)
к, т, е, м, е, т, е
а, л, а, д(текемет,дала)

3.Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау

4.Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да –бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс (қазақ,қаз,ақ)
ҮІІ.Сабақты бекіту
Фонетика нені зертейді?
Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
Кілем,жаз, әдемі сөздеріне дыбыстық талдау жасау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!