Материалдар / Тіл-халықтың рухы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл-халықтың рухы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2021
547
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл-халықтың рухы»



Анамыздың ақ сүтімен бойымызға 

Дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл 

Ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                         Б.Момышұлы


- Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, талымы мен тәрбиесінің егізі, қатынас құралы, тіл болмаса сөз болмайды сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі әрине демек тілдің сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін міндет. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл - халықтың рухы, тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуінің себебі тілді жоғалтудан басталғанын ғылымдар дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәлік етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Біржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс соның айғағы.

Білім беру саласында жүргізіліп отырған реформаның бір өзекті саласы- тіл мәселесі туралы бұрынғы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігерін жұмсауымыз керек» деген. Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық тілдің, мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет алдында, озық дәстүрлерге сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Мемлекеттік тілді меңгеру- кез келген Қазақстан азаматының міндеті.Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу- біздің парызымыз. Бүгінгі күні тіл мәселесі тек рухани құбылыс емес, геосаяси маңызы бар факторға айналды.Бұл тұрғыда, біздің мемлекетіміз, Елбасымыз бұл мәселеге салмақпен қарап, байыпты саясат жүргізіп отырғанын атап өту қажет-ақ.


Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде дамуы оны мекендеген ұлттардың мәдениетінің тілдерінің қайта жаңғыруымен қатар жүруінің символикалық мәні зор. Бұл жай ғана үндестік емес, республикадағы тілдік ортаның бай әлеуетін сақтауды мақсат етіп қойған мемлекеттік саясаттың жемісі.

Елімізде тіл саясатына қаншалықты көңіл бөлініп отырғаны баршаға мәлім. Бұл – Елбасының өзінің назарында тұрған мәселе.Өйткені тіл дегеніміз – баршаны қамтитын, күрделі де терең ұғым. Ол жай ғана байланыс құралы ғана емес. Бұл – ұлттық сананың, болмыстың негізі, халықтың рухани қуатының темірқазығы, патриоттық тәрбиенің аса маңызды құралы. Ұлттық рухын жоғалтқан ел – өзін жоғалтқан ел. Экономикалық және қаржылық әлумет, табиғи байлықтар, технологиялар, жарақтанған армия – бұның барлығы да ресурс қана. Ал шын мәнінде халықтың игілігіне жарату үшін оларды жасап, іске асыратын адамдар өзінің елімен, жерімен рухани байланыста болуы шарт. Міне, осындай сезімді қалыптастыратын да – тіл.

Мемлекеттік тілді сақтап, дамыту, сындарлы тіл саясатын жүргізу, сайып келгенде, ұлттық қауіпсіздіктің, мемлекеттің тұрақтылығының бір кепілі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда тіл мәселесіне мемлекет тарапынан басым көңіл бөлініп келеді. Президентіміздің Жолдауларындағы маңызды тұстарының бірі де – тіл. Сол бағыт Елбасының кейінгі елге арнаған сөздерінде де өз жалғасын тауып отыр.

Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруде де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі – оның ана тілі. Мемлекеттік тілдің басты қызметтері ретінде оқу тілі, оқыту тілі, ғылым тілі, іс-қағаздар тілі, газет-журналдар тілі, театр тілі, әдебиет тілі, ауызекі сөйлеу тілі т.б. тілдерді айтуға болады.

Өзін қазақ халқының өкілімін немесе осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек. Өз Отанының азаматы болу деген сол жер үшін аянбай еңбек етіп, оның ауыртпалығына төзу деген сөз- Республикамыздың экономикасын көтеру, өнеркәсібін, ғылымын, техникасын, мәдениетін арттыру деген сөз. Кез келген халықтың өз тілі болады. Сол себептен ғалымдар: «Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, тіл бар жерде халық бар»-дейді.Тілді, сол тілдің иесі- халықты сыйлау үшін көп нәрсе керек емес. Ол үшін ең алдымен сол халықтың тілінде сөйлеу керек, сол тілде оқып, сол тілде жазу керек.

Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да қоғам иелерін тәрбиелейтін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы зор.

Тіл- адам болмысының айнасы.

Ж. Аймауытов бұдан 70-80 жыл бұрын «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан- тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі» деген болатын.

Мемлекеттік тілдің алдында тұрған маңызды мәселелерінің бірі – оның жаңа әлеуметтік – мәдени болмысты бейнелеудегі мүмкіндіктерін кеңейтудің қажеттілігі болып отыр.

Бүгінгі ана тілімізде оқытуға күш салсақ, оның қанат жайып, гүлденіп кетуі туралы дау тумаса керек.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

Ұлттық тіл және тәуелсіздік- бір-бірімен мазмұндас, мақсаттас ұғымдар.

Тәуелсіздік-ұлттық қасиетті қадірлеуден, дәріптеуден басталса керек. Өз қадір қасиетін білмеген ұлт басқа ұлттарға да, ұлыстарға да қадірсіз. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,  ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету  тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп,  мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, қазақ халқының тілі бай, әрі көркем тіл екендігіне ешқандай да дау тумаса керек. Бұл тілде сөйлейтін қазақ халқы осынау сахара, сардалада көнезаманнан бері өмір сүріп, тіршілік жасап, осы тіл арқылы өмірлік қатынас жасап келеді.Ана тілі халқымыздың қоғамдағы қатынас тілі болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге жан семіртер жан азығана айналды. Тілге құрмет – қазаққа, елге құрмет екенін естен шығармайық. Ана тіліміздің асылын ардақтап, қадірлей білсек ата-бабалар рухына адалдығымыз емес пе?! Тіл –халықтың, рухы мен намысы. Оның әлемдегі тілдер арасынан ойып тұрып орын алуы – баршамыздың арманымыз. Ең бастысы, қазіргі жаһандану кезінде ана тіліміздің жойылып, жұтылып кетпеуі үшін күресуіміз керек. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн».

Сөз соңында айтарым, ұлттың ұлылығы ұлттық құндылықтарымызда десек, оның ең қастерлісі – тіл екенін әркім жеке сезінсе екен деймін





Орындаған: МД-42қб тобының студенті Жуманкелді Айгерім

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!